Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2014 № 284 бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 44-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту жөніндегі шешім нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Р. Дәленов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрдің м.а.2009
жылғы 7 тамыздағы
N 336 бұйрығымен бекітілді
Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту жөніндегі
ШЕШІМ
2009 жылғы "__" _______________ N ___________
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы
Заңының 44-бабына сәйкес
____________________________________________________________________
(салық органының атауы)
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы,
____________________________________________________________________
СТН, ЖСН/БСН (бар болса))
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы 2009 жылғы
"____" _______________ салықтық өтінішін қарап, мынадай негіз(дер)
бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растаудан
бас тартуды ШЕШТІ:
____
|____| салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін
орындамау;
____
|____| заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы немесе дара
кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер;
____
|____| әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы;
____
|____| әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі және
(немесе) хабар-ошарсыз кеткен;
____
|____| Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216,
217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар
адам;
____
|____| іздеу салынған адам болып табылған.
Салық қызметі органының
басшысы (басшының орынбасары)________________________________
(аты-жөні, қолы, мөрі)
Шешімді алдым _______________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні,
атауы, қолы, (мөрі), күні)
Шешім салық төлеушіге табыс етілді __________________________
(салық қызметі органының лауазымды
тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)
Шешім салық төлеушіге жіберілді _____________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін
растайтын құжат)