"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5555 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.03.28 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1 . "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының  2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4926 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы "Заң газетінің" N 161 (1364) санында жарияланған, "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 330 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5391 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Заң газетінің" N 195 (1595) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тiркеушi орган өтініш берушінің сұрау салуының негiзiнде тiркелген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы ақпаратты бір жұмыс күнi iшiнде жазбаша нысанда береді. Сұратылған ақпаратты ұсыну мерзімін есептеу сұрау салу берілген күннен кейінгі күннен басталады.".
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            З. Балиева

О внесении изменения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 239 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 февраля 2009 года № 18. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 февраля 2009 года № 5555. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 28.03.2012 № 131 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об органах юстиции", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 239 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4926, опубликован в "Юридической газете" от 19 октября 2007 года № 161 (1364), с изменением и дополнениями, внесенными приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 декабря 2008 года № 330 "О внесении изменения и дополнений в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 239 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5391, опубликованным в "Юридической газете" от 26 декабря 2008 года № 195 (1595)), следующее изменение:
      в Правилах предоставления информации из Правового кадастра, утвержденных указанным приказом:
       пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Регистрирующий орган на основании запроса заявителя предоставляет в письменной форме информацию о зарегистрированных правах на недвижимое имущество и сделок с ним в течение одного рабочего дня. Отсчет срока предоставления запрашиваемой информации начинается на следующий рабочий день после подачи запроса.".
      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      Министр                                    З. Балиева