Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының, 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес, ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі Тізбе) анықталсын.
2. Тізбе Семей қаласының мәслихатына келісуге ұсынылсын.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға қолданылады.
Семей қаласының әкімі | М. Айнабеков |
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1516 қаулысына 1 Қосымша |
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Семей қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін
лауазымдық жалақыларына арттыру белгіленген білім беру
мамандары лауазымдарының
Тізбесі
1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшы орынбасары, оның ішінде: директор; оқу жұмысы жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейіндік жұмысы жөніндегі, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары; интернат, кітапхана, көпшілік бөлім, әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.2. Педагог қызметкер және оларға теңестірілген адамдар: мұғалімдер; психолог-педагог, қосымша білім беру педагогтері, ұйымдастырушы-педагог; әлеуметтік педагог; бастапқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы–оқытушы; суда жүзу жөніндегі, спорт жөніндегі нұсқаушы; аға бастаушы (вожатый); тәрбиеші.
3. Мамандар, оның ішінде: кітапханашы; бас бухгалтер, бухгалтер, экономист; зертханашы; өндірістік оқыту шебері; дәрігер; медицина бике, диетикалық бике; менеджер; әдіскер; аудармашы; психолог; оқытушы; үйірме жетекшісі; жаттықтырушы; хореограф; хормейстер;
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1516 қаулысына 2 Қосымша |
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Семей қаласының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс
істегені үшін лауазымдық жалақыларына арттыру белгілерін беру, мәдениет
мамандарының лауазымдарының
тізбесі
1. Мемлекеттік және қазыналық мекемелерінің басшылары және басшыларының орынбасары, бөлімшелердегі бөлім меңгерушілері.2. Мамандар, оның ішінде: артист, сүйемелдеуші, балетмейстер, кітапханашы, библиограф, мәдени ұйымдастырушы, концертмейстер, музыка басқарушысы, әдіскер, би үйретуші, хор басқарушы, суретші, режиссер, көркемдік жетекші, әкімшіліктер, бас бухгалтер, бухгалтер, суретші-қоюшы.