"Арман" шағынауданындағы жаңа көшелерге атаулар тағайындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 31 наурыздағы N 6-26 шешімі және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 428 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 сәуірде N 7-1-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4)тармақшасына, 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, "Арман" шағынауданында тұратын азаматтардың ұсыныстары мен қалалық ономастикалық комиссияның шешімін қарап, Орал қалалық мәслихаты мен Орал қалалық әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Арман" шағынауданындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
      2. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енеді.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті      Орал қаласының әкімі
      6-шы сессиясының төрағасы

      Орал қалалық мәслихатының хатшысы

Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 31 наурыздағы N 6-26
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы N 428
"Арман" шағынауданындағы жаңа көшелерге
атаулар тағайындау туралы" бірлескен
шешімі мен қаулысына
қосымша

      Жаңа көшелер (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
      1) Ахмет Байтұрсынов атындағы көше;
      2) Жүсіпбек Аймауытов атындағы көше;
      3) Міржақып Дулатов атындағы көше;
      4) Мағжан Жұмабаев атындағы көше;
      5) Халел Досмұхамедов атындағы көше;
      6) академик Қажым Жұмалиев атындағы көше;
      7) Мұхаметжан Тынышбаев атындағы көше;
      8) Мұстафа Шоқай атындағы көше;
      9) Әлихан Бөкейханов атындағы көше;
      10) Бағыш Бисенов атындағы көше;
      11) Жұмат Шанин атындағы көше;
      12) Хабиболла Дінішев атындағы көше;
      13) Серікқали Жақыпов атындағы көше.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады