"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
11-бабына
сәйкес Төлеби аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ
және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданында жаңа ауылдық округі құрылсын, құрамына Киелітас, Достық, Ақайдар, Сұлтанрабат елді мекендері қосылып, әкімшілік орталығы Достық ауылы болып белгіленсін.
2. Жаңадан құрылған ауылдық округіне Киелітас атауы берілсін.
3. Төлеби ауданының Киелітас, Достық, Ақайдар және Сұлтанрабат елді мекендерінің жері Қазығұрт ауылдық округінің құрамынан шығарылып, оның шекаралары өзгертілсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы