Төлеби ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 6/88-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 111 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 сәуірде N 1981 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Төлеби аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Төлеби ауданында жаңа ауылдық округі құрылсын, құрамына Киелітас, Достық, Ақайдар, Сұлтанрабат елді мекендері қосылып, әкімшілік орталығы Достық ауылы болып белгіленсін.
      2. Жаңадан құрылған ауылдық округіне Киелітас атауы берілсін.
      3. Төлеби ауданының Киелітас, Достық, Ақайдар және Сұлтанрабат елді мекендерінің жері Қазығұрт ауылдық округінің құрамынан шығарылып, оның шекаралары өзгертілсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады