"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Қазыбек би ауылдық округінің жалпы көлемі 16,85 гектар жер бөлігінің қосылуымен Жетісай қаласының және Мақтаарал ауданының Қазыбек би ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы