БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125
бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне:
бүкіл мәтін бойынша "білім департаментінің директоры" деген сөздер "білім басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылысын;
41-тармақта "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО)" деген сөздер "Ұлттық тестілеу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
59-тармақтағы "БТМСҰО" деген сөз тиісінше "ҰТО" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін.";
13-тармақта "ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері" деген сөздерден кейін "ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта "жалпы орта білім туралы ұздік аттестатын алуға үміткер" деген сөздерден кейін "және ҰБТ-ға қатыспаған" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақта "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздерден кейін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын," деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта "аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері" деген сөздерден кейін "балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттің қызметкерлері," деген сөздермен толықтырылсын;
37-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.";
44-тармақта "3 астрономиялық сағат" деген сөз "3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут)" деген сөздермен ауыстырлысын:
56-тармақ мынадай мазмұнда жариялансын:
"Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және Нұсқаулыққа сәйкес апелляциялық комиссия тәулік бойы қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.".
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев):
1) осы бұйрықты белгілінген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев