Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.
Ескерту. Атауында, Ереже мен мәтіндегі "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығы" сөздері "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" деген сөздермен ауыстырылған - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 8852 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, сонымен қатар жалғызбасты немесе жалғыз тұратын зейнеткерлерді, мүгедектерді және аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларының кемтар балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2002 жылдың 11 ақпанындағы N 250 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Өскемен қаласының әкімі
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 11 қыркүйектегі
N 2072 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 11 қыркүйектегі
N 2072 қаулысына қосымша
Ескерту. Ереже мәтініне өзгерту енгізілді Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 8852 қаулысымен.
"Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық
орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының күндіз келу бөлімі жалғызбасты немесе жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің, сонымен қатар аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларының кемтар балаларының денсаулықтарын жақсарту және сауықтыру шараларымен айналысады.
2. "Үлбі" орталығы тыныс алу органдарының, жүрек-қан тамырларының, ас қорыту-ішек қарын, лор патологиясы, жүйке, омыртқа-қозғалыс жүйелері аурулары және басқа ауру түрлерімен зардап шегіп жүрген адамдардың денсаулығын жақсартумен айналысады.
3. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі баруға әзірленген кестеге сәйкес "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына ай сайын зейнеткерлерді, мүгедектерді, болмаса мүгедек балаларды ата-анасының біреуімен әлеуметтік, психологиялық және дәрігерлік сауықтыру үшін 30 тегін жолдама ұсынады.
4. Топтарды жинақтаумен және денсаулықты жақсарту шараларының жолдамаларын бөлумен Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында құрылған жұмысшы тобы айналысады.
5. Денсаулықты жақсарту шараларының жолдамалары төмендегі негізінде ұсынылады:
1) жазбаша өтініш;
2) отбасылық дәрігерден анықтама, амбулаториялық парақша;
3) тұрғылықты жерінен анықтама;
4) отбасының әлеуметтік парақшасы.
6. "Үлбі" орталығына жолдамалар бір тұлғаға екі жылда бір рет беріледі.
7. Тегін жолдама алуға құқылы:
1) жалғыз басты немесе жалғыз тұратын қала кәсіпорындарымен байланыста жоқ, зейнетақы мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің 20 есе мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және мүгедектер; <*>
Ескерту. Ереже мәтініне өзгерту енгізілді Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 8852 қаулысымен.
2) аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалары ата-анасының біреуінің ертіп жүруімен;
3) зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға 10 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері. <*>
Ескерту. II бөлімге өзгерту енгізілді Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 660 қаулысымен. 7 тармақ жаңа редакцияда - ШҚО Өскемен қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 2406 қаулысымен.
8. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Үлбі" орталығына денсаулықты жақсарту және сауықтыру шаралары үшін бару топтарын жинақтауға жауапты.
9. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы зейнеткерлерді және кемтар балаларды сауықтыруға және емдеуге берілген жолдамаларға есеп жүргізуді жүзеге асырады.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының жетекшісі