"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының
11-бабына
сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ
және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТТІ
:
1.Сарыағаш қаласының әкімшілік шекарасына Дарбаза ауылдық округінің жалпы көлемі 265,0 гектар, Тегісшіл ауылдық округінің жалпы көлемі 200,0 гектар және бұрынғы Қабланбек оқу-тәжірибе шаруашылығының жалпы көлемі 496,0 гектар, барлығы 961,0 гектар жер бөлігінің қосылуымен Сарыағаш қаласының, Сарыағаш ауданының Дарбаза және Тегісшіл ауыл округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2.Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрайымы Р. Оспаналиева
Облыстық мәслихаттың Ә. Досболов
хатшысы
Облыс әкімі Н. Әшімов