Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 наурызда N 3001 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 11 ақпандағы N 11-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009.02.11 N 11-14 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" және 2008 жылғы 25 қаңтарындағы N 65 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 34-1 "Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2007 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы" шешімі (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде 2006 жылы 29 желтоқсанда N 2982 тіркелген, 2007 жылы 16 қаңтардағы N 7 "Орал өңірі" облыстық газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008.05.16 N 7-4 Шешімімен.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2008 жылғы 26 ақпандағы
N 6-9 шешіміне қосымша

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының
ставкалары

N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлемақының ставкалары, теңге

1

Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары 1

шартты тонна

2568

2

Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары:

пайдала- нылған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна)


- этилденбеген бензин үшін;

428

- дизель отыны үшін;

523

- сұйылтылған, сығылған газ үшін

321

3

Ластаушы заттардың төгінділері:

шартты тонна


су көздеріне 2

15654

жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне

3745

4

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3

тонна

246

5

Өндіріс пен тұрмыстық қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру

тонна


"қызыл" тізім

8332

"янтарь" тізім

4166

"жасыл" тізім

1041,5

жіктел- мегендер

521

6

Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары

шартты тонна

45000

      Ескертпе:
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициент енгізіледі:
      1 0,75 коэффициентті;
      2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,3 коэффициентті;
      2 0,43 коэффициентті;
      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициент енгізіледі:
      3 0,2 коэффициентті;
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады