Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасы негізінде, 2006 жылғы 24 наурыздағы N 2713 "Үлбі" зейнеткерлерге арналған қалалық аумақтық дәрігерлік-әлеуметтік орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне қайта аталуы және Жарғыны жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулыға сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1403 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 4 қазанда "Рудный Алтай", "Дидар" газеттерінде жарияланған қаулыға келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген қаулының атауында, Ереже мен мәтіндегі "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығы" сөздері "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" деген сөздерімен ауыстырылсын;
Ереже мәтініндегі "Халықты әлеуметтік қорғау басқармасы", "халықты әлеуметтік қорғау басқармасында", сөздері "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі", "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында" сөздерімен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы "15" саны "20" санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Аязбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен кейін енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ш. Бұқтұғұтов |