"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 330 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 9 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5391 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.03.28 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1 . "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 қыркүйектегі N 4926 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы N 161 (1364) "Юридическая газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:
       14-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
      "3. Электрондық коммуникацияларды пайдалана отырып, құқықтық кадастардан ақпарат ұсыну тәртібі
      16. Электрондық түрде ақпараттық қызмет көрсету "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.
      17. Құқықтық кадастардан ақпарат электрондық түрде "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" Мемлекеттік дерекқоры" (бұдан әрі – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МД) ақпараттық жүйесін пайдаланып беріледі.
      18. "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МД-дан электрондық құжат түрінде берілген ақпарат ресми және осы Ережелердің 1 және 2-тарауларында белгіленген тәртіппен ұсынылатын ақпаратқа тең болып табылады.
      19. "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МД-дан ақпарат электрондық құжат нысанында тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Егер ақпаратты бірнеше тіркеуші органдар ұсынса, онда электрондық құжатта бірнеше электрондық цифрлық қолтаңбалар болады.
      20. Электрондық түрде:
      1) осы Ережеге 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
      2) осы Ережеге 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама беріледі.
      21. Өтініш иесі Халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – ХҚКО) немесе тіркеуші органға (тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе ХҚКО ашылғанға дейін) тікелей электрондық түрде ақпараттық қызмет алуға жүгінген кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жазбаша сауал негізінде ұсынылады.
      22. Өтініш иесі Электрондық қызмет көрсету порталына Интернет арқылы жүгінген жағдайда ақпарат өтініш иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал негізінде ұсынылады.
      Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілген сауал қағаз тасымалдағышта жіберілген және сауал жіберген адамның түпнұсқа қолымен қойылған сауалға теңестіріледі.
      Ақпараттық қызмет көрсетуді алуға сауалда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) ақпарат сұратқан адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      2) оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері;
      3) заңды тұлғаның атынан сауалмен жүгінген кезде – заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгінген адамның тегі аты және әкесінің аты;
      4) егер өтініш иесі жеке тұлға болып табылса, ЖСН және егер өтініш иесі – жеке тұлға болса, БСН;
      5) сұрау салынған электрондық ақпараттық қызмет көрсету түрі;
      6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның орналасқан жері.
      23. Тіркеуші орган өтініш иесінің сауалының негізінде "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МД-дан ақпаратты сауал келіп түскен сәттен бастап 30 минут ішінде электрондық түрде ұсынады.
      24. Егер "Жылжымайтын мүлікке құқықтары және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережелерге сәйкес өтініш иесі сұрау салынған ақпаратты алуға құқығы болмаса, сауалды орындаудан бас тартылады.
      25. Өтініш иесі ХҚКО-ға немесе тіркеуші органға "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МД-дан ақпарат алуға жүгінген жағдайда дайын электрондық құжат қағаз тасымалдағышқа басып шығарылады.
      26. Электрондық құжат нысаныда жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
      27. Электрондық ақпараттық қызмет көрсету нысандарында қамтылған деректер қызмет көрсетуді ұсыну сәтінде жарамды болып табылады.
      Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МД-ын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жұмыстары біткенге дейін Астана қаласының ХҚКО-да жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар электрондық форматта беріледі.";
      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тиісінше 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрінің м.а.                       М. Бекетаев

        "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігінің Төрағасы
      ______________________
      2008 жылғы 3 желтоқсан

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Әділет министрінің м.а.
                                           2008 жылғы 3 желтоқсандағы
                                                 N 330 бұйрығына
                                                    1-қосымша

                                          Құқықтық кадастрдан ақпарат
                                                 ұсыну ережесіне
                                                    5-қосымша

Құжат Электрондық қызмет                        Бірегей нөмір
көрсету порталында жасалды                      қойылатын орын

_____________________________________________________________________
    (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтама

N __________                            _____________________________
                                         (берілген күні және уақыты)

Берілді _____________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
_____________________________________________________________________
        (алушының жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен
                       күні, берген күні)
_____________________________________________________________________
         жылжымайтын мүліктің мына объектілеріне растама:

Жылжымайтын мүліктің түрі

Кадастрлық номері

Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер)

Орналасқан жері

Құрамдарының саны

Қабаты

Жалпы ауданы

Тұрғын пайдалы ауданы

Бөлінуі

(ЗУ)

Ескертпе











1) құқығы тіркелді:

Құқықтық түрі

Мазмұны

Құқық иесі

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтық туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықтың пайда болуының негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілелер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты






_____________________________________________________________________
  Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтінде жарамды
            болып табылады.

Тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын орын

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Әділет министрінің м.а.
                                           2008 жылғы 3 желтоқсандағы
                                                 N 330 бұйрығына
                                                    2-қосымша

                                          Құқықтық кадастрдан ақпарат
                                                 ұсыну ережесіне
                                                    6-қосымша

Құжат Электрондық қызмет                        Бірегей нөмір
көрсету порталында жасалды                      қойылатын орын

_____________________________________________________________________
    (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

       Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама

N __________                            _____________________________
                                         (берілген күні және уақыты)

Берілді _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (жеке тұлға немесе оның өкілі үшін - тегі, аты, әкесінің аты,
    туған күні, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен берген
                          күні, кім берген;
____________________________________________________________________,
   заңды тұлға үшін – атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің
     тіркеу нөмірі және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)

жылжымайтын мүлікке оның меншік құқығы тіркелген (тіркелмеген)
                           керегі жоғын сызып тастау
_____________________________________________________________________
                  (жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты)
Елді мекенде ________________________________________________________
                (жылжымайтын мүлкі болған кезде – орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
Ескертпе: анықтамада қамтылған мәліметтер берген сәтінде жарамды
          болып табылады.

Тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын орын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады