Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 05.11.2021 № 586-НҚ, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 08.11.2021№ 539, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.11.2021 № 579, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.11.2021 № 461, ҚР Энергетика министрінің 17.11.2021 № 355, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.11.2021 № 428, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.11.2021 № ҚР ДСМ-121, ҚР Ішкі істер министрінің 06.12.2021 № 751 және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2021 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрі | С . Баймағанбетов |
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасы | |
Индустрия және сауда министрі | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы | |
Қоршаған ортаны қорғау министрі | Н. Әшімов |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Күрішбаев |
Қазақстан Республикасы | |
Көлік және коммуникация министрі | Ә. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы | |
Еңбек және халықты әлеуметтік | |
қорғау министрі | Г . Әбдіқалықова |
Қазақстан Республикасы | |
Төтенше жағдайлар министрі | В. Божко |
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика және минералдық | |
ресурстар министрі | С. Мыңбаев |
Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар
1. Осы Химиялық өнімдерді түрлі көлік құралдарында тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Химиялық өнім, тасымалдау кезінде пайда болатын діріл, соққылар және жүктемелерге төзімді, оның ішінде көлік бірліктері және/немесе қоймалар арасына жылжыту кезінде, сондай-ақ түбінен жылжыту немесе қаптамадан алу кезінде тасымалдауға арналған орамаларға салынады.
Орау (ыдыс) діріл, температураның, ылғалдың немесе қысымның өзгеруі кезінде зат төгілмейтіндей етіп құрастырылып жабылуға тиіс.
Орауды (ыдысты) осы өнімге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттаманың белгіленген нормаларына сәйкес толтыруға тиіс.
3. Орауды (ыдысты) жасаған материалдар және жабушы құрылғы ораудағы (ыдыстағы) өнімнің құрамына әсер етпеуге, сондай-ақ сыртқы факторлар әсерінен өзгермеуге немесе жаңа қауіпті қасиеттер пайда болуынан өздігінен өзгермеуге тиіс.
4. Қасиеті мен құрамына қарай химиялық өнім ішкі және сыртқы орау жинақтарына оралады.
Ішкі орау жинақтары сыртқы орау жинағына оралуы, салынуы немесе онда тасымалдау кезінде ораудың жыртылуы, тесілуі немесе оның ішіндегісінің сыртқы орау жинағына ағуын болдырмайтын үлгіде төсемдермен жабдықталуы керек.
5. Химиялық өнімдер бір-бірімен қауіпті реакция туғызу және жануды туғызу және/немесе жылудың болымсыз мөлшерін бөлуі, жеңіл тұтанатын, уытты немесе тұншықтыру газдарын бөлуі, басқа да химиялық белсенді және қауіпті, оның ішінде жемірілу заттарының пайда болуы мүмкін жағдайда, олардың екі және одан көп түрлерін бір және сол сыртқы орауға (ыдысқа) салуға рұқсат етілмейді.
6. Химиялық өнімді орау (ыдыс) химиялық өнімнің тұтыну қасиеттерін сақтауды және оның адамға, қоршаған ортаға және мүлікке қауіпті қасиеттері әсерінен қорғауды қамтамасыз ету қажет.
7. Сұйық химиялық өнімдерді тасымалдау кезінде пайда болатын ішкі қысымға төзімді ішкі орауда (ыдыста) құйылады.
Химиялық өнімдерді орау (ыдыс) орау ішінде қысымды көтеруге қабілетті оның құрамындағы газдар мен булардың (температураның артуы, заттардың бөлінуі нәтижесінде немесе басқа себептер бойынша) бөлінуі есебінен қысымын арттыруға қабілетті химиялық өнімнің орауы (ыдысы) желдету осы өнімге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген нормаларға сәйке с саңылауымен жабдықталуға тиіс.
8. Химиялық өнімдерді әуеде тасымалдау жағдайында орау (ыдыс) Қауіпті жүктерді ауада тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі техникалық нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес болуға тиіс (құжат DOC 9284 AN/905, Халықаралық Азаматтық әуе қатынасы ұйымы (ИКАО).
9. Нақты химиялық өнімдерге арналған ораудың (ыдыстың) техникалық сипаттамасы және оның пайдаланылуы стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленеді.