Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 161/306 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5653 болып енгізілді.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына және 41-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4779) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 90/171 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Тұрғанқұлов
      Хатшы

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2009 жылғы 3 сәуірдегі
№ 161/306 қаулысымен бекітілген

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының сайлау комиссиялары өңірлердегі сайлаушылардың қажеттілігіне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің (бұдан әрі - есептен шығару куәліктері) әрбір түрінің қажетті санын белгілейді және оларды дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын акт бойынша тиісті әкім ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен дайындауды қамтамасыз етеді, бұл туралы шешім қабылданған кезден бастап бір күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне дейін жиырма күннен кешіктірмей, тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына бөледі және береді.

      Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күніне дейін он алты күннен кешіктірмей есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына бөледі және береді.

      Өңірлерде қосымша есептен шығару куәліктерінің қажеттігі туындаған жағдайда облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша себептерін жазбаша түрде көрсете отырып, дауыс беру күніне дейін үш күннен кешіктірмей, есептен шығару куәліктерін қосымша дайындау туралы шешім қабылдайды.

      Бір мезгілде бірнеше сайлау өткізілген жағдайда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың әрбір түрі бойынша есептен шығару куәлігінің әр түрлі түсін белгілейді.

      Аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін (бұдан әрі – әкім) сайлау кезінде есептен шығару куәліктері тиісті сайлау округінің шекарасында бір елді мекен (қала, ауыл, кент) болған жағдайда дайындалмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Есептен шығару куәліктерін жоғары тұрған сайлау комиссиясынан төмен тұрған сайлау комиссиясына беру жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының төрағасы мен хатшысы қол қоятын, одан кейін олардың мөрлерімен расталатын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығару куәліктерін қабылдау-беру актісімен ресімделеді.

      Есептен шығару куәліктерін қабылдау-беру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі жоғары тұрған сайлау комиссиясында қалады, ал екіншісі төмен тұрған комиссияға беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сайлаушылардың тізімдерін жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға (не оның өкіліне сенімхат бойынша) оның осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші негізінде беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы "ескертпе" деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Учаскелік сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.

      Есептен шығару куәлігінде бес таңбалы сериялық нөмірі болады және мынадай деректемелер қамтылуға тиіс:

      1) сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      2) сайлаушының туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);

      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі және оны берген органның атауы;

      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекенжайы;

      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірі және оның орналасқан жері;

      6) сайлаудың атауы. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округі көрсетіледі. Әкімді сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде әкімді сайлау бойынша тиісті сайлау округі көрсетіледі;";

      7) есептен шығару куәлігінің берілген күні;

      8) учаскелік сайлау комиссиясының мөрі;

      9) есептен шығару куәлігін берген учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің қолы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6. Сайлаушының есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі және оны тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімінен шығаруға негіз болып табылады.

      7. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 04.02.2016 № 10/96 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 04.02.2016 № 10/96 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.

      10. Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді.

      11. Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

      Есептен шығару куәлігінің негізінде сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлаушы тек қағаз бюллетеньдермен ғана дауыс беруге қатысады.

      12. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны сайлаушылардың тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен:

      1) сайлаушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      2) сайлаушының туған күнін, ЖСН;

      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін, нөмірін және оны берген органның атауын;

      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайын;

      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірін;

      6) есептен шығару куәлігінің сериялық нөмірін, оның берілген күнін көрсетіп енгізеді.

      Сайлаушы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау кезінде, егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген болса, сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.

      Сайлаушы, егер есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушылардың тізіміне енгізілмейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Есептен шығару куәлігі сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі.

      14. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.

      15. Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы дауыс берілетін күннің алдындағы күні сағат 18-ден кейін жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған сайлау комиссиясына береді.

      16. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркей отырып, есептен шығару куәліктерінің пайдаланылғаны туралы есеп береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Дауыс беру құқығын
беретін есептен шығару
куәліктерін беру және
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

Дауыс беру құқығын беретін ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ № _____

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      __________________________________________________________________

      (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, ЖСН)

      _____________________________________________ № __________________

      (сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)

      _____________жылы _____ ________ ___________________________ берген,

      (берілген күні) (оны берген органның атауы)

      __________________________________________________________ тұрады,

                  (тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы)

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беретін күні келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі және ________ жылғы _______________________

      (сайлау күні)

      _________________________________________________________________

                        (сайлаудың атауы)

      дауыс беруге құқылы.

      Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін № ____________

      __________________________________________________________________

      (сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, аудан, қала, қаладағы аудан, облыс)

      _________________________________________________________ берген.

      (облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі округ/

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі округ)

      Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы _______ ______________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы) МО

      _____ жылғы _____________________________________

      (есептен шығару куәлігі берілген күн)

      Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты қөрсеткен кезде жарамды

      _________________________________________________________________

      (есептен шығару куәлігінің бес таңбалы сериялық нөмірі)

  Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
2-қосымша

      ______ жылғы _____ ________________

      (сайлау күні)

Қазақстан Республикасы ______________________________ сайлауы жөніндегі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін қабылдау-беру АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      ___ жылғы ____ __________________

      (акт жасалған күн)

      __________________________________________________________________

      (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

      __________________________________________________________________

      (төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы)

      __________________________________________________________________

      (сериялық нөмірлері көрсетілген дауыс беру құқығын беретін есептен

      шығару куәліктерінің саны цифрмен және жазумен)

      Төраға __________________________________________ __________________

      (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Хатшы ______________________________ _____ ________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Төраға __________________________________________ __________________

      (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Хатшы ______________________________ _____ _______________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

  Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
3-қосымша
  Кімге
_____________________
(учаскелік сайлау
комиссиясының
атауы және орналасқан жері,
сайлау учаскесінің нөмірі)

Қазақстан Республикасы __________________________________________ сайлауы жөніндегі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      ______ жылғы _____ ________________

      (сайлау күні)

      Мен,_____________________________________________________________,

      (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, ЖСН)

      ______________________________________________________ № _________

      (сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)

      _____ жылғы ___________________ ________________________________

      (берілген күні) (оны берген органның атауы)

      ____________________________________________________________ берген,

      __________________________________________________________ тұратын,

                  (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)

      _______________________________________________________байланысты

      (сайлаушы өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру себебін көрсетеді)

      және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы

      Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беру құқығын

      беретін есептен шығару куәлігін беруді сұраймын.

      ___________________ _________________________

      (сайлаушының қолы) (қолдың толық жазылуы)

      _____ жылғы __________________

      (өтініш жасалған күн)

      Ескертпе: Сайлаушы өтінішті анық жазып, жеке өзі толтырады.

      Егер дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі сайлаушының өкіліне сенімхат бойынша берілсе, онда өтінішке өтініш беруші мен өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сенімхат қоса беріледі.

  Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша

№ ____ сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      __________________________________________________________________

      (сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан,

      қала, аудан, облыс)

      ____ жылғы ______________ ________

      (сайлау өткізілген күн)

      _________________________________

      (сайлаудың атауы)

      сайлауы бойынша пайдаланылмаған

      дауыс беру құқығын беретін есептен

      шығару куәліктерін жою туралы

      ____ жылғы ________ ______________

      (акт қабылданған күн)

      _________ сағ. ______________мин.

      (акт қабылданған уақыт)

АКТ

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларының 15-тармағына сәйкес №___ сайлау учаскесінің сайлау комиссиясы санау нәтижесінде пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің мынадай санын анықтады:

      1. дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің алынған саны

      ___________ ______________________________________________________

      (cаны)                   (жазумен)

      __________________________________________________________________

                              (сериялық нөмірлер)

      2. сайлаушылардың өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері берілді

      ___________ ______________________________________________________

      (cаны)                   (жазумен)

      __________________________________________________________________

                              (сериялық нөмірлер)

      3. пайдаланылмаған, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері төмендегідей жойылды:

      __________________________________________________________________

                  (мөртабан басу, бұрыштарды кесу, тесу және т.б.)

      ___________ _______________________________________________________

      (cаны)                   (жазумен)

      __________________________________________________________________

                              (сериялық нөмірлер)

      Дауыс беру қорытындылары шығарылғаннан кейін актінің көшірмесі және жойылған, пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері жоғары тұрған сайлау комиссиясына берілсін.

      Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы _______ ____________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Учаскелік сайлау комиссиясы

      Төрағасының орынбасары _______ ________________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы ______ ___________________

      (қолы) (қолдың ((қолдың толық

      Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері:

      ________ _____________________ ________ ________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      _________ _____________________ ________ _______________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)


Об утверждении Правил выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 апреля 2009 года № 161/306. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2009 года N 5653.

      Сноска. Наименование постановления в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 13.02.2015 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие постановления см. п. 3

      В соответствии с подпунктом 6-1) статьи 12 и пунктом 6-1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 13.02.2015 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 13.02.2015 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан 25 июня 2007 года № 90/171 "Об утверждении Инструкции о порядке изготовления и выдачи открепительных удостоверений на право голосования" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4779).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.

Председатель

К. Турганкулов

Секретарь

Б. Мельдешов


  Утверждены постановлением
Центральной избирательной
комиссии Республики Казахстан
от 8 апреля 2009 года № 161/306

Правила
выдачи и учета открепительных удостоверений на право
голосования

      Сноска. Наименование в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 13.02.2015 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Областные, городов республиканского значения и столицы Республики избирательные комиссии в связи с потребностью избирателей в регионах устанавливают необходимое количество каждого вида открепительных удостоверений на право голосования по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее - открепительные удостоверения) и обеспечивают их изготовление из расчета не более одного процента от общего числа избирателей по области, городу республиканского значения и столицы Республики в соответствии с численностью избирателей, представленных в списках соответствующим акимом по акту за двадцать дней до начала голосования, о чем уведомляют Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан в однодневный срок с момента принятия решения.

      Областные, городов республиканского значения и столицы Республики избирательные комиссии распределяют и передают открепительные удостоверения в соответствующие районные, городские, районные в городе избирательные комиссии не позднее, чем за двадцать дней до дня голосования.

      Районные, городские, районные в городе избирательные комиссии распределяют и передают открепительные удостоверения в участковые избирательные комиссии не позднее, чем за шестнадцать дней до дня голосования.

      При возникновении в регионах необходимости дополнительных открепительных удостоверений областные, городов республиканского значения и столицы Республики избирательные комиссии по согласованию с Центральной избирательной комиссией Республики Казахстан с указанием причин в письменном виде не позднее трех дней до дня голосования принимают решение о дополнительном изготовлении открепительных удостоверений.

      При проведении одновременно нескольких выборов Центральная избирательная комиссия устанавливает разный цвет открепительного удостоверения по каждому виду выборов.

      При выборах акима района, города областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа (далее – акима) открепительные удостоверения не изготавливаются в случае, если в границах соответствующего избирательного округа один населенный пункт (город, село, поселок).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 29.12.2022 № 139/644 (вводится в действие с 01.01.2023).

      2. Передача открепительных удостоверений от вышестоящей избирательной комиссии нижестоящей избирательной комиссии оформляется актом приема-передачи открепительных удостоверений по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, который подписывается председателем и секретарем вышестоящей и нижестоящей избирательных комиссий, после чего заверяется их печатями.

      Акт приема-передачи открепительных удостоверений составляется в двух экземплярах, один из которых остается в вышестоящей избирательной комиссии, а другой передается в нижестоящую.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 14.05.2019 № 33/267 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Открепительное удостоверение выдается избирателю (либо его представителю по доверенности) при перемене избирателем места своего пребывания в период между представлением списков избирателей для всеобщего ознакомления и днем выборов на основании заявления на получение открепительного удостоверения по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 14.05.2019 № 33/267 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Член участковой избирательной комиссии, выдавший открепительное удостоверение по внесенному заявлению, в списке избирателей напротив фамилии избирателя в графе "примечание" вносит запись о выдаче открепительного удостоверения, его пятизначный серийный номер, дату выдачи и ставит свою подпись.

      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 13.02.2015 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      5. Заполнение открепительного удостоверения по поступившему в участковую избирательную комиссию заявлению производится председателем или членом комиссии на государственном или русском языке по желанию избирателя.

      Открепительное удостоверение имеет пятизначный серийный номер и содержит следующие реквизиты:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии) избирателя;

      2) дата рождения, индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) избирателя;

      3) дата выдачи, номер документа, удостоверяющего личность избирателя, и наименование органа, его выдавшего;

      4) адрес регистрации места жительства избирателя;

      5) номер избирательного участка и его местонахождение, на котором избиратель включен в список избирателей по месту жительства;

      6) наименование выборов. При выборах депутатов маслихатов в открепительном удостоверении указывается соответствующий избирательный округ по выборам депутата областного, городского, районного маслихата. При выборах акима в открепительном удостоверении указывается соответствующий избирательный округ по выборам акима;

      7) дата выдачи открепительного удостоверения;

      8) печать участковой избирательной комиссии;

      9) подпись члена участковой избирательной комиссии, выдавшего открепительное удостоверение.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 29.12.2022 № 139/644 (вводится в действие с 01.01.2023).

      6. Заявление избирателя на получение открепительного удостоверения прилагается к списку избирателей и является основанием для исключения его из списка избирателей по соответствующему избирательному участку.

      7. Исключен постановлением Центральной избирательной комиссии РК от 04.02.2016 № 10/96 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      8. Открепительное удостоверение не выдается избирателям, желающим участвовать в голосовании в другом избирательном округе или на другом избирательном участке в пределах одного населенного пункта.

      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 04.02.2016 № 10/96 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      9. Утраченные открепительные удостоверения не восстанавливаются.

      10. Дубликаты открепительных удостоверений не выдаются.

      11. По предъявлении открепительного удостоверения участковая избирательная комиссия в день голосования включает избирателя в список избирателей на избирательном участке по месту его пребывания.

      Избиратель, включенный в список избирателей на основании открепительного удостоверения, участвует в голосовании только бумажными бюллетенями.

      12. Член участковой избирательной комиссии вносит избирателя в список избирателей под следующим после последнего порядкового номера с указанием:

      1) фамилии, имени, отчества (при его наличии) избирателя;

      2) даты рождения, ИИН избирателя;

      3) даты выдачи, номера документа, удостоверяющего личность избирателя и наименование органа его выдавшего;

      4) адреса регистрации места жительства избирателя;

      5) номера избирательного участка, на котором избиратель включен в список избирателей по месту жительства;

      6) серийного номера открепительного удостоверения, даты его выдачи, после чего ставит свою подпись.

      Избиратель не включается в список избирателей при выборах депутатов областного, городского, районного маслихата, если открепительное удостоверение выдано участковой избирательной комиссией другого избирательного округа.

      Избиратель не включается в список избирателей, если открепительное удостоверение выдано на другом избирательном участке в пределах одного населенного пункта.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением Центральной избирательной комиссии РК от 13.02.2015 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 14.05.2019 № 33/267 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      13. Открепительное удостоверение прилагается к списку избирателей.

      14. Выдача открепительных удостоверений прекращается в 18 часов дня по местному времени, предшествующего дню голосования.

      15. Неиспользованные открепительные удостоверения в участковых избирательных комиссиях подлежат погашению соответствующей участковой избирательной комиссией после 18 часов дня предшествующего дню голосования и передаются в вышестоящую избирательную комиссию после подведения итогов голосования.

      16. Районные, городские, районные в городе избирательные комиссии представляют отчеты об использовании открепительных удостоверений в соответствующие областные, городов республиканского значения и столицы Республики избирательные комиссии с приложением актов о погашении неиспользованных открепительных удостоверений по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 14.05.2019 № 33/267 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам выдачи и учета
открепительных удостоверений
на право голосования

                        ОТКРЕПИТЕЛЬНОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ
                              на право голосования № _____

      Сноска. Приложение 1 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 29.12.2022 № 139/644 (вводится в действие с 01.01.2023).

      _____________________________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата рождения, ИИН избирателя)
_____________________________________________________________ № __________
(наименование документа, удостоверяющего личность избирателя) (номер документа)
выдан _____ ___________ ____ года ___________________________________________
      (дата выдачи)                   (наименование органа его выдавшего)
проживающий (ая) __________________________________________________________
                        (адрес регистрации места жительства)
на основании пункта 6-1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан "О
выборах в Республике Казахстан" включается в день голосования в список избирателей на
избирательном участке по месту его пребывания и имеет право голосовать
___________________________________________________ _________________ года
            (наименование выборов)                         (дата выборов)
Открепительное удостоверение на право голосования выдано участковой избирательной
комиссией избирательного участка № _____
__________________________________________________________________________
(местонахождение избирательного участка: село, поселок, район, город, район в городе,
область)
_________________________________________________________________________
(округ по выборам депутата областного, городского, районного маслихата/ округ по
выборам акима города районного значения, села, поселка, сельского округа)
Председатель участковой избирательной комиссии ________________________________
                                                (подпись) (расшифровка подписи)
МП _____ ____________________________ _______ года
      (дата выдачи открепительного удостоверения)
Действительно при предъявлении документа, удостоверяющего личность избирателя
__________________________________________________________________________
            (пятизначный серийный номер открепительного удостоверения)

  Приложение 2
к Правилам выдачи и учета
открепительных удостоверений
на право голосования

            АКТ приема-передачи открепительных удостоверений
      по выборам _______________________________ Республики Казахстан
                  _____ ________________      ______ года

      Сноска. Приложение 2 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 29.12.2022 № 139/644 (вводится в действие с 01.01.2023).

                        (дата выборов)

  ____ __________ _____ года
(дата составления акта)

      ___________________________________________________________________
            (наименование вышестоящей избирательной комиссии)
передала_________________________________________________________________
            (наименование нижестоящей избирательной комиссии)
________________________________________________________________________
(число открепительных удостоверений на право голосования цифрами и прописью с
                        указанием их серийных номеров)
      Председатель ____________________ ____________ _______________________
            (наименование вышестоящей       (подпись)       (расшифровка подписи)
            избирательной комиссии)
            М.П.
      Секретарь ______________________ ____________       ______________________
                                    (подпись)             (расшифровка подписи)
Председатель ____________ __________________________________________________
      (наименование нижестоящей       (подпись)             (расшифровка подписи)
      избирательной комиссии)
М.П.
Секретарь _________________________ ___________________ _____________________
                                    (подпись)             (расшифровка подписи)

  Приложение 3
к Правилам выдачи и учета
открепительных удостоверений
на право голосования
Кому ______________________
(наименование и местонахождение
участковой избирательной комиссии,
номер избирательного участка)

                                    ЗАЯВЛЕНИЕ
      на получение открепительного удостоверения на право голосования по выборам
      _________________________ Республики Казахстан ____ ___________ ____ года
                                                      (дата выборов)

      Сноска. Приложение 3 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 29.12.2022 № 139/644 (вводится в действие с 01.01.2023).

      Я, _____________________________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата рождения, ИИН избирателя)
__________________________________________________________________№ ________
      наименование документа, удостоверяющего личность избирателя) (номер документа)
выдан _______________ года
____________________________________________________________________________
                  (дата выдачи) (наименование органа его выдавшего)
проживающий(ая) ____________________________________________________________
                              (адрес регистрации места жительства)
в связи с_____________________________________________________________________
            (указывается причина перемены места своего пребывания избирателем)
      и на основании пункта 6-1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан
"О выборах в Республике Казахстан" прошу выдать открепительное удостоверение на право
голосования.

      ____________________________ __________________________________________
            (подпись избирателя)                         (расшифровка подписи)
___ _________ ____ года
(дата обращения)
Примечание: Заявление заполняется избирателем лично, разборчиво.
      Если открепительное удостоверение на право голосования выдается представителю
избирателя по доверенности, то к заявлению прилагается копия документа, удостоверяющего
личность заявителя и представителя, доверенность.

  Приложение 4
к Правилам выдачи и учета
открепительных удостоверений
на право голосования

            Участковая избирательная комиссия избирательного участка № ____
            _____________________________________________________________

            (местонахождение избирательного участка: село, поселок, сельский
                  округ, район в городе, город, район, область)

                                          АКТ

      Сноска. Приложение 4 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 29.12.2022 № 139/644 (вводится в действие с 01.01.2023).

      ____ ______________ ________ года
      (дата принятия акта)
      _________ час. ______________мин.
      (время принятия акта)

                  О погашении неиспользованных открепительных
                  удостоверений на право голосования по выборам

                        _________________________________
                              (наименование выборов)
                        ____ ______________ ________ года
                              (дата проведения выборов)

      В соответствии с пунктом 15 Правил выдачи и учета открепительных удостоверений на
право голосования, утвержденных Постановлением Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан от 8 апреля 2009 года № 161/306 участковая избирательная комиссия
избирательного участка № ___ установила следующее:
      1. количество полученных открепительных удостоверений на право голосования
      ____________ __________________________________________________________
      (число)                         (прописью)
____________________________________________________________________________
                        (серийные номера)
      2. выданы по заявлениям избирателей открепительные удостоверения на право
голосования ____________ _____________________________________________________
            (число)                   (прописью)
____________________________________________________________________________
                        (серийные номера)
      3. погашены неиспользованные открепительные удостоверения на право голосования
путем ______________________________________________________________________
            (проставления штампа, обрезки углов, прокалывания и т.д.)
      ____________ _________________________________________________________
            (число)                   (прописью)
___________________________________________________________________________
                        (серийные номера)
      Копию акта и погашенные неиспользованные открепительные удостоверения на
право голосования передать в вышестоящую избирательную комиссию после подведения
итогов голосования.
      Председатель участковой избирательной комиссии
      МП __________ ______________________
            (подпись) (расшифровка подписи)
      Заместитель председателя участковой избирательной комиссии _________________
___________________________________________________________________________
                        (подпись)             (расшифровка подписи)
      Секретарь участковой избирательной комиссии _______ ______________________
                                                (подпись) (расшифровка подписи)
      члены участковой избирательной комиссии:
_______________ ___________________________________________________________
                        (подпись)             (расшифровка подписи)
___________________________________________________________________________
                        (подпись)             (расшифровка подписи)
_______________ ____________________ _______________________________________
                        (подпись)             (расшифровка подписи)
___________________________________________________________________________

                              (подпись)             (расшифровка подписи)