"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 14 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5512 болып енгізілді.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне:
      бүкіл мәтін бойынша "білім департаментінің директоры" деген сөздер "білім басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылысын;
      41-тармақта "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО)" деген сөздер "Ұлттық тестілеу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      59-тармақтағы "БТМСҰО" деген сөз тиісінше "ҰТО" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін.";
      13-тармақта "ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері" деген сөздерден кейін "ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта "жалпы орта білім туралы ұздік аттестатын алуға үміткер" деген сөздерден кейін "және ҰБТ-ға қатыспаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      34-тармақта "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздерден кейін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын," деген сөздермен толықтырылсын;
      35-тармақта "аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері" деген сөздерден кейін "балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттің қызметкерлері," деген сөздермен толықтырылсын;
      37-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.";
      44-тармақта "3 астрономиялық сағат" деген сөз "3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут)" деген сөздермен ауыстырлысын:
      56-тармақ мынадай мазмұнда жариялансын:
      "Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және Нұсқаулыққа сәйкес апелляциялық комиссия тәулік бойы қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.".
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев):
      1) осы бұйрықты белгілінген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                         Ж. Түймебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады