Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2009.07.24 N 18/9-IV шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабын басшылыққа ала отырып Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5/3-IV "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын-үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" шешіміне (Риддер қ. әділет басқармасында 2008 жылдың 09 қаңтарында № 5-4-77 тіркелген, 2008 жылдың 11 қаңтардағы № 2 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Жалпы ережелер" 1 тарауының 1 тармағы келесі баспада жазылсын:
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын-үй көмегі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес беріледі;
2) "Жалпы ережелер" 1 тарауының 2 тармағындағы "10%" санын "6%" санына ауыстырсын;
3) "Тұрғын-үй көмегін беру шарттары" 2 тарауының 10 тармағындағы "7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар" сөздері келесі мазмұнмен толықтырылсын:
18 жасқа дейінгі 4 не одан да көп балаларға қарайтын аналар; өзін (өзін жұмыспен қамтыған) жұмыспен қамтитын тұлғалар; туберкулез, наркологиялық, онкологиялық сырқаттар ретінде тіркеуде тұрған, мүгедектік топта емес, азаматтар; 8 аптадан кем емес аяғы ауыр әйелдер.
4) "Тұрғын-үй көмегін беру шарттары" 2 тарауының 20 тармағының 9 тармақшасындағы "көшірме" сөзі шығарылсын;
5) "Тұрғын-үй көмегінің мөлшері" 3 тарауындағы "10%" санын "6%" санына ауыстырсын;
6) "Тұрғын-үй жәрдемақыларын алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу" 4 тарауының 31 тармағындағы
"бала туғанда" сөзін келесі мазмұнмен толықтырсын:
18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; ең төменгі өмір сүрудің минимумімен бекітілген көрсеткіштің жалпы сомасын есептеу мерзіміндегі көрсетілген ақшалай және натуралды түрдегі қайырымдылық көмегі; төтенше жағдайлардың салдарынан оның денсаулығына және мүлігіне жасалған зиянды қайтарудың мақсатында отбасына көрсетілген материалды көмек; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мүгедектерге бөлінген емдік дәрі-дәрмектер, санатория-курорттық емдеулер, протезді-ортопедиялық құралдар (жасау және жөндеу), жылжымалы құралдар (кресло-коляска) және басқа қайта оралу құралдары ретінде жасалған натуралды көмек түрлері; білім туралы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында жасалған тегін тамақтану және көмек; халықтың қоныс аудару, тұрғылықты орынға жүру және мүлігін өткізу (сонымен қатар малды), көшіп келген орны мен біржолғы жәрдемақыны төлеу бойынша оралмандарға шығындарды қайтару мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерімен қаралған құралдары;
7) "Тұрғын-үй жәрдемақыларын алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу" 4 тарауының 35 тармағында
"жергілікті бюджеттен тамақтану" сөздері шығарылсын;
8) "Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында тұратын тұрмысы
төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі" 5 тарауының 41 тармағының келесі баспасында мазмұндалсын:
Көмірдің құнын есептеу үшін "Риддер қ. экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ-мен берілген тұрғын-үй көмегін есептеу тоқсанының (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек), соңғы ай тоқсанының жағдайы бойынша қала шетіндегі қатты отынның нақты бағалары ескеріледі;
9) "Тұрғын-үй көмегін есептеуде қолданылатын, коммуналдық
қызметтерді қолданудың нормативтері мен шығындарының мөлшері" 7
тарауының 50 тармағы 1 тармақшасында "35" санын "40" санына, 2
тармақшасында "45" санын "50" санына, 3 тармақшасында "50" санын "55"
санына ауыстырсын;
10) "Тұрғын-үй көмегін есептеуде қолданылатын, коммуналдық қызметтерді қолданудың нормативтері мен шығындарының мөлшері" 7 тарауының 53 тармағында "150" санын "200" санына ауыстырсын;
11) "Тұрғын-үй көмегін есептеуде қолданылатын, коммуналдық қызметтерді қолданудың нормативтері мен шығындарының мөлшері" 7 тарауының 54 тармағы 1) тармақшасында "95" санын "100" санына, 2) тармақшасында "85" санын "95" санына, 3) тармақшасында "75" санын "85" санына ауыстырсын;
12) "Тұрғын-үй көмегін есептеуде қолданылатын, коммуналдық қызметтерді қолданудың нормативтері мен шығындарының мөлшері" 7 тарауының 55 тармағында "қызмет көрсетуді жабдықтаушылармен" сөзін "Риддер қ. экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ" сөзіне ауыстырсын.
2. 8 тарауы келесі мазмұнмен толықтырылсын:
"8. Кондоминиум және ЖПК нысандарының жалпы мүлігін толық жөндеуге жіберілген шығындарды қайтару тәртібі":
56. Кондоминиум және ЖПК-ның жалпы мүлігінің толық жөндеуіне жіберілген шығындарды қайтарудың құқығы, тұрғын-үй көмегін алуға құқығы бар отбасы мен тұлғаларда бар.
57. Өтініш берген кезден бастап жылына бір рет осы мақсаттарға
жіберілген шығындардың жалпы жиынында бекітілген 100% көлемінде
ақшалай төлемдер ретінде шығындарды қайтару жасалады.
Сонымен қатар тұрғын-коммуналды шаруашылық және құрылыс ісі бойынша уәкілетті органында сараптаманы өткен сметамен келісілген толық жөндеуден өткізу үшін қаралған жалпы шығындар сомасының бөлігі шегінде тұрғын-үй көмегін алушыларға төлем анықталады.
58. Кондоминиум және ЖПК нысандарының (іргетас, сыртқы қабырға және апаратын құрылғылар; баспана; баспалдақ (алаң, марштар) және ішкі қабырғалар; инженерлік коммуникация және құралдар; өзгелер (кіре беріс есігі, фрамуги және т.с.с.) жалпы жиналыста қажетті жұмыстарды орындаудың тізімі мен кестесі бар "Риддер қ. тұрғын-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі" ММ (қарау актісі) жазбаша өкіміне сәйкес жалпы мүлігіне толық жөндеудің бөлек түрлерін жүргізудің кезегі пәтерлердің жеке меншігімен жасалады.
59. Кондоминиум және ЖПК-ның жалпы мүлігін толық жөндеудің шығындарын қайтаруға құқығы бар отбасы мен тұлғалары келесі құжаттарды берсін:
- шарт-өтініш;
- тұлғалығын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- пәтердің төлқұжаты (түпнұсқасы);
- баспанаға құқығын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- толық жөндеуге бөлінген мақсатты жиынның көлемін анықтайтын жеке меншік пәтерлердің жалпы жиналысының шешімінен үзіндісі (көшірме);
- кондоминиум мен ЖПК жалпы мүлігіне толық жөндеу жүргізуге мақсатты жиынды төлеу туралы түбіртектері;
- жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке меншік пәтерлер кооперативтерімен, баспана меншіктерінің арасында жасалған, кондоминиум мен ЖПК-ның жалпы мүлігіне толық жөндеуді жүргізудің келісімі (көшірмесі);
- кондоминиумнің жалпы мүлігіне толық жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізілген қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі.
60. Толық жөндеуге жіберілген шығындарын қайтаруга, алушылардың
жинақ жеке шотына жіберілген соманы жіберу жолымен екінші деңгейдегі
банктың бөлімі арқылы жасалады.
3. Осы шешім әділет органында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2008 жылдың 1 сәуірінде пайда болған жағдайда таратылады.
Кезекті сессияның төрағасы Н.ЗАМЯТИН
Қалалық мәслихат хатшысы А.ЕРМАКОВ