"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Теректі ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 44-4 "Покатиловка селолық округінің Таран және Приреченское селолық округінің Алексеевка елді мекендерін тарату туралы" бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғындарының көшірілуіне байланысты Теректі ауданының Таран және Алексеевка ауылдары таратылсын.
2. Осы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 15 желтоқсанынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады.
Ескерту. Шешім 2 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008.05.16 N 7-14 Шешімімен.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы