Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 171, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 144, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 474, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 38-ө, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 121, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 132, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 93-ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 42, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 108 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5697 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № 586-НҚ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 8 қарашадағы № 539, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 579, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 461, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 355, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 428, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № ҚР ДСМ-121, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 751 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 368 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 05.11.2021 № 586-НҚ, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 08.11.2021№ 539, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.11.2021 № 579, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.11.2021 № 461, ҚР Энергетика министрінің 17.11.2021 № 355, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.11.2021 № 428, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.11.2021 № ҚР ДСМ-121, ҚР Ішкі істер министрінің 06.12.2021 № 751 және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2021 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министрі

С . Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрі

Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы


Индустрия және сауда министрі

В. Школьник

Қазақстан Республикасы


Қоршаған ортаны қорғау министрі

Н. Әшімов

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы


Көлік және коммуникация министрі

Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы


Еңбек және халықты әлеуметтік


қорғау министрі

Г . Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы


Төтенше жағдайлар министрі

В. Божко

Қазақстан Республикасы


Энергетика және минералдық


ресурстар министрі

С. Мыңбаев


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 5 мамырдағы N 171,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 20 наурыздағы N 144,
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 474,
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2009 жылғы 27 наурыздағы N 38-ө,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 2 наурыздағы N 121,
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 18 наурыз N 132,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 19 наурыздағы N 93-ө,
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 3 наурыздағы N 42,
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі нің
2009 жылғы 21 сәуірдегі N 108
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар

      1. Осы Химиялық өнімдерді түрлі көлік құралдарында тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Химиялық өнім, тасымалдау кезінде пайда болатын діріл, соққылар және жүктемелерге төзімді, оның ішінде көлік бірліктері және/немесе қоймалар арасына жылжыту кезінде, сондай-ақ түбінен жылжыту немесе қаптамадан алу кезінде тасымалдауға арналған орамаларға салынады.

      Орау (ыдыс) діріл, температураның, ылғалдың немесе қысымның өзгеруі кезінде зат төгілмейтіндей етіп құрастырылып жабылуға тиіс.

      Орауды (ыдысты) осы өнімге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттаманың белгіленген нормаларына сәйкес толтыруға тиіс.

      3. Орауды (ыдысты) жасаған материалдар және жабушы құрылғы ораудағы (ыдыстағы) өнімнің құрамына әсер етпеуге, сондай-ақ сыртқы факторлар әсерінен өзгермеуге немесе жаңа қауіпті қасиеттер пайда болуынан өздігінен өзгермеуге тиіс.

      4. Қасиеті мен құрамына қарай химиялық өнім ішкі және сыртқы орау жинақтарына оралады.

      Ішкі орау жинақтары сыртқы орау жинағына оралуы, салынуы немесе онда тасымалдау кезінде ораудың жыртылуы, тесілуі немесе оның ішіндегісінің сыртқы орау жинағына ағуын болдырмайтын үлгіде төсемдермен жабдықталуы керек.

      5. Химиялық өнімдер бір-бірімен қауіпті реакция туғызу және жануды туғызу және/немесе жылудың болымсыз мөлшерін бөлуі, жеңіл тұтанатын, уытты немесе тұншықтыру газдарын бөлуі, басқа да химиялық белсенді және қауіпті, оның ішінде жемірілу заттарының пайда болуы мүмкін жағдайда, олардың екі және одан көп түрлерін бір және сол сыртқы орауға (ыдысқа) салуға рұқсат етілмейді.

      6. Химиялық өнімді орау (ыдыс) химиялық өнімнің тұтыну қасиеттерін сақтауды және оның адамға, қоршаған ортаға және мүлікке қауіпті қасиеттері әсерінен қорғауды қамтамасыз ету қажет.

      7. Сұйық химиялық өнімдерді тасымалдау кезінде пайда болатын ішкі қысымға төзімді ішкі орауда (ыдыста) құйылады.

      Химиялық өнімдерді орау (ыдыс) орау ішінде қысымды көтеруге қабілетті оның құрамындағы газдар мен булардың (температураның артуы, заттардың бөлінуі нәтижесінде немесе басқа себептер бойынша) бөлінуі есебінен қысымын арттыруға қабілетті химиялық өнімнің орауы (ыдысы) желдету осы өнімге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген нормаларға сәйке с саңылауымен жабдықталуға тиіс.

      8. Химиялық өнімдерді әуеде тасымалдау жағдайында орау (ыдыс) Қауіпті жүктерді ауада тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі техникалық нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес болуға тиіс (құжат DOC 9284 AN/905, Халықаралық Азаматтық әуе қатынасы ұйымы (ИКАО).

      9. Нақты химиялық өнімдерге арналған ораудың (ыдыстың) техникалық сипаттамасы және оның пайдаланылуы стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады