РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялдық құрылымы туралы" Заңының 13 бабының 4 және 5 тармақшаларына сәйкес және 2007 жылғы 17 қыркүйектегі қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысының негізінде Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Риддер қаласының әкімідігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайта аталсын:
1) Дзержинский көшесі Мұқтар Әуэзовтың есімімен қайта аталсын;
2) Фрунзе көшесі Шоқан Уалихановтың есімімен қайта аталсын;
3) Фурманов көшесі Владимир Клинктің есімімен қайта аталсын;
4) Ленин даңғылы "Тәуелсіздік даңғылы" деп аталсын.
5) Ленин алаңы "Республика алаңы" деп аталсын.
2. "Риддер қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Валдер С.В.) қала бюджетін түзету кезінде шығындар сметасына келісе отырып аншлагтарды дайындауға қаражат қарастырсын.
3. "Риддер қаласының тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 01-маусымға дейін қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қамтамасыз етілсін (Сорокина Н.В.).
4. Нормативті құқықтық актінің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.В.Дюсебаеваға жүктелсін.
5. Осы нормативті-құқықтық акті ресми басылып шыққан алғашқы күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Кезекті сессиясының төрағасы, Қалалық мәслихат хатшысы |
Риддер қаласының әкімі |
|
А.М.Ермаков |
Н.Х.Тлемисов |