Курчатов қаласында ит пен мысықтарды ұстау Қағидалары туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 7/58-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 мамырда N 5-3-56 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдедегі N 6/45-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012.07.16 N 6/45-V шешімімен.
      
      Ескерту.Атауға өзгерту енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      
      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 310311387 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Курчатов қаласында жануарларды ұстау, ит пен мысықтарды серуендету Қағидалары қосымшаға сай бекітілсін.
      2. «Курчатов қаласында хайуандарды ұстау ережелері туралы» үшінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/51-ІІІ шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 08 ақпанда 2170 нөмірімен тіркелген,«Дидар» газетінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 32, «Рудный Алтай» газетінің 2005 жылғы 26 наурыздағы № 45-46 нөмірлерінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                              Г. КОНДРАТЕНКО
      
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы                          Ш. ТӨЛЕУТАЕВ

      
Курчатов қалалық мәслихаты
7 сессиясының
2008 жылғы 15 сәуірдегі
№ 7/58-IV шешіміне
қосымша

      
Курчатов қаласында ит пен мысықтарды ұстау
ҚАҒИДАЛАРЫ
 

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      Курчатов қаласында ит пен мысықтарды ұстау Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңдарына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-ІІ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі мен басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген, жалпы адам мен жануарларға тән аурулардан халықты қорғауға бағытталған.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Курчатов қаласында ит мен мысықтарды ұстау және қолдану талаптарын реттеп, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарларды қарау саласы қаланың саяси негізін түзеуге бағытталған.
      Ескерту.1-тармаққа өзгерту енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      2. Осы Қағидалардың талаптары барлық жеке және заңды тұлғаларға, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, жануарлар иелеріне қатысты.
      3. алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен.

2. Жануарларды тіркеу тәртіптері

      4. Жануарларды тіркеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
      Жануарларды ұстаудың міндетті шарттары:
      1) ветеринарлық - санитарлық, санитарлық - тазалық ережесі мен нормасын сақтау;
      2) қаланың ветеринарлық клиникасында 1-3 айлық жасынан бастап диагностикалық тексеру мен паразиттік ауруларға қарсы домдауға, аса жұқпалы инфекциялық ауруларына қарсы вакцинациялау, тіркеу жыл сайын қайта тіркелуге тиіс. Жаңадан иелікке алынған жануарлар міндетті түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелуі керек.
      5. Жануарларды сату мен қаладан шығару тек Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі мамандары (бұдан әрі - ҚР АШМ АӨК МИК Курчатов қалалық аумақтық инспекциясы) төл құжат негізінде, белгіленген үлгідегі вакцинация мен дегельминтизация мерзімдері көрсетілген ветеринарлық құжат хатталғанда ғана рұқсат етіледі.

3. Жануарларды ұстау

      6. Жануарлар иелеріне рұқсат етіледі:
      1) тұрғын үй жайларында жануарларды ұстау, оның ішінде туыстық қатысы жоқ екі не одан да көп жанұя тұратын пәтерлерде, көршісінің медициналық теріс көрсеткіші болмаған жағдайда, олардың келісімімен, бекітілген ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтағанда;
      2) иттерді жеке жер үйлерде ұстау тек аумағы жақсы қоршалған болса және міндетті түрде кірер есікте иттің бар екендігі туралы ескертпе жазу болғанда;
      3) иттер мен мысықтарды және басқа жануарларды ұстау «хайуанаттар бұрышы», «тірі бұрышытарда» балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерде,санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсаты болғанда;
      4) мекемелер мен ұйымдардың күзет иттерін тек байлауда немесе тор қоршауларда ұстауға;
      5) алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен
      6) алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен.

4. Жануарларды серуендету тәртіптері

      7. Серуендету кезінде иттер мен мысықтардың иелері келесі талаптарды сақтауға міндетті:
      1) иттерді серуендеуге қарғы баумен шығаруға рұқсат етіледі, қарғы баудың ұзындығы жануардың жүріс-тұрысын бақылайтындай болуы керек; адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін иттерге тұмылдырық кигізілуі тиіс;
      2) ит иесімен бірге тыйым салынатын жазулары «жануармен кіруге тыйым салынған» жоқ мекемелерге поштаға,азық-түлік емес дүкендерге қысқа тізгінде не тұмылдырықта кіруге рұқсат етіледі;
      3) иттер мен мысықтарды қала көліктерінде тасмалдау жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда болса рұқсат етіледі, егер тек жануарлар тұмылдырықта не арнайы торлар мен сөмкелерде болса;
      4) жануар иелері шектеулі уақытқа иттерін қысқа тізгінде дүкен не басқа мекеме маңына қалдыруға құқығы бар(үлкен иттерде тұмылдырық).
      Ескерту.7-тармаққа өзгерту енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      8. Жануар иелеріне тыйым салынады:
      1) жануарларды балалар аулалары алаңдарында, балалардың мектепте дейінгі мекемелерінде, мектеп пен оқу мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, спорт алаңдарында,саябақтарда, су құбырлары мен қала жағажайларында серуендетуге;
      2) алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен.
      3) жануарларды қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен азық-түлік сататын дүкендері жайларында ұстауға және әкелуге;
      4) жануарларды көпшілік қолданатын жерлерде: подъездерде, шатыр мен баспалдақ торларында, жер төлелерде, жатақхана дәліздерінде ұстауға;
      5) Курчатов қаласының аумағында ит ұрыстарын өткізуге;
      6) жануарлар күшіктерін белгіленбеген жерлерде және ветеринарлық құжаттарынсыз(ветеринарлық төл құжат, күшік картасы, тұқымының сертификаты) сатуға;
      7) жануарлардың өлекселерін лақтыруға және өз бетінше жерлеуге;
      8) алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен.

5. Жануарлар иелерінің құқықтары

      9. Тіркелген жануарлар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік заңмен қорғалады.
      10. Жануар тек иесінен соттың шешімімен немесе Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамасында қаралған жағдайларда ғана алынады.

6. Жануарлар иелерінің міндеттері

      11. Жануарлар иелері төменде аталған талаптарды орындауға міндетті:
      1) жануарларды ұстауға, өсіруге және де тасмалдауға байланысты орналастыру, құрылыс салу, қайта құру мен мемлекеттік ветеринарлық бақылау объектілерді қолдануды енгізгенде зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарды сақтауға;
      2) мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарына сатып алынған, төлден алынған жануарларды, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
      3) ветеринарлық мамандардың талабы бойынша диагностикалық тексеру мен вакцинациялауды жүргізу үшін жануарларды әкелуге;
      4) кенет жұт болған, бірнеше жануарлардың бір мезгілде аурған жағдайдаларында немесе оғаш мінез құлықтар көрсеткен жағдайда ветеринарлық мамандарына хабарлап, олар келгенше ауыруға күдікті жануарларды оқшаулау шарасын қолдануға;
      5) үнемі алдын аулу мақсатында жануарларға дегельминтизация, мал жайларына дератизация, дезинфекция, дезинсекция жүргізуге.
      12. Жануар иелерінің міндетті:
      1) жануарларға адамгершілікпен қарауға, су мен тамақсыз, қараусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға, оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, ауырған жағдайда уақытылы ветеринарлық көмекке жүгінуге;
      2) алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен.
      3) оларды серуендететін және ұстайтын жерлердің санитарлық жағдайын сақтауға, аулаларды, подъездерді, баспалдақ торларын, лифтерді, балалар алаңын, жолдар мен жүргіншілер жолдарын, саябақтарды, демалыс орындарын ластамауға; ластанған жағдайда арнайы құралдардың (қалақша, дорба) көмегімен жинауды жүргізуге;
      Ескерту.3-тармақшаға өзгерту енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)..
      4) айналасындағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге керекті шаралар қолдануға;
      5) жануарларды сатып алғаны, жоғалтқаны немесе өлгені туралы ҚР АШМ АӨК МИК Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөліміне хабарлауға;
      6) жануарлар адамды немесе басқа жануарларды тістеген, жарақаттаған жағдайда жануар иесі ҚР АШМ АӨК МИК Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Курчатов қаласы бойынша бөліміне тез хабарлауға, сонымен қатар мамандар келгенше жануарларды қарау мен карантиндеуге, оқшаулауға;
      7) жануарларды ары қарай ұстау мүмкіндігі болмаса, оны сатуға, басқа тұлғаға беруге немесе ит, мысық аулаумен айналысатын ұйымдарға өткізуге.

7. Иесіз иттер мен мысықтарды аулау

      13. Қоғамдық орындардағы (көшеде, аула аумағында, саябақтар, демалыс орындары мен басқа да орындар) иесінсіз жүрген иттер мен мысықтарды, иесі байлағандарынан басқасы иесіз болып есептеледі, олар арнайы иесіз жануарларды аулау мен өлекселерін жинау мекемелерінің аулауына жатады.
      14. Ауланған иттер мен мысықтарды уақытша ит пен мысық ұстау орындарына қамап, қолданыстағы заңнамада көзделген белгілі бір уақытқа дейін ұстайды.
      15. Аулау уақыты болып, мамандандырылған иесіз жануарларды аулау мекемесінің тіркеу журналында бекітілген уақыт болып есептеледі. Тіркеу журналында жануардың бірдейлендіру, жануарларға жүргізілген әрекеттері туралы мәліметтері болуы керек.
      16. Мамандандырылған ұйымдардың иесіз жануарларды аулауы ветеринария саласында қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жүргізілуі керек.

8. Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлар
иелерінің жауапкершілігі

      17. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлар иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапқа тартылады.
      Ескерту.17-тармаққа өзгерту енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)..
      18. Мал иелері ветеринарлық-санитарлық шараларды сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
      19. Жануарлардың иелері, жануарларды ұрғаны, жарақаттағаны және олардың өліміне әкеп соққаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.
      Ескерту.17-тармаққа өзгерту енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/137-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

9.Қағидалардың орындалуын бақылау

      20. Осы Қағиданы қала тұрғындары, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің орындалуын бақылауды мемлекеттік органдар жүргізеді, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті санитарлық - эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау, ішкі істер органы, барлық меншік нысанындағы тұрғын үй-пайдалану мекемелері.
      21. Мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары келесі шараларды жүргізеді:
      1) ескерту, айқындау және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою;
      2) жануарлар иелерінің ветеринарлық-санитарлық талаптарын орындауына бақылау жүргізу;
      3) иесіз жануарларды аулау қызметі жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету.
      22. Ішкі істер органы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы Қағиданың қалада сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
      23. Жергілікті атқарушы орган жануарларды ұстаудағы санитарлық аймақтардың шекарасын бекітуге ұсыныс енгізеді.
      24. Тұрғын үй кооперативтері, жеке меншік пәтерлер кооперативтері, кондоминиумдар, тұрғын үй қорын пайдалануға жауап беруші кәсіпорындары құрылыс салынбаған аумақтан сәйкес белгі қойылған иттерді серуендетуге бекітілген аумақтардан немесе шағын аудан аумақтарынан орынды анықтайды.
      25. Тұрғын үй қорын пайдалануға жауап беруші кәсіпорындары міндетті:
      1) иттерді серуендетуге анықталған орындарда, аула аумағының санитарлық жағдайын сақтауға;
      2) жануарлардың енбеуі үшін жер төлелердің, шатырлардың және тағы да басқа жайлардың есіктерін жабық қалпында ұстауға;
      3) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға аумағындағы иесіз жануарлардың, оның ішінде иттер мен мысықтардың барлығы туралы хабарлауға міндетті.      
      
      Курчатов қаласының әкім аппараты
      Басшысының міндетін атқарушы                       Б. ӘШІРОВА

О Правилах содержания собак и кошек в городе Курчатове

Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 апреля 2008 года N 7/58-IV. Зарегистрировано в Управлении юстиции города Курчатова Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 4 мая 2008 года за N 5-3-56. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 июля 2012 года N 6/45-V

      Сноска. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 16.07.2012 N 6/45-V.
      
      Сноска. Наименование с изменениями, внесенными решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      
      В соответствии со статьями 310311387 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 «Об административных правонарушениях», статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II «О местном государственном управлении в Республике Казахстан» Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила содержания животных, выгула собак и кошек в городе Курчатове согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу решение Курчатовского городского маслихата третьего созыва от 27 декабря 2004 года № 13/51-III «О Правилах содержания животных в городе Курчатове» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 08 февраля 2005 года за номером 2170, опубликовано в газетах «Дидар» от 29 марта 2005 года № 32, «Рудный Алтай» от 26 марта 2005 года № 45-46).
      3. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Председатель сессии                           Г. КОНДРАТЕНКО
      
      Секретарь Курчатовского
      городского маслихата                            Ш. ТУЛЕУТАЕВ

Приложение
к решению 7 сессии
Курчатовского городского маслихата
от 15 апреля 2008 года
№ 7/58-IV

ПРАВИЛА
содержания собак и кошек в городе Курчатове

      Сноска. Преамбула в редакции решения Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Настоящие Правила содержания собак и кошек в городе Курчатове разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II «О местном государственном управлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года № 339-II «О ветеринарии», Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года № 155-II , и иными  нормативными правовыми актами Республики Казахстан, направленными на защиту населения от болезней, общих для животных и человека.

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания собак и кошек в городе Курчатове (далее – Правила) регулируют порядок содержания и использования животных в городе, направлены на формирование основ городской политики в области обращения с животными в целях обеспечения безопасности населения.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Требования настоящих Правил обязательны для всех физических и юридических лиц, независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности, владеющих животными.
      3. исключен решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок регистрации животных

      4. Регистрация животных осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Обязательным условием содержания животных является:
      1) соблюдение ветеринарно-санитарных, санитарно-гигиенических правил и норм;
      2) регистрация с ежегодной перерегистрацией, вакцинация против особо опасных инфекционных болезней, обработка против паразитарных заболеваний и диагностические исследования, начиная с 1-3-х месячного возраста в ветеринарных клиниках города. Вновь приобретенные животные должны быть зарегистрированы в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      5. Продажа и вывоз животных за пределы города разрешается только при оформлении ветеринарного документа установленного образца, где указывается дата вакцинации и дегельминтизации, которые выдаются Отделом ветеринарного надзора Курчатовской городской территориальной инспекции Комитета Государственной Инспекции в Агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Курчатовская городская территориальная инспекция КГИ в АПК МСХ РК) на основании ветеринарного паспорта.

3. Содержание животных

      6. Владельцам животных  разрешается:
      1) содержание животных в жилых помещениях, в том числе в квартирах, где проживают две и более семьи, не связанные родственными отношениями, при условии их согласия, отсутствия у соседей медицинских противопоказаний, при соблюдении установленных ветеринарно-санитарных правил;
      2) содержание собак в индивидуальных домовладениях только на хорошо огороженной территории. О наличии собак должна быть сделана предупреждающая надпись при входе;
      3) содержание собак, кошек и других животных в «зооуголках», «живых уголках» детских и подростковых учреждениях, летних и зимних оздоровительных санаторно-курортных учреждениях с разрешения санитарно- эпидемиологической и ветеринарной служб;
      4) содержание сторожевых собак в учреждениях и организациях только на привязи или в вольере;
      5) исключен решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6) исключен решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Порядок выгула животных

      7. При выгуле собак и кошек владельцы должны соблюдать следующие требования:
      1) выводить собак на прогулку разрешается на поводке, длина которого позволяет контролировать поведение животного; на собак, представляющих угрозу для людей и животных должен надеваться намордник;
      2) при отсутствии запрещающих надписей «вход с животными запрещен» разрешается появление владельца с собакой  в наморднике и коротком поводке в учреждениях, непродовольственных магазинах, почты и других общественных местах;
      3) перевозить собак и кошек на городском транспорте допускается при условии,исключающем беспокойство пассажиров. При этом животные должны быть либо в наморднике, либо в специальных клетках, сумках;
      4) владелец животного имеет право на ограниченное время оставить собаку на коротком поводке возле магазина или другого учреждения (крупную собаку в наморднике).
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Владельцам животных запрещается:
      1) выгуливать животных на территориях детских дворовых площадок, детских дошкольных учреждений, школ и учебных заведений, объектов здравоохранения, спортивных площадок, парков, водозаборов и городского пляжа;
      2) исключен решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       3) приводить и содержать животных на предприятиях общественного питания, в торговых и производственных залах продовольственных магазинов;
      4) содержать животных в местах общественного пользования: в подъездах, на лестничных клетках и чердаках, в подвалах, в коридорах общежитий;
      5) проводить собачьи бои на территории города Курчатова;
      6) продавать щенков в неустановленных местах, без ветеринарных документов на животных (ветеринарный паспорт, щенячья карта, сертификат породности);
      7) выбрасывать трупы животных и самостоятельно проводить захоронение;
      8) исключен решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

5. Права владельцев животных

      9. Зарегистрированные животные является собственностью их владельца и как всякая собственность охраняются законом.
      10. Животное может быть изъято у владельца по решению суда или в ином случае предусмотренным действующим законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии.

6. Обязанности владельцев животных

      11. Владельцы животных обязаны выполнять ниже перечисленные требования:
      1) соблюдать зоогигиенические и ветеринарные (ветеринарно-санитарные) требования при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию объектов государственного ветеринарного надзора, связанных с содержанием, разведением и транспортировкой животных ;
      2) извещать органы государственного ветеринарного надзора о вновь приобретенных животных, полученном приплоде, их убое и продаже;
      3) предоставлять ветеринарным специалистам по их требованию животных для осуществления осмотра, диагностических исследований, проведения вакцинации;
      4) извещать ветеринарных специалистов о случае внезапного падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении и до прибытия ветеринарных специалистов принимать меры к изолированному содержанию животных, подозреваемых в заболевании;
      5) проводить регулярно с целью профилактики дегельминтизацию животных, а также дератизацию, дезинфекцию, дезинсекцию в помещениях, где содержатся животные.
      12. Владельцы животных обязаны:
      1) содержать животных в соответствии с биологическими особенностями, гуманно обращаться с животными, не оставлять без присмотра, без пищи и воды, не избивать, а в случае заболевания вовремя прибегнуть к ветеринарной помощи;
      2) исключен решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3) поддерживать надлежащее санитарное состояние в местах их содержания и прогулок, не загрязнять дворы, подъезды, лестничные клетки, лифты, детские площадки, дорожки, тротуары, скверы, парки, зоны отдыха; в случае загрязнения осуществлять уборку с помощью специальных приспособлений (пакет, совок);
      Сноска. Подпункт 3 с изменениями, внесенными решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4) принимать необходимые меры, обеспечивающие безопасность окружающих людей и животных;
      5) о приобретении, потере или гибели животного сообщать в Отдел ветеринарного надзора Курчатовской городской территориальной инспекции КГИ в АПК МСХ РК;
      6) при нанесении животными покусов человеку или животному владельцы обязаны немедленно сообщить об этом в Отдел ветеринарного надзора Курчатовской городской территориальной инспекции КГИ в АПК МСХ РК и Отдел Департамента государственного санитарно-эпидемиологического надзора по городу Курчатову, а также до прибытия специалистов изолировать животное для осмотра и постановки на карантин;
      7) при невозможности дальнейшего содержания - произвести передачу или продажу животного новому владельцу, либо сдать в организации, занимающиеся отловом бродячих собак и кошек.

7. Отлов безнадзорных собак и кошек

      13. Собаки и кошки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах и прочих местах) без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи, считаются бродячими, подлежат обязательному отлову специализированными учреждениями по отлову бродячих и сбору павших животных.
      14. Отловленные безнадзорные собаки и кошки помещаются в питомник для временного содержания собак и кошек и содержатся там, в течение времени, определенного действующим законодательством.
      15. Временем отлова считается время непосредственного отлова животного, зафиксированного в журнале регистрации специализированным учреждением по отлову бродячих животных. Журнал регистрации должен содержать сведения об идентификации животного и последующих действий, произведенных с животным.
      16. Отлов безнадзорных животных специализированными организациями должен осуществляться в соответствии с действующими нормами законодательства в области ветеринарии.

8. Ответственность владельцев животных за
нарушение настоящих Правил

      17. За нарушение настоящих Правил владелец животного несет ответственность в соответствии со статьей 311 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      Сноска. Пункт 17 с изменениями, внесенными решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      18. За несоблюдение ветеринарно-санитарных мероприятий владелец несет ответственность в соответствии со статьей 310 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      19. За жестокое обращение с животными, повлекшее их гибель или увечье, владелец несет ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 19 с изменениями, внесенными решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.04.2009 N 18/137-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

9. Контроль за соблюдением Правил

      20. Контроль за соблюдением горожанами, предприятиями, организациями и учреждениями настоящих Правил осуществляют государственные органы, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан: учреждения санитарно- эпидемиологического и ветеринарного надзора, органы внутренних дел, жилищно-эксплутационные предприятия всех форм собственности.
      21. Органы государственного ветеринарного и санитарно- эпидемиологического надзора осуществляют следующие мероприятия:
      1) предупреждают, выявляют, пресекают и устраняют нарушения законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
      2) осуществляют контроль за соблюдением владельцами животных ветеринарных и санитарных требований;
      3) оказывают помощь службам по отлову безнадзорных животных в организации их работы.
      22. Органы внутренних дел обеспечивают контроль за соблюдением в городе настоящих Правил в соответствии с действующим  законодательством.
      23. Местный исполнительный орган вносит предложение по установлению границ санитарных зон содержания животных.
      24. Предприятия, обслуживающие жилой фонд города, жилищные кооперативы, кооперативы собственников квартир, кондоминиумов определяют места для выгула собак на закрепленной за ними территории либо на территории микрорайона (квартала), свободной от застройки, с установкой соответствующих табличек, знаков.
      25. Жилищно-эксплутационные предприятия всех форм собственности обязаны:
      1) поддерживать санитарное состояние дворовой территории, где определен выгул собак;
      2) содержать входы в подвалы, на чердаки и другие подсобные помещения в закрытом состоянии, исключающие проникновение туда животных;
      3) сообщать организации, занимающейся отловом животных, о наличии на своей территории бездомных животных, в том числе - собак и кошек.
      
      
      Исполняющая обязанности
      Руководителя аппарата Акима
      города Курчатова                                 Б. АШИРОВА