Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4)тармақшасына, 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, "Арман" шағынауданында тұратын азаматтардың ұсыныстары мен қалалық ономастикалық комиссияның шешімін қарап, Орал қалалық мәслихаты мен Орал қалалық әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Арман" шағынауданындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
2. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енеді.
Орал қалалық мәслихатының кезекті Орал қаласының әкімі
6-шы сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы
Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 31 наурыздағы N 6-26
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы N 428
"Арман" шағынауданындағы жаңа көшелерге
атаулар тағайындау туралы" бірлескен
шешімі мен қаулысына
қосымша
Жаңа көшелер (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
1) Ахмет Байтұрсынов атындағы көше;
2) Жүсіпбек Аймауытов атындағы көше;
3) Міржақып Дулатов атындағы көше;
4) Мағжан Жұмабаев атындағы көше;
5) Халел Досмұхамедов атындағы көше;
6) академик Қажым Жұмалиев атындағы көше;
7) Мұхаметжан Тынышбаев атындағы көше;
8) Мұстафа Шоқай атындағы көше;
9) Әлихан Бөкейханов атындағы көше;
10) Бағыш Бисенов атындағы көше;
11) Жұмат Шанин атындағы көше;
12) Хабиболла Дінішев атындағы көше;
13) Серікқали Жақыпов атындағы көше.