Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" 2007 жылғы 23 қарашадағы N 3-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылдың 10 желтоқсандағы N 2994 тіркелген, "Приуралье" газетінде 2007 жылғы 15 желтоқсандағы N 145 және "Орал өңірі" газетінде 2007 жылғы 22 желтоқсандағы N 146 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 15 желтоқсанынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы