РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Семей қаласының мәслихатына азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі келісу үшін ұсынылсын.
3. "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1516 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-101 тіркелген, 2009 жылғы 21 қаңтарда "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | А. Кәрімов |
Семей қаласы әкімдігінің "25" ақпандағы 2015 жылғы № 288 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1. Білім саласындағы қызметкерлердің лауазымдары:1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшы орынбасары, оның ішінде: директор, оқу жұмысы жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейіндік жұмысы жөніндегі, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, интернат, кітапхана, көпшілік бөлім, әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
2) педагог қызметкер және оларға теңестірілген адамдар: мұғалімдер, психолог-педагог, қосымша білім беру педагогтары, ұйымдастырушы-педагог, әлеуметтік педагог, бастапқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы-оқытушы, суда жүзу жөніндегі, спорт жөніндегі нұсқаушы; аға бастаушы (вожатый), тәрбиеші;
3) Мамандар, оның ішінде: кітапханашы; бас бухгалтер, бухгалтер, экономист, зертханашы, өндірістік оқыту шебері, дәрігер, медициналық бике, емдәм бикесі, менеджер, әдіскер, аудармашы, психолог, оқытушы, үйірме жетекшісі, жаттықтырушы, хореограф, хормейстер.
2. Мәдениет саласындағы қызметкерлердің лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшы орынбасары, оның ішінде: бөлімдердің, филиалдардың меңгерушілері;
2) мамандар, оның iшiнде: әртістер, аккомпаниаторлар, балетмейстерлер, кітапханашылар, библиограф, мәдени ұйымдастырушылар, концертмейстерлер, музыкалық жетекшілер, әдіскерлер, хореографтар, хормейстрлер, суретшілер, режиссерлар, көркемдік жетекшілер, әкімшілер, бас бухгалтер, бухгалтер, қоюшы-суретші.