"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "кеден одағының", "кеден одағына" деген сөздер тиісінше "Кеден одағының", "Кеден одағына" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ставка", "ставкалар", "процентін", "аффилиирленген" деген сөздер тиісінше "мөлшерлеме", "мөлшерлемелер", "пайызын", "үлестес" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.03.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 N 356-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1-1 - 3-4-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

4 - 7-баптар. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8 - 11-1-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

11-2-бап. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін айқындай отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар:

      1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;

      2) салық салынатын импорт сомасы;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің сомасы;

      4) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы;

      5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;

      6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің соңында асып кетуі;

      7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

      Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.

      Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.

      2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметі органдарының салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

      Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мыналар бойынша:

      1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар;

      2) қосылған құн салығынан босатылған өткізу жөніндегі айналымдар;

      3) қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты;

      4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты;

      5) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы;

      6) салық салынатын айналым көлемін және қосылған құн салығының есепке жатқызылған салық сомасын түзету;

      7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша және өнім берушілер мен сатып алушылар бөлігінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар;

      8) сатып алушылар бөлінісінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;

      9) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасы;

      10) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлегені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.

      3. Шот-фактураны көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:

      1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);

      2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04. N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13 - 15-1-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-1 - 17-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

17-1-бап."Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 201-бабының 1-тармағын қолдану мақсатында 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған шетел валютасындағы табыстарды 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін төлеген кезде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыстарды төлеу күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептеледі деп белгіленсін.

      Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18 - 19-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

19-1-бап.Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-бап. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

20-1-бап.Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21 - 22-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде салық салудың осы бапта белгіленген тәртібі қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 83-бабының, 85-бабы 1-тармағы 7) тармақшасының, 90-бабы 3-тармағының, 106-бабы 2-тармағының, 109-бабы 3-тармағының қолданылуы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін олардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруы бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өздерінің сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру бөлігінде салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары,

      қосу

      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша алынуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылары,

      қосу

      өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау мақсатында қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеу түрінде мемлекеттік бюджеттен алуға жататын (алынған) қаражат,

      алу

      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бұзылған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақылары,

      алу

      қайта сақтандыру шарттары бойынша төлеуге жататын (төленген) сақтандыру сыйлықақылары;

      алу

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар.

      2. Сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:

      1) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;

      2) инвестициялық кірістер;

      3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағамдық айырма бойынша кірістер;

      4) сақтандыру, қайта сақтандыру шартымен байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау бойынша бағамдық айырма;

      5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;

      6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асыратын мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының өтемақы төлемдері;

      7) эмитенттің өзі шығарған акцияларын орналастырудан алған ақшаларының сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының салық салу объектілері болып табылмайды.

      3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өзге қызметтен алған салық салынатын табыстары осы тармақ ережелері ескеріле отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 83-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын бұзған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын, сондай-ақ қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шығыстардың жалпы сомасындағы өзге қызметтен алынған шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен айқындалады.

      4. Сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын кірістері мен шығыстары бойынша және өзге қызметтен алынатын кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

      5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша корпоративтік табыс салығын мынадай мөлшерлемелер бойынша:

      1) жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 4 пайызын;

      2) аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аннуитеттік сақтандыру, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2 пайызын;

      3) аннуитеттік сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру қызметін қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 пайызын;

      4) аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша — аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 8 пайызын төлейді;

      5) алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын үлестес тұлға үлестес тұлға болып танылады.

      6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарға 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс.

      7. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен алынатын кірістері бойынша орналасқан жеріндегі салық органына есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бір айға есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп айырысуын табыс етеді.

      8. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінен түсетін салық салынатын кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін төлейді.

      9. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары орналасқан жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей барлық табыстар жөнінде декларация табыс етуге міндетті.

      10. Корпоративтік табыс салығын төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

      11. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығының есебіне жатқызылмайды.

      12. Осы баптың мақсатында, сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының қызметі өзге қызмет болып табылады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24 - 25-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталатыны белгіленсін.

27 - 32-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

32-1-бап.Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

32-2-бап. Салық төлеушілердің дербес есеп шоттарындағы 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.

      Бұл ретте, 2014 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша төленген өсімпұлдардың сомасы осындай салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған өсімпұлдар сомасын төлеу есебінен бюджетке есепке жатқызылуға жатады.

      Осы баптың ережелері:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;

      2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;

      3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

      жер қойнауын пайдалану;

      ойын бизнесі;

      акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. Заң 32-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

32-3-бап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, зейнетақымен қамсыздандыру және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.

      Осы баптың ережелері:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;

      2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;

      мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

      жер қойнауын пайдалану;

      ойын бизнесі;

      акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. Заң 32-3-баппен толықтырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

33 - 41-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

42-бап."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуi).

      Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасында:

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;

      салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.

      Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары шегінде жүргізіледі.

      Осы тармақшаның үшінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу критерийлерін және:

      осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;

      осы тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кету сомаларын айқындау тәртібін белгілейді.".

      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43 - 47-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

48-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) мынадай:

      1) 2009 жылғы 1 шілдеге дейін 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының:

      274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушілер үшін;

      274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданатын және өткізу бойынша айналымдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектілер салуды жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін;

      2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8 - 12-тармақтарының;

      3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3-1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының;

      4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының;

      657-баптың 3), 5) және 7) тармақшаларының;

      659-баптың 4-тармағының;

      660-баптың;

      662-баптың;

      664-баптың ережелерінің қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 327-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-1-бап. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

48-2-бап.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.

      Осы бапта көзделген салық берешегі жер қойнауын пайдалану келісімшартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылған қызмет шеңберінде түзілген және (немесе) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) ережелеріне сәйкес жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық берешегін қамтымайды.

      Бұл ретте салық берешегін өтеуді кейінге қалдыру мүлікті кепілге қоймай және (немесе) банктің кепілдігінсіз Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге бір рет, осы тармақта көзделген шешім шығарылған күні:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының екінші бағытының;

      Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушілерге беріледі.

      2. Салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті салық төлеуші 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай өтініш берілген айдың алғашқы күні аралығындағы кезеңде түзілген салық берешегі сомасын растайтын құжатпен қоса уәкілетті органға береді. Бұл ретте өтініште салық берешегінің жалпы сомасы, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.

      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім жобасын оның сомасын көрсетпей осындай құжаттардың көшірмелерімен қоса жібереді.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім шығарған күннен бастап уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай шешім қабылданғаны туралы салық төлеушіге жазбаша түрде хабарлайды және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасын көрсетеді. Бұл ретте мерзімі кейінге қалдырылатын салық берешегінің жалпы сомасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, салық төлеушіге 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасына мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 85, 86-тарауларында көзделген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.

      Ескерту. Заң 48-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-3-бап. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

49-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат: N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N-8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж, N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; N 13-14, 58-құжат; N 15-16, 64-құжат), оған мыналарды:

      2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 21-баптың 4-тармағын;

      2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 39-баптың 4-тармағын:

      "4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:

      1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;

      2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.";

      2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.";

      2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 85-бапты:

      "85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің

      төмендеуінен түскен кірістер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:

      1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

      2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

      3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.

      2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.";

      2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 225-баптың 17) тармақшасын:

      "17) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген:

      тауарды өңдеу инвестиция және даму саласындағы уәкілетті орган белгілеген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес келген;

      тауар мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;

      еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған тауар еркін қойма аумағынан әкетілген, көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;";

      2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 226-баптың 2-тармағын;

      2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:

      "2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:

      1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;

      2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;

      3) берілетін мүлік Осы Кодексті 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодексті 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін импортталған берілетін мүлік осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарлар тізбесіне кірсе, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.";

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 230-1-бапты;

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;

      2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты:

      "249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу

      мерзімін өзгерту

      1. Салық органдары, егер:

      1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;

      2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.

      2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.

      3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.

      4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:

      1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

      2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.

      Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.

      5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.

      Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік декларациялау үшін негіздеме болып табылады.

      Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.

      6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.

      Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.

      8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

      Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.";

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:

      "250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға

      қосылған құн салығын төлеу

      "1. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимімен не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар: <*>

      1) жабдықтар; <*>

      2) ауыл шаруашылығы техникасы; <*>

      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы; <*>

      4) тікұшақтар мен ұшақтар; <*>

      5) теміржол локомотивтері мен вагондар; <*>

      6) теңіз кемелері; <*>

      7) қосалқы бөлшектер; <*>

      8) пестицидтер (улы химикаттар); <*>

      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

      10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

      Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

      2. Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерге қатысты қолданылады.

      3. Қосылған құн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының құнын көрсету және көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені ұсынады. <*>

      Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.

      Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығару кедендік төлемдер және акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі. <*>

      4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

      5. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады. <*>

      Бұл ретте:

      1) осы баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде

      осындай малдардың кемуі (өлуі);

      2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкету осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

      5-1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы салынбайды. <*>

      Осы тармақтың ережесі өзінің өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде әкелінген, импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізген кезде де қолданылады.

      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады. <*>

      Осы тармақтың ережесі 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген кезде де қолданылады."; <*>

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;

      3) "Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді болу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      <*> - РҚАО-ның ескертпесі: 2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (2-бапты қараңыз).
      Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-1-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:

      1) жабдықтар;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) темір жол локомотивтері мен вагондар;

      6) теңіз кемелері;

      7) қосалқы бөлшектер;

      8) пестицидтер (улы химикаттар);

      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

      10) тірі ірі қара мал бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.

      Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.

      Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерге қатысты қолданылады.

      Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:

      1) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.

      Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

      Міндеттеме негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді белгіленген тәртіппен төлеген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

      Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есепке жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.

      Осы бапта көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есепке жазыла отырып, төленуге тиіс.

      Бұл ретте:

      осы баптың бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде

      осындай малдардың кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде қолданылады.

      Ескерту. Заң 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

50 - 56-баптар. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

57-бап."Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. Заң 57-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

58-бап.Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

59-бап.Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

60-бап.Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

61-бап.2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның кредитi (қарызы) бойынша талап ету құқықтарын – банктің басқаға берген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк басқаға берген.".

      Ескерту. Заң 61-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

62-бап.2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 99-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.

      Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.".

      Ескерту. Заң 62-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап.Алып тасталды - ҚР 26.12.2012 № 61-IV (04.02.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

64-бап.2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 115-бабы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:

      осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;

      Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.".

      Ескерту. Заң 64-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      65-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында 2011 - 2027 жылдар ішіндегі салық кезеңдерінде мынадай:

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жөніндегі;

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында шеккен шығыстар жөніндегі ақпарат қамтылуға тиіс деп белгіленсін.

      Ескерту. Заң 65-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      66-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:

      "135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға салық салу

      1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның кірістері, мұндай кірістер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда салық салудан босатылуға жатады:

      1) екінші деңгейдегі банктерден активтерді сатып алу және оларды өткізу;

      2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;

      3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иелену және өткізу;

      4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым екінші деңгейдегі банктерден сатып алған, заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша алынған мүлікті мүліктік жалға беру немесе уақытша өтеулі пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;

      5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.

      Бұл ретте алынуға жататын кірістерді осы тармақта көрсетілген кірістерге жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

      3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалдық немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.

      4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалдық әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.

      5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.".

      Ескерту. Заң 66-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

67-бап.2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 137-бабы мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.".

      Ескерту. Заң 67-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

68-бап.2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.".

      Ескерту. Заң 68-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

69-бап.2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.".

      Ескерту. Заң 69-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

70-бап.2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 262-бабы мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, есепке жатқызудың пропорционалдық әдiсiн пайдаланатын ұйымның:

      мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

      кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.

      2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының:

      күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

      кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.".

      Ескерту. Заң 70-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

71-бап.2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 193-бабының 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның дивидендтерді есепке жазу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезеңде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың кемінде 35 пайызын қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы шарттары орындалған кездегі төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.

      Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне бөлінбеген пайданың 30 пайызынан аспайтын кіріс;

      заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.

      Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      2) бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.".

      Ескерту. Заң 71-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады