Жетісай қаласының және Мақтаарал ауданының Қазыбек би ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 6/89-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 112 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 сәуірде N 1982 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Қазыбек би ауылдық округінің жалпы көлемі 16,85 гектар жер бөлігінің қосылуымен Жетісай қаласының және Мақтаарал ауданының Қазыбек би ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады