Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 122-бабына , "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68 және 69-бабтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының 2008 жылғы 20 маусымдағы № 9 хатына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы аумағында орналасқан Ақдала, Жамбыл, Задария, Темір (ботаникалық) және Боралдай (кешенді) мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 21.02.2022 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И. Ә. Әбішевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әшімов |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары | И. Әбішев |
Келісілді:
Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы
бастығының міндетін атқарушы А-Б. Қыстаубаев
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б. Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары У. Қайназаров
Облыс әкімінің орынбасары Е. Сәдуақасова
Облыс әкімінің орынбасары М. Тұрмағамбетов
Облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының бастығы А. Бекетова
Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ы. Шалабаев
Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 362 қаулысына қосымша |
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер
Атауы | Шектеу түрлері | Пайдалануға тиым салынатын мерзімі |
1. Ақдала, Жамбыл, Задария және Темір мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалдары |
Мал жаюға |
Қазан-қараша жыл сайын |