Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 60 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5662 болып енгізілді.

      Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5406 тіркелген, N 5 (1428)) "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      51-тармақта:
      алтыншы абзацта:
      "ішінде" деген сөз "басталғанда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "уәкілетті орган бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдамаған" деген сөздер "уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы хаты алынбаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Егер сауда-саттықтың тоқтатыла тұруы трейдердің қателігінен не қор биржасының жұмысындағы техникалық іркіліс салдарынан болса, және егер қор биржасының уәкілетті органмен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органның хаты алынбаған болса, олар тоқтатыла тұрған сол сауда күні ішінде сауда-саттықты жалғастыруға жол беріледі.";
      мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
      "Қор биржасының ішкі құжаттары қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұруына әкелген қателік жіберген трейдерді сауда-саттыққа қатысудан шеттету тәртібін айқындайды.".
      2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                           Е. Бахмутова

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 октября 2008 года № 170 "Об утверждении Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 марта 2009 года № 60. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2009 года N 5662

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства от 29 октября 2008 года № 170 "Об утверждении Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5406, опубликованное 14 января 2009 года в газете "Юридическая газета" № 5 (1602)), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 51 :
      в абзаце шестом :
      слова "в течение" заменить словами "с началом";
      слова "принято решение уполномоченным органом" заменить словами "получено письмо уполномоченного органа";
      дополнить абзацем седьмым следующего содержания:
      "Допускается возобновление торгов в течение того же торгового дня, в котором они были приостановлены, если приостановление торгов явилось следствием ошибки трейдера либо технического сбоя в работе торговой системы фондовой биржи и если после проведения фондовой биржей консультации с уполномоченным органом не было получено письмо уполномоченного органа о продлении срока приостановления торгов с ценными бумагами.";
      дополнить пунктом 51-1 следующего содержания:
      "51-1. Внутренние документы фондовой биржи определяют порядок отстранения от участия в торгах трейдера, допустившего ошибку, в результате которой фондовой биржей были приостановлены торги с ценными бумагами.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Организаторам торгов в течение тридцати календарных дней после введения в действие настоящего постановления привести свои внутренние документы в соответствие с требованиями настоящего постановления.
      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и
накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова