Қолдану мерзімі аяқталған - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 10/281 хатымен.
Қазақстан Республикасы Орман Кодексіне сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 03/999 хатына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңінде жеке тұлғалардың облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынуы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Ә. Әбішевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н.Әшімов
Облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Әбішев
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары У.Қайназаров
Облыс әкімінің орынбасары Е.Садуақасова
Облыс әкімінің орынбасары М.Тұрмағамбетов
Облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы А. Бекетова
Облыстық қаржы басқармасының
бастығы Ы.Шалабаев
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы«"14"»шілдедегі№N 216
қаулысына қосымша
Өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салынған облыстық мемлекеттік орман қоры учаскелерінің тізбесі
р/с |
Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің атауы |
Орманшылықтардың атауы,
|
Алаңы,
|
1 |
Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
Байырқұм орманшылығы, 1, 2, 5, 8, 9, 40, 42 орамдары |
1523 |
Тақыркөл орманшылығы, 1, 2, 9, 19, 24 орамдары |
680 |
||
2 |
Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
Балтакөл орманшылығы, 1, 6, 12, 36, 38, 50 орамдары |
995,8 |
Отырар орманшылығы, орамдары 66, 95, 103, 111, 117, 123, 125, 136, 143, 165, 168 |
1456,1 |
||
Шәуілдір орманшылығы 43, 48, 62, 67, 96, 101, 105, 295 орамдары |
1031,7 |
||
3 |
Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
Қызылшаруа орманшылығы, 4-8 орамдары |
839 |
Қаратау орманшылығы, 29-38, 52-58, 61-63, 74, 75, 81-85, 88-93, 95-110 орамдары |
20350 |
||
4 |
Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
Арнасай орманшылығы, 376, 378-399, 402 орамдары |
4214 |
Сүткент орманшылығ, 88, 97-113, 87а, 97а, 98а, 109а-113а, 301-353 орамдары |
27870 |
||
Шардара орманшылығы, 125а, 126а, 135а-138а, 146а-159а, 354-375, 377, 401 орамдары |
13735 |