Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5406 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4863 тіркелген 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, Орталық депозитарийдің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      6. Агенттік Төрайымы қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым Е. Бахмутова

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 29 қазандағы
№ 170 қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрi – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) екiжақты баға белгiлеу – қаржы құралын сатып алу бағасын, сол сияқты сату бағасын да қамтитын баға белгiлеу;

      2) қаржы құралымен мәмiле орындау (мәмiле орындау) – осы мәмiле тараптарының одан туындайтын мiндеттемелердi орындауы арқылы қаржы құралымен мәмiле бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

      3) нысаналы орналастыруды бақылау үшін қор биржасының жүйесі (бақылау жүйесі) – оған қосылған тұлғаларға мыналарды:

      қосылған тұлғаның клиенттің атынан мәмілелер жасауға уәкілетті брокері үшін лимиттер анықтауға;

      егер осындай мәмілелер бойынша есеп айырысу нақты уақыт режимінде және клирингтік ұйымының қызметін пайдаланусыз жүзеге асырылған жағдайда, кастодиан клиентінің атынан уәкілетті брокер жасаған мәмілелерді растауға;

      кастодиан клиентінің тапсырмасы бойынша брокер жасаған мәмілелерді есеп айырысуларға қабылдауға мүмкіндік беретін қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешені;

      4) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі

      5) қор биржасының сауда жүйесi – қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және қажетті активтер мен рәсімдердің кешені, оларды пайдалана отырып осы қор биржасының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасалады;

      6) қор биржасының трейдері – осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалана отырып қор биржасының мүшесi атынан мәмiлелер жасауға және өзге iс-әрекеттердi орындауға уәкiлеттi жеке тұлға

      7) лот – бұл:

      қаржы құралымен сауда жасау бiрлiгi;

      осы қаржы құралы бойынша өтiнiм мөлшерi тең немесе еселi қаржы құралының саны;

      8) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретiнде таныған және өзiне қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгiлеудi жариялап отыру және ұстап тұру мiндеттемесін қабылдаған қор биржасының мүшесi;

      9) рұқсат ету бастамашысы – бастамасы бойынша қаржы құралдары қор биржасының сауда жүйесінде, бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде немесе биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде айналысқа жіберілетін тұлға;

      10) сауда алаңы – қор биржасының сауда жүйесінің басқа бөлiктерiнен сауда-саттыққа қатысушыларға және айналыстағы қаржы құралдарына қойылатын ерекше талаптарымен, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмiле жасасу мен оларды орындау талаптарымен өзгешеленетiн бөлiгi;

      11) сауда жүйесiндегi айналыс – қандай да болмасын қаржы құралының қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiленiң мәнi болу мүмкiндiгi;

      12) сауда күнi – қор биржасы барлық қаржы құралдары үшiн немесе олардың жеке топтары үшiн күнтізбелік күн шегінде белгілеген кезең, ол кезең ішінде қаржы құралдарымен мәмілелер оның сауда жүйесінде жасалуы мүмкін;

      13) сауда-саттыққа қатысушы – осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалана отырып мәмiлелер жасауға жіберiлген және ол ұйымдастырған сауда-саттыққа қатысатын қор биржасының мүшесi;

      14) сауда сессиясы – сауда күнiнiң бөлiгi;

      15) сауда-саттықты ұйымдастырушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық депозитарийдің клиенттері арасындағы белгіленімдермен алмасу жүйесін пайдалану және оған қолдау көрсету арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруы кезіндегі қор биржасы немесе орталық депозитарий;

      16) төлемге қарсы жеткiзiлiм – мәмiленiң бiр тарабының қаржы құралын жеткiзу мiндеттемелерiн орындауы мәмiленiң екінші тарабының ақшаны және (немесе) өзге қаржы құралдарын жеткiзу жөнiндегi қарсы мiндеттемелерiн орындамаусыз мүмкiн болмайтын не мәмiле тарабының қаржы құралдарын жеткiзу мiндеттемелерiн орындауы оның ақшаны және (немесе) өзге қаржы құралдарын алу жөнiндегi қарсы талаптарын орындамаусыз мүмкiн болмайтын қаржы құралдарымен мәмiлелердi орындау әдiсi;

      17) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Орталық депозитарийдің биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-2. Қор биржасының бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Ескерту. 1-тарау 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері)

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге қаржы құралдарымен мәмілелердi жүзеге асыруға құқығы бар өзге заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.

      Олар үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3916 болып тіркелген "Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 360 қаулысымен және қор биржасының қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері болып табылады.

      Қор биржасының мүшесі болу шарттары мен тәртiбi оның қағидаларымен айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор биржасы мүшелігінің санаттары Қор биржасының Ережесімен айналыстағы қаржы құралдарының топтарына байланысты белгіленеді.

      4. Қор биржасының мүшелері:

      1) қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа оларға берілген мүшелік санаттарға сәйкес қатысады;

      2) қаржы құралдарымен ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысуға және қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін қор биржасынан қажетті және жеткілікті ақпарат алады;

      3) қор биржасы органдарының және мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына Қор биржасының сауда, есеп айырысу және ақпараттық қызмет мәселелері және Қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген басқа мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

      5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қор биржасының мүшелері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының және қор биржасы мүшелерінің қызметін реттейтін қор биржасы ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

      2) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімде және тәртіп бойынша мүшелік жарналарды және қор биржасының алымдарын төлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қор биржасының мүшелері Қағидалардың 6-тармағында көзделген талаптардан басқа:

      1) қор биржасы қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықта мәмілелерді тек қана әділ және тең құқылы сауда принциптерімен, қор биржасының басқа мүшелерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің және инвесторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмей жасайды;

      2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін активтерді жеткізу арқылы қор биржасының есеп айырысу ұйымдарының алдында өз міндеттемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттемелерді уақтылы және толығымен орындайды;

      3) өз қызметінде қор биржасының этика қағидаларын және қор биржасының басқа мүшелеріне (олардың клиенттеріне), өз клиенттеріне және қор биржасына қатысты адал бәсекелестік принциптерін басшылыққа алады, сондай-ақ олардың нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей және жанама ықпал етпейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен өз мүшелеріне (клиенттеріне) және өзге де ықтимал мүдделі тұлғаларға беретін ақпарат көлемі және осындай ақпаратты ұсыну тәртібі анықталады.

      9. Қор биржасының мүшесі - брокер және (немесе) дилер қор биржасын уәкілетті орган осы брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкерлеріне қатысты қабылдаған кез келген санкциялар мен шектеулі ықпал ету шаралары туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қор биржасының ішкі құжаттарымен мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату талаптары мен тәртібі көзделген.

      Осының алдында брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бұдан әрі - лицензия) барлық қор биржаларында оның мүшелігін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, бағалы қағаздардың биржалық және биржадан тыс нарықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен олар жариялап белгілеген бағаларының уақытша немесе тұрақты алып тастауға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны тиісті шешім қабылданған күні лицензия қолданылуының тоқтатыла тұрғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

      Қор биржасы уәкілетті органның көрсетілген хабарламасын алғаннан күннен бастап, мұның алдында оның жасаған мәмілелерін немесе оның мұның алдында туындаған міндеттемелерін орындау мақсатындағы осындай қатысуды қоспағанда, брокерді және (немесе) дилерді өзі жүргізіп отырған қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетеді.

      Қор биржасы уәкілетті органның шешімін көрсетілген брокерге және (немесе) дилерге жеткізгені туралы хабарламасын алған күннен бастап лицензиясы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған брокердің және (немесе) дилердің мүшелігін тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

      Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінен, сондай-ақ биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінен лицензиясының қолданылуы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған брокер және (немесе) дилер жариялаған барлық белгіленген бағаларды көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап алып тастайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Брокердің және (немесе) дилердің қор биржасына мүше болуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы осы брокердің және (немесе) дилердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан дереу шеттетілуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі құжаттарымен Қор биржасының мүшесі үшін белгіленген өзге құқықтардың тоқтатыла тұруына немесе тоқтатылуына алып келеді.

      12. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Трейдерлер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі қор биржасына бар трейдерлер туралы мәліметтерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген көлемде ұсынады.

      14. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерлерге сауда жүйесіне рұқсат берудің шарттары көзделеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі осы қор биржасына өзінің трейдерлері құрамындағы кез келген өзгерістері туралы мәліметтерді ұсынады.

      16. Қор биржасының ішкі құжаттарымен трейдерлердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықты өткізу барысында және сауда алдындағы және саудадан кейінгі ықтимал рәсімдерді (трейдерлердің құзыретіне жататын) орындау барысында трейдерлердің іс-қимыл нормаларын реттейтін құжатты енгізу мүмкіндігі көзделеді.

      17. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерді осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықтан шеттету негіздемелері көзделеді.

      18. Брокердің және (немесе) дилердің - қор биржасы мүшесінің барлық трейдерлері қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілуі осы сауда-саттыққа қатысудан брокердің және (немесе) дилердің өзінің дереу шеттетілуіне душар етеді.

4-тарау. Қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Қор биржасының сауда жүйесінде мынадай бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары айналыста жүр:

      1) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

      2) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

      3) шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркеген, және Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

      4) шығарылымын уәкілетті орган тіркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық міндеттемелері (вексельдер);

      6) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарының облигацияларын қосқандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары;

      7) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

      8) Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары.

      20. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Қор биржасының тізімі жеке алаңдарға, секторларға, санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Қаржы құралы қор биржасы белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда ол қор биржасының тізіміне (қор биржасының ресми тізімі) енгізіледі.

      Қор биржасының тізімі оның ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      25. Басқа жағдайлар сияқты, қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді заңсыз деп тану олардың делистингіне негіздеме болып табылатыны көзделген.

      Уәкілетті орган қор биржасын соттың тиісті шешімі күшіне енген күні бағалы қағаздарды айналысқа жіберу және (немесе) орналастыруды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

      Қор биржасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде шығарылымын мемлекеттік тіркеу заңсыз деп танылған бағалы қағаздарды өз тізімінен алып тастайды.

      Қор биржасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге баға белгілеуді айырбастаудың бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қолдау жасауды тоқтатады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Қор биржасының сауда жүйесі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Қор биржасының өз қызметінде іркіліссіздікті, үздіксіздікті қамтамасыз ету мақсатында екіден кем емес сауда жүйесі (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйелері) болуға тиіс, оның біреуі негізгі, ал басқалары – резервтік ретінде, не резервтік компоненттері дереу белсенділікке дайын күйін сақтайтын жалғыз сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін) иеленеді.

      Бірнеше сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйелерін) пайдаланған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарында негізгі және резервтік жүйелер, сондай-ақ оларды дереу белсенділікке және пайдалануға дайын күйінде ұстау тәртібі айқындалады.

      Жалғыз сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін) пайдаланған кезде қор биржасының ішкі құжаттарында сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржа нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) құрауыштарын дереу белсенділікке дайын күйінде ұстау тәртібі айқындалады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Қор биржасы өзінің сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін) жұмыс жағдайында сақтау үшін мүмкіндігінше бар күшін салады және өзінің мүшелерін оның жұмысындағы іркілістер мен осындай іркілістерді жою жөніндегі шаралар туралы дереу хабарлайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Қор биржасының сауда жүйесінің жеке алаңдарға бөлінуі оның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      29-1. Қор биржасының сауда жүйесі осы Қағидаларда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда осы өтінімді беруді жүзеге асырған сауда-саттыққа қатысушыға тиісінше хабарлай отырып осы өтінімді қабылдамауға (өтінімді қабылдаудан бас тартуға) мүмкіндік жасайды.

      Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

6-тарау. Қор биржасының резервтік орталығы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Қор биржасының резервтік техникалық орталығы болады және ол оның дереу белсенділікке тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) негізгі сауда жүйесіне (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) ұқсас сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) көшірмесі және қор биржасының негізгі сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) орналасқан жерінде болатын резервтік жүйелерге ұқсас резервтік жүйелердің көшірмелері болады;

      2) негізгі сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) орналасқан жерінен 25 километрден кем емес қашықтықта орналасады;

      3) қор биржасының қызметін жүзеге асыруға қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;

      4) күтпеген жағдай туындаған кезде және негізгі сауда жүйесі (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі) орналасқан жерде сауда-саттықты жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда негізгі сауда жүйесінің орналасқан жері бойынша сауда-саттық тоқтатылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттықты жүргізу мүмкіндігін қарастырады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7-тарау. Сауда-саттық жүргізу және қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Қор биржасы қаржы құралдармен өткізетін сауда-саттыққа өздерінің тағайындалған мүше болу санаттарына (мүше болудың әртүрлі санаттары болған жағдайда) сәйкес осы Қор биржасының мүшелері - брокелер және (немесе) дилерлер трейдерлері қатысады.

      Өзге тұлғалар (қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттықта сауда жүйесінің басқарушысы немесе бақылаушы ретінде қатысуға/ішінде болуға уәкілетті қызметкерлерінен басқа) қаржы құралдарымен қор биржасы өткізетін сауда-саттыққа осы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тек байқаушы ретінде ғана қатысуға құқылы. Осы тұлғалар тікелей немесе жанама түрде сауда процесіне араласпайды.

      32. Сауда күнінің және жекелеген сауда сессияларының (ондайлар болған жағдайда) басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ сауда жүйесінің (ондайлар болған жағдайда) жұмысындағы технологиялық үзілістердің басталу және аяқталу уақыты қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      33. Қаржы құралдармен сауда-саттықты өткізу әдістері қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді және олардың алаңдары бойынша түрлендіріледі.

      Қаржы құралдармен іркіліссіз, үздіксіз сауда-саттықты қамтамасыз ету мақсатында қор биржасында әрбір жеке алаңға арналған сауда-саттықты өткізудің бірнеше әдісі болуы тиіс, олардың біреуі - негізгі, ал қалғандары - резервтік ретінде пайдаланылады.

      Бір алаң шегінде сауда-саттық өткізудің бірнеше әдістері пайдаланылған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттық өткізудің негізгі және резервтік әдістері, сондай-ақ сауда-саттық өткізудің резервтік әдістерін пайдалану тәртібі анықталады.

      34. Қаржы құралдарымен қор биржасы өткiзетiн сауда-саттықта мәмiлелер жасасуды оның қатысушылары қор биржасының белгiлi қаржы құралына қатысты немесе белгiлi алаңда пайдалануға рұқсат етiлген сауда-саттық әдістері көрсетiлуi тиiс iшкi құжаттармен белгiленген тәртiпте iске асырады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. "Репо" операциялары Қор биржасының сауда жүйесінде мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) сауда-саттыққа қатысушылардың алдын-ала келісімі бойынша жүргізілетін "тікелей" тәсілмен;

      2) үзіліссіз қарсы аукциондар тәсілі арқылы жүргізілетін "автоматты" тәсілмен.

      36-1. Қағидалардың 36-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген операциялар орталық контрагент қызметтерін пайдалануымен және (немесе) орталық контрагент қызметтерін пайдаланусыз жасалады.

      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын "репо" операцияларының мәні болып табылатын және олар бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылатын бағалы қағаздар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын "репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар құны Қор биржасының Қаржы құралдарына баға беру әдістемесіне сәйкес белгіленген осы бағалы қағаздардың рыноктық құнын негізге алып, анықталады.

      39. Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын "репо" операциялары "репо" операцияларының бастапқы мерзімін ұзарта отырып, тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімнен аспайтын мерзімде жасалады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Қор биржасының ішкі құжаттарында "репо" операцияларын жүргізу талаптары мен тәртібі, оның ішінде "репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар құнын дисконттау, сондай-ақ қарсы агенттердің "репо" операциялары бойынша міндеттемелерін орындау тәртібінің талаптары қарастырылады.

      41. Қаржы құралдарымен мәміле қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес сауда жүйесінде тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.

      42. Сауда-сатты ққа қатысушылармен жасалған қаржы құралдарымен мәмілені ресімдеу тәртібі қ ор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

8-тарау. Маркет-мейкерлер қызметі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Әрбір жеке қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі қор биржасының мүшелері – бір немесе бірнеше брокерге және (немесе) дилерге беріледі.

      Қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер мәртебесін беру тәртібі мынадай талаптар мен рәсімдерді қамтиды:

      қор биржасының мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру туралы мәселені қарау қор биржасының осы мүшесінің маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады;

      қор биржасы маркет-мейкер мәртебесін беру туралы шешімді немесе осындай мәртебені беруден дәлелді бас тартуды осы тармақта көрсетілген өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама түрінде ресімдейді және осы өтінішті берген қор биржасының мүшесіне жібереді;

      қор биржасының тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы шешім осы бағалы қағаздарды Биржаның тізіміне енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ осы бағалы қағаздар бойынша сауда-саттықты ашу күнінен кешіктірілмей қабылданады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43-1. Қор биржасы мүшесінің маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша өтініші мыналарды қамтиды:

      1) қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер маркет-мейкер функцияларын орындауға ниетті қаржы құралының атауы (өзінің қор биржасындағы мүшелігінің санатына сай қор биржасы өткізетін сауда-саттықта мәмілелер жасауға құқылы қаржы құралдары қатарынан);

      2) қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер маркет-мейкер функцияларын орындауға ниет білдірген күн.

      Қор биржасының маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша хабарламасы Қағидалардың 43-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтінішті берген қор биржасының мүшесі – брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер міндеттерін орындау жүктелетін күн туралы мәліметтерді қамтиды.

      Маркет-мейкер міндеттерін орындау қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің өзіне бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және қор биржасының ішкі құжаттарымен маркет-мейкерлерге қойылатын барлық талаптарды орындау (маркет-мейкерлерге жүктелетін барлық функцияларды орындау) міндеттемелерін қабылдауын білдіреді.

      Ескерту. Ереже 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      43-2. Қор биржасы мынадай негіздердің бірі туындаған кезде қор биржасының мүшесі – брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды:

      1) қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер өтінішінің Қағидалардың 43-1-тармағының талаптарына сай келмеу;

      2) қор биржасының мүшесі - брокердің және (немесе) дилердің қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде айла-шарғы жасау және (немесе) жосықсыз іс-әрекет жасау және (немесе) бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану бөлігінде бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қор биржасы ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;

      3) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің басқа атаулы қаржы құралдары бойынша өзінің маркет-мейкер міндеттерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамау.

      Ескерту. Ереже 43-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      44. Маркет-мейкерлер мынадай талаптарды орындайды:

      1) оларға қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдары бойынша екі жақты (сауда күні ішінде) баға белгілеуді жариялайды және ұстап тұрады. Баға белгілеуді жариялау және ұстап тұру маркет-мейкерлердің өз есебінен де, сондай-ақ олардың клиенттерінің есебінен де (клиенттердің тапсырмаларына сәйкес) жүргізіледі.

      2) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайтын маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдарының өздері жариялаған сатып алу және сату бағасының арасындағы спрэдтерін (өзгешеліктерін) қамтамасыз етеді;

      3) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге де талаптарды сақтайды.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      45. Маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдары бойынша өзі жариялаған екі жақты баға белгілеуді маркет-мейкердің қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен сауда сессиясының кез келген сәтінде өзгертуіне жол беріледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      46. Маркет-мейкер мәртебесін беру:

      1) қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге өзіне маркет-мейкер мәртебесі берілгендерінен басқа олармен қатысуға құқылы сауда-саттықтағы өзге қаржы құралдарына қатысты қандай да бір міндеттер мен шектеулер қоймайды;

      2) қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге өзіне маркет-мейкер мәртебесі берілгендерінен басқа олармен қатысуға құқылы сауда-саттықтағы өзге қаржы құралдарына қатысты қандай да бір құқықтар бермейді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      46-1. Қор биржасы мынадай негіздердің бірі туындаған кезде өзінің мүшесін қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды:

      1) қор биржасының мүшесі – осы брокердің және (немесе) дилердің маркет-мейкер ретіндегі одан кейінгі қызметіне бөгет болатын бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қор биржасы ішкі құжаттарының өзгеруі;

      2) қаржы құралдарының қор биржасының сауда жүйесінде одан әрі айналысын мүмкін болдырмайтын жағдайлардың туындауы;

      3) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, қор биржасы ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;

      4) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің кез келген атаулы қаржы құралдары бойынша өзінің маркет-мейкер міндеттерін орындамау;

      5) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің маркет-мейкер мәртебесінен ерікті түрде бас тартуы және оның қор биржасына ерікті түрде бас тарту туралы тиісті жазбаша өтінішті беруі.

      Қор биржасы үш жұмыс күні ішінде осы мүшесінің Қағидалардың 47-тармағында белгіленген талаптарды орындау талабымен ғана осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша өзінің мүшесін маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды.

      Қор биржасы қор биржасының мүшесі - брокерді және (немесе) дилерді маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы қор биржасының шешімін жазбаша хабарлама түрінде ресімдейді және ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қор биржасының мүшесі - осы брокерге және (немесе) дилерге жібереді.

      Қор биржасының мүшесі – брокерді және (немесе) дилерді маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы қор биржасының жазбаша хабарламасы қор биржасының мүшесі – осы брокер және (немесе) дилер қаржы құралы бойынша маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылатын күн туралы мәліметтерді қамтиды.

      Ескерту. Ереже 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      47. Қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен ерікті түрде бас тартқан жағдайда қор биржасы оны қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешімді, бірақ осы қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілген күннен бастап отыз сауда күні өткеннен бұрын емес қабылдайды.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      48. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Сауда жүйесінің жұмысында болған іркіліс сауда-саттыққа қатысушының сауда жүйесінен алып тасталуға тиісті баға белгілеуді (өтінімдерді) көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген міндеттемелерден босату қажеттігі туралы хабарламаны сауда жүйесінің басқарушысына ұсыну талабымен іркіліс пайда болғанға дейін өзі жариялаған баға белгілеуден (өтінімдерден) туындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер жасау міндеттемелерінен босату үшін негіз болып табылады. Осы хабарлама жазбаша түрде ресімделеді, сауда-саттыққа қатысушының жіберілетін құжаттамасының журналында тіркеледі және почтамен (және) немесе қолма-қол, және (немесе) электрондық почтамен және (немесе) факсимильді және (немесе) телекс және (немесе) телеграф хабарламасымен немесе осындай хабарламаны жіберу негізі туындаған сәттегі өзге де ықтимал байланыс түрлерімен жіберіледі.

      Сауда-саттыққа қатысушыны міндеттемелерінен босатудан бас тарту немесе босату туралы шешімді сауда жүйесінің басқарушысы қабылдайды.

      Босату туралы шешім қабылданған жағдайда сауда жүйесінің басқарушысы сауда жүйесінен осы сауда-саттыққа қатысушының хабарламада көрсетілген барлық баға белгілеулерін (өтінімдерін) алып тастайды.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-тарау. Қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру талаптары мен тәртібі

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 165 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Қор биржасы уәкілетті органды тиісті оқиға пайда болған күн аяқталғанға дейін мынадай жағдайларда хабардар етеді:

      1) қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитент акциясының бағасы 1 (бір) сауда күні ішінде 15 (он бес) және одан көп пайызға өзгерген;

      2) бір сауда күні ішінде қор биржасы индексінің деңгейіне бес және одан артық пайызбен өзгерістер;

      3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге жағдайларда.

      Қор биржасының осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген оқиғаларды қамтыған қор рыногындағы жағдайды талдаған хабарламасы жазбаша түрде ресімделеді, қор биржасының жіберілетін құжаттама журналдарында тіркеледі және уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электронды почтамен және (немесе) факсимилді хабарламамен, осы хабарламаны алғандығын міндетті түрде растайтындай етіп, жіберіледі.

      Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      51. Қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрудың, сондай-ақ оны кейіннен қайта бастаудың жағдайлары мен тәртібі белгіленеді. Өзге мүмкін жағдайлардан басқа қор биржасының ішкі құжаттары мыналарды тоқтата тұруды көздейді:

      1) егер кез келген уақыт сәтінде қатарынан екі сауда күні ішінде қор биржасы индексінің деңгейі бірінші сауда күнінің алдындағы сауда күнінің жабылу сәтінде қалыптасқан индекс көрсеткішімен салыстырғанда он бес және одан артық пайызға төмендегені белгіленген жағдайдағы қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторына енгізілген эмитенттер акцияларымен сауда-саттық;

      2) сауда күні ішінде бағасы алдындағы сауда күнінің жабылу сәтінде қалыптасқан осы акциялардың бағасымен салыстырғанда кез келген уақыт сәтінде 30 (отыз) және одан көп пайызға төмендеген қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген акциялармен сауда-саттық;

      3) эмитенттің директорлар кеңесі бекіткен және эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдаудың тәртібі мен мерзімі, міндеттемелерді қайта құрылымдау аясында өткізілетін іс-шаралар бар, оның ішінде бағалы қағаздардың шығарылымының талаптарын өзгерту, міндеттемелерді қайта құрылымдаудан болатын болжамды қаржылық нәтижелер және эмитенттің қызметінде қабылданатын шектеулер бар қайта құрылымдау жоспарына сәйкес міндеттемелерді қайта құрылымдау процесінде бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі бар болған эмитенттің бағалы қағаздарымен сауда-саттықты;

      4) өзге бағалы қағаздармен сауда-саттық, бағалар немесе сауда-саттыққа қатысушылар жариялаған осының алдында тіркелген мәндерден бас тартқан баға белгілеу және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген белгілі шекке қол жеткізу.

      Қор биржасы осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер пайда болған кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады және уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электронды почтамен және (немесе) факсимилді хабарламамен, осы хабарламаны алғандығын міндетті түрде растайтындай етіп, сауда-саттық уақытша тоқтатылғаннан кейінгі бір сағат ішінде жазбаша хабардар етеді.

      Эмитент міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуге байланысты бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы уәкілетті органға өтінішті берген күні қор биржасына осындай өтінішті бергені жөніндегі хабарламаны ұсынады.

      Қор биржасы эмитенттен міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуге байланысты, бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі уәкілетті органға өтінішін бергені жөніндегі хабарламасын алған күні бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрады және сауда-саттық тоқтатыла тұрғаннан кейінгі бір сағат ішінде осындай хабарламаны алғанын міндетті растауымен уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электрондық почтамен және (немесе) факсимильді хабарламамен жазбаша ескертеді.

      Осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелгені туралы хабарламасын алғаннан кейін келесі сауда-саттық сессиясы басталуымен қайта басталады.

      Сауда-саттық қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен, егер уәкілетті орган қор биржасымен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы хаты алынбаған болса, келесі сауда күні басталғанда қайта жалғастырылады.

      Егер сауда-саттықтың тоқтатыла тұруы трейдердің қателігінен не қор биржасының жұмысындағы техникалық іркіліс салдарынан болса, және егер қор биржасының уәкілетті органмен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органның хаты алынбаған болса, олар тоқтатыла тұрған сол сауда күні ішінде сауда-саттықты жалғастыруға жол беріледі.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 60 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      51-1. Қор биржасының ішкі құжаттары қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұруына әкелген қателік жіберген трейдерді сауда-саттыққа қатысудан шеттету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 60 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

10-тарау. Нысаналы орналастыруды бақылау үшін қор биржасының жүйесі

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Қор биржасының ішкі құжаттары кастодианға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық қорының, Қазақстан Республикасының арнайы қаржы компаниясының активтерін нысаналы орналастыруын бақылауға мүмкіндік беретін тәртібі мен рәсімдерін анықтайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, инвестициялық қорларға, Қазақстан Республикасының арнайы қаржы компанияларына қызмет көрсететін кастодиандар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 73-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген клиенттердің активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Қор биржасының бақылау жүйесі активтерді нысаналы орналастыру мақсатында кастодианға мына механизмдерінің бірін пайдалануға мүмкіндік береді:

      1) кастодиан клиентінің атынан брокер жасаған мәмілелерді растау егер осындай мәмілелер бойынша есеп айырысу нақты уақыт режимінде және клирингтік ұйымының қызметтерін пайдаланбаған жағдайда;

      2) кастодиан клиентінің тапсырмасы бойынша брокер жасаған мәмілелерді есеп айырысуларға қабылдауға;

      3) кастодиан клиентінің атынан мәмілелер жасауға уәкілетті брокері үшін лимиттер анықтауға.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54-1. Растау жүйесінің қызмет көрсететін кастодиан растамаған немесе олардың есеп айырысуына қабылданбаған қаржы құралдарымен мәмілелер оны жасаған брокердің меншікті активтері есебінен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және талаптарда орындалады.

      Ескерту. 54-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

11-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі оның ішкі құжаттарында айқындалады, онда өзге де ықтимал талаптардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша мынадай талаптар қамтылады:

      1) қаржы құралдармен жасалған мәмілелерді тіркеу (қаржы құралдарға меншік құқығының ауысуын тіркеу) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) қаржы құралдармен мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау мынадай тәсілдердің бірімен "төлемге қарсы жеткізілім" принципі бойынша жүзеге асырылады:

      олардың сауда жүйесінде тіркелу кезектілігі тәртібімен қор биржасы мүшелерінің басқа мәмілелері бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүргізбестен әрбір жекелеген мәміле негізінде нақты уақыт режимінде;

      қор биржасының жекелеген мүшесі бұрын жасаған мәмілелер бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүзеге асыру нәтижелері бойынша айқындалған және ағымдағы күні орындалуға тиіс таза позициялар (нетто-талаптар және (немесе) нетто-міндеттемелер) негізінде сауда-саттық қорытындылары бойынша;

      орталық контрагент қызметтерін пайдалануымен және қор биржасының жекелеген мүшесі бұрын жасаған мәмілелер бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүзеге асыру нәтижелері бойынша айқындалған және ағымдағы күні орындалуға тиіс таза позициялар негізінде сауда-саттық қорытындылары бойынша;

      3) қаржы құралдарын сатып алу-сату мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындау қор биржасына қызмет көрсететін клирингтік ұйымы (орталық контрагент) қолданатын өзге принциптер, әдістер мен тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Егер сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийде жеке шоты болмаған жағдайда оның бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің орындалуы осы сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийдің депонентінің жеке шоты шеңберінде қосалқы шоты бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер орындалмаған (уақтылы немесе толық орындалмаған) жағдайдағы брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелерінің орындалу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      Қор биржасының ішкі құжаттарымен төтенше жағдайларды ескеруі тиіс (дүлей күш жағдайлары), олар бойынша Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындау мерзімі осындай жағдайлар болған мерзімге ұзартылуы, сондай-ақ осындай жағдай туындаған кездегі қор биржасының және брокерлердің және (немесе) дилерлердің - оның мүшелерінің осындай жағдай пайда болған кездегі іс-қимылдарының тәртібі өсірілуі мүмкін.

      58. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар мен қор биржасы арасындағы сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау мәселелері бойынша дауларды шешу тәртібі қор биржасының даулары мен қақтығыстарын шешу жөніндегі комиссияны құру және оның қызметінің тәртібі көзделетін қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады. Ішкі құжаттарды қабылдау (бекіту), сондай-ақ даулар мен қақтығыстарды шешу жөніндегі комиссияның сандық және дербес құрамын және оның мүшелерінің құрылымын айқындау қор биржасының басқару органының құзыретіне жатады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады