Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009.02.11 N 11-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 3 наурызда N 3001 тіркелген, "Приуралье" газетінде 2008 жылғы 8 наурыздағы N 29-30 және "Орал өңірі" газетінде 2008 жылғы 13 наурыздағы N 31 жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
3 тармақ "мемлекеттік тіркеуден кейінгі" деген сөздер "алғашқы ресми жарияланған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы