Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 176 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5770 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-2-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілетін Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Агенттік Басқармасының "Банктің мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5466 тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің N 4 жинағында, 2009 жылғы 13 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 23 (1446) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ға мәлімет үшін жіберсін.

      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 5
тамыздағы N 176 қаулысымен
бекітілді

Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі

      Осы Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімінің заңдық күшіне енуіне дейін банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің (бұдан әрі - банк) активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - операция).

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру операциясы (бұдан әрі – операция) банк депозиторларының және мүдделерін қорғау мақсатында өткізіледі.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуетті сатып алушы банк – банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде беру туралы шартты банкпен жасасу мақсатында операцияға қатысу ұсынысын қабылдаған екінші деңгейдегі банк;

      2) сатып алушы банк – банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерін бір бөлігін немесе толық мөлшерде бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан екінші деңгейдегі банк;

      3) уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) – мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және банктің басқаруын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті органмен тағайындалған орган;

      4) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Операцияны банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімші) (бұдан әрі – уақытша әкімшілік) уәкілетті органның келісуі бойынша соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізеді.

      Банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігі немесе толық мөлшерде бір мезгілде бір банкке де және бірнеше екінші деңгейдегі банкке де беруге жол беріледі.

      Операцияны жүзеге асыру шарттарының бірі берілетін активтердің берілетін жеке және заңды тұлғалардың депозиттеріне жүз елу пайыздық ара қатынасынан аспауы болып табылады.

      4. Уақытша әкімшілік операцияны жүргізу туралы шешімді банктің лицензиясынан айырылу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін мынадай ақпаратты бере отырып, уәкілетті органға өтініш жасайды:

      1) банктің тапсырылатын міндеттемелерінің мөлшері және активтерінің баланстық (бар болса – бағалау) құны, міндеттемелерін, банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқығын, сондай-ақ банктің меншік құқығын растайтын құжаттамаларын көрсете отырып, олардың сипаттамаларын;

      2) банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарттың жобасын.

      4-1. Активтер мен міндеттемелерді беру бойынша операциялар жүргізу кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері қосылады:

      1) жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар, дебиторлық берешек және қамтамасыз ету;

      2) акциялар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;

      3) өзге де бағалы қағаздар;

      4) ақша;

      5) жылжымалы және жылжымайтын мүлік құқығы;

      6) лицензиялық құқықтар;

      7) өзге де жылжымалы мүлік;

      8) жылжымайтын мүлік;

      9) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;

      10) банк шотының шарттары, қазынашылық операциялар, РЕПО операциялары бойынша, валютаны және тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату жөніндегі банкаралық мәмілелер бойынша, туынды қаржы құралдары бойынша, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер;

      11) өткізу актісінде аударылатын өзге міндеттемелер мен активтер.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Уәкілетті орган қажет болғанда уақытша әкімшіліктен операция жүргізуге байланысты бар құжаттарды сұратады.

      6. Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уақытша әкімшіліктің операцияны жүргізуіне келіседі не келісуден бас тартады.

      7. Уәкілетті органмен операция келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерінің алдағы берілетіндігі туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Уақытша әкімшілік Ереженің 11-тармағының талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктерге бес жұмыс күнінен аспайтын қарау және жауап беру мерзімімен, "Қатаң конфиденциалды" белгісі қойылған операция жүргізуге қатысу туралы ұсыныс хатты жібереді. Хатта банктің активтері мен міндеттемелерінің беруге болжамдалған көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Екінші деңгейдегі банктер берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша құжаттарды алған кезде әлеуетті сатып алушы банктер банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде қабылдау мүмкіндігін қарастыруға байланысты алған ақпараттың құпиялылығын сақтау және жария етпеуі туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды.

      Әлеуетті сатып алушы банктің сұратуы бойынша уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қосымша ақпаратты ұсынады.

      11. Сатып алушы банк мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;

      уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік заемдық операцияларды жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге берілген лицензиясының иегері; V070004873

      алдағы жүзеге асырылатын операцияны ескере отырып, соңғы есепті күніне пруденциалдық нормативтерді және Банктер туралы Заңының 61-3-бабының 7-тармағының талаптарын орындайды;

      уәкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болмауы;

      банктің депозиторларына қызмет көрсету үшін филиалдарының болуы.

      12. Уақытша әкімшілік сатып алушы банктің таңдауын жүзеге асырады.

      Бір өтінім болған кезде сатып алушы банк болып өтініш беруші банк танылады.

      Екі және одан көп өтінім болған кезде сатып алушы банк болып депозиттер бойынша міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық ара қатынасын ұсынған өтініш беруші банк танылады.

      Депозиттер бойынша міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық ара қатынасын ұсынған екі және одан көп өтініш беруші банк болған жағдайда уақытша әкімшілік соңғы есеп беру күніне активтерінің мөлшері ең үлкен өтініш беруші банкті таңдайды.

      Егер өтініш беруші банк депозиттердің бір бөлігін ғана қабылдауға мүмкіндігінің болуы туралы хабарласа, уақытша әкімшілік, соңғы есеп беру күніне азаю ретімен активтер мөлшерінің шамасына қарай, таңдалған өтініш беруші банктен кейін келетін өтініш беруші банктердің арасынан таңдайды.

      Екі және одан көп таңдалған өтініш беруші банк болған кезде банктің берілетін активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері олардың арасында таңдалған өтініш беруші банктер қабылдауға көздеген жеке және (немесе) заңды тұлғалар депозиттерінің көлеміне қарай пайыздық арақатынасы бойынша бөлінеді. Бұл ретте, банктің берілетін активтерінің тізбесі әрбір таңдалған өтініш беруші банк үшін шамасы банктің өтімді және өтімді емес активтері бойынша жеке есептелетін көрсетілген пайыздық арақатынасын ескере отырып қалыптастырылады.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның әлеуетті сатып алушы банкке операцияны жүргізу үшін заем беру немесе онда депозиттерді орналастыру туралы шешімі болған жағдайда әлеуетті сатып алушы банк ол туралы өтінімінде көрсетеді.

      13. Егер берілетін активтер берілетін жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінен аспаған жағдайда берілетін депозиттердің тізіміне енгізуі мынадай басымдылықта жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың депозиттері енгізіледі;

      2) екінші кезекте заңды тұлғалардың депозиттері енгізіледі;

      14. Дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны баланстық және баланстан тыс есепте тұрған берешек сомасы ретінде анықталады.

      Операцияны жүзеге асырған кезде банк активтерінің құны мен міндеттемелерінің мөлшері уақытша әкімшілік пен сатып алушы банкпен (банктермен) келісілген беру күніне есептеледі.

      15. Қажет болған жағдайда банктің берілетін активтерінің тәуелсіз бағалауы жүргізіледі.

      Тәуелсіз бағалаушыны таңдау әлеуетті сатып алушы банктің келісуі бойынша уақытша әкімшілікпен жүзеге асырылады.

      Бағалаушының қызметіне ақы төлеу банктің және әлеуетті сатып алушы банктің (банктердің) тең мөлшердегі қаражаты есебінен жүргізіледі.

      16. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде сатып алушы банкке (банктерге) беру өткізу актісімен қоса, уақытша әкімшілік пен сатып алушы банктің (банктердің) арасында екі данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған шарттың (шарттардың) негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Өткізу актісін ресімдеу кезінде операцияны жүзеге асырған күні онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банк активтері ескерілген банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері және тізбесі;

      2) қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борышты, банктік қарыз шартының жасалған күні және нөмірі, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, банктің банктік қарыз бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;

      3) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозитор заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есептелген банк шоттарының нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы ставкасы көрсетілген депозиттер тізбесі;

      4) клиенттер, олардың операциялары және банктің операциялары, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы туралы ақпараттан және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті ақпараттан тұратын берілетін деректер қорының тізбесі (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттық қоймалары).

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. 15-тармақта көзделген шығыстарды қоспағанда, операцияны жүргізуге байланысты шығыстар сатып алушы банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      19. Уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан күнінен және өткізу актісіне қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Уақытша әкімшілік сатып алушы банкпен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға баспасөз-релизін ұсынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Банктің уақытша әкімшілігі жүргізген операция жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      22. Операция жүргізілгеннен кейін банктің уақытша әкімшілігі алушы банкпен (банктермен) жасалған шарттың көшірмесін және өткізу актісін уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Правил проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка, лишенного лицензии на проведение банковских операций, другому (другим) банку (банкам)

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 176. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 сентября 2009 года № 5770. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2019 года № 9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.01.2019 № 9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации пункта 3 статьи 61-2 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка, лишенного лицензии на проведение банковских операций, другому (другим) банку (банкам).

      2. Признать утратившим силу постановление Правления Агентства от 28 ноября 2008 года № 191 "Об утверждении Правил проведения операций по одновременной передаче обязательств и имущества банка другому (другим) банку (банкам)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5466, опубликованное в 2009 году в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 4, 13 февраля 2009 года в газете "Юридическая газета" № 23).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      4. Департаменту ликвидации финансовых организаций (Жумабаева З.С.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и Акционерного общества "Казахстанский фонд гарантирования депозитов".

      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.

Председатель

Е. Бахмутова


  Утверждены
постановлением Правления
Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору
финансового рынка и
финансовых организаций
от 5 августа 2009 года № 176

Правила
проведения операции по одновременной передаче
активов и обязательств банка, лишенного лицензии на проведение
банковских операций, другому (другим) банку (банкам)

      Настоящие Правила проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка, лишенного лицензии на проведение банковских операций, другому (другим) банку (банкам) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках) и определяют порядок проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка, лишенного лицензии на проведение банковских операций (далее - банк) в части либо в полном размере перед физическими и (или) юридическими лицами другому (другим) банку (банкам) временной администрацией (временным администратором) банка до вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка (далее - операция).

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Операция по одновременной передаче активов и обязательств банка, в части либо полном размере перед физическими и (или) юридическими лицами другому (другим) банку (банкам) (далее - операция) проводится в целях защиты прав и интересов депозиторов банка.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) потенциальный банк-приобретатель - банк второго уровня, принявший предложение участвовать в операции с целью заключения договора с банком об одновременной передаче его активов и обязательств в части либо полном размере по депозитам физических и (или) юридических лиц;

      2) банк-приобретатель - банк второго уровня, с которым заключен договор об одновременной передаче активов и обязательств банка, в части или в полном размере по депозитам физических и (или) юридических лиц;

      3) временная администрация (временный администратор) - орган, назначаемый уполномоченным органом для обеспечения сохранности имущества и осуществления мероприятий по обеспечению управления банком;

      4) уполномоченный орган – государственный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Операция проводится по согласованию с уполномоченным органом временной администрацией (временным администратором) банка (далее - временная администрация) до вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка.

      Допускается одновременная передача активов и обязательств банка в части или в полном размере по депозитам физических и (или) юридических лиц как одному, так и нескольким банкам второго уровня.

      Одним из условий осуществления операции является не более чем сто пятидесяти процентное соотношение передаваемых активов к передаваемым депозитам физических и (или) юридических лиц.

      4. Временная администрация принимает решение о проведении операции в течение десяти рабочих дней с даты лишения банка лицензии и обращается в уполномоченный орган для согласования вопроса о проведении данной операции с представлением следующей информации:

      1) размер предполагаемых к передаче обязательств и балансовая (оценочная - при наличии) стоимость активов банка, их описание с указанием документации, подтверждающей обязательства, права требования по дебиторской задолженности, а также право собственности банка на предполагаемые к передаче активы;

      2) проект договора об одновременной передаче активов и обязательств банка.

      4-1. В состав активов и обязательств, передаваемых при проведении операции по передаче активов и обязательств, включаются следующие виды активов и обязательств:

      1) займы, выданные физическим и юридическим лицам, дебиторская задолженность и обеспечение;

      2) акции и доли участия в уставном капитале юридических лиц;

      3) иные ценные бумаги;

      4) деньги;

      5) права на движимое и недвижимое имущество;

      6) лицензионные права;

      7) иное движимое имущество;

      8) недвижимое имущество;

      9) депозиты физических и юридических лиц;

      10) обязательства по договорам банковского счета, казначейским операциям, операциям РЕПО, по межбанковским сделкам по купле-продаже валюты и аффинированных драгоценных металлов, по производным финансовым инструментам, по выпущенным условным обязательствам (аккредитивам, гарантиям);

      11) иные обязательства и активы, перечисляемые в передаточном акте.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-1 в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Уполномоченный орган при необходимости запрашивает у временной администрации имеющиеся документы, связанные с проведением операции.

      6. Уполномоченный орган согласовывает либо отказывает в согласовании проведения временной администрацией операции в срок не более десяти рабочих дней.

      7. После согласования операции с уполномоченным органом временная администрация осуществляет публикацию объявления о предстоящей передаче активов и обязательств банка в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан на казахском и русском языках.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Временная администрация направляет в банки второго уровня соответствующее требованиям пункта 11 Правил письмо-предложение об участии в проведении операции с грифом "Строго конфиденциально" со сроком рассмотрения и представления ответа на него не позднее пяти рабочих дней. В письме указывается предполагаемый к передаче объем активов и обязательств банка.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. При получении банками второго уровня документации по передаваемым активам и обязательствам потенциальные банки-приобретатели подписывают соглашение (обязательство) о соблюдении конфиденциальности и неразглашении информации, полученной в связи с рассмотрением возможности одновременного принятия активов и обязательств банка.

      По запросу потенциального банка-приобретателя временная администрация предоставляет дополнительную информацию с соблюдением установленных законодательными актами Республики Казахстан требований о неразглашении сведений, составляющих коммерческую, банковскую и иную охраняемую законом тайну.

      11. Банк-приобретатель соответствует следующим требованиям:

      является участником системы обязательного гарантирования депозитов;

      обладает лицензией уполномоченного органа на прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов физических лиц, прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов юридических лиц, проведение банковских заемных операций, проведение кассовых операций;

      выполняет пруденциальные нормативы на последнюю отчетную дату, с учетом предстоящего осуществления операции и требования пункта 7 статьи 61-3 Закона о банках;

      не имеет действующих ограниченных мер воздействия и санкций, примененных уполномоченным органом;

      имеет филиалы для обслуживания депозиторов банка.

      12. Временная администрация осуществляет выбор банка-приобретателя.

      При наличии одной заявки банком-приобретателем признается банк-заявитель.

      При наличии двух и более заявок, банком-приобретателем признается банк-заявитель, предложивший минимальное процентное соотношение между принимаемыми обязательствами по депозитам и активами.

      В случае наличия двух и более банков-заявителей, предложивших одинаковое минимальное процентное соотношение между принимаемыми обязательствами по депозитам и активами, временная администрация выбирает банк-заявитель с наибольшим размером активов на последнюю отчетную дату.

      В случае, если выбранный банк-заявитель сообщает о возможности принятия только части депозитов, временная администрация осуществляет дополнительный выбор среди других банков-заявителей, следующих вслед за выбранным банком-заявителем исходя из величины размера активов на последнюю отчетную дату в порядке убывания.

      Передаваемые банком активы и обязательства по депозитам физических и (или) юридических лиц при наличии двух и более выбранных банков-заявителей распределяются между ними в процентном соотношении исходя из объема депозитов физических и (или) юридических лиц, который выбранные банки-заявители предполагают принять. При этом, перечень передаваемых активов банка для каждого выбранного банка-заявителя формируется с учетом указанного процентного соотношения, величина которого высчитывается из числа ликвидных и неликвидных активов банка в отдельности.

      При наличии решения организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, о предоставлении потенциальному банку-приобретателю займа или размещении у него депозита для проведения операции, потенциальный банк-приобретатель указывает об этом в заявке.

      13. В случае, если передаваемые активы не превышают передаваемые депозиты физических и юридических лиц, включение в список передаваемых депозитов осуществляется в следующей приоритетности:

      1) в первую очередь включаются депозиты физических лиц;

      2) во вторую очередь включаются депозиты юридических лиц.

      14. Стоимость передаваемых прав требований по дебиторской задолженности определяется как сумма задолженности, числящейся на балансовых и внебалансовых счетах.

      При осуществлении операции стоимость активов и размеры обязательств банка рассчитываются на дату передачи, согласованную временной администрацией и банком (-ами) - приобретателем (-ями).

      15. При необходимости производится независимая оценка передаваемых активов банка.

      Выбор независимого оценщика осуществляется временной администрацией по согласованию с потенциальным банком-приобретателем.

      Оплата услуг оценщика производится за счет средств банка и потенциального банка (банков) - приобретателя (-лей) в равных размерах.

      16. Передача активов и обязательств банка в части либо в полном размере по депозитам физических и (или) юридических лиц банку (банкам) - приобретателю (приобретателям) осуществляется на основании договора (договоров), заключенного (заключенных) в двух экземплярах на казахском и русском языках временной администрацией банка с банком (банками) - приобретателем (приобретателями), с приложением передаточного акта.

      Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. При оформлении передаточного акта на дату осуществления операции в нем указываются следующие сведения:

      1) размер и перечень передаваемых активов банка с указанием наименования, инвентарного номера (при наличии), балансовой, оценочной стоимости (при необходимости), номеров банковских счетов, на которых учтены активы банка (при необходимости), документов, подтверждающих право собственности банка (при необходимости);

      2) стоимость и перечень передаваемых прав требований по банковским займам с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) заемщика-физического лица, наименования заемщика-юридического лица, основного долга по займам, дат заключения и номеров договоров банковских займов, срока действия договоров банковских займов, ставок вознаграждения по банковским займам, начисленных и полученных банком сумм вознаграждения по банковским займам;

      3) размер передаваемых обязательств по депозитам физических и юридических лиц, в том числе перечень депозитов с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) депозиторов-физических лиц, наименования депозиторов-юридических лиц, номеров банковских счетов, на которых учтены суммы депозитов, суммы депозита, даты заключения и номера договора банковского счета и (или) банковского вклада, срока действия договора, ставки вознаграждения по вкладу;

      4) перечень передаваемых баз данных (в том числе архивных хранилищ документов в бумажной форме), в которых содержится информация о клиентах, их операциях и операциях банка, первичные документы, история взаимоотношений с клиентами и иная информация, необходимая для надлежащего исполнения прав и обязательств по принимаемым активам и обязательствам.

      Сноска. Пункт 17 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Расходы, связанные с проведением операции, за исключением расходов, предусмотренных пунктом 15 настоящих Правил, осуществляются за счет средств банка-приобретателя.

      19. Временная администрация банка в течение одного рабочего дня со дня заключения договора об одновременной передаче активов и обязательств банка и подписания передаточного акта направляет уполномоченному органу копии указанных документов.

      Сноска. Пункт 19 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Временная администрация совместно с банком-приобретателем проводит пресс-конференцию и представляет в уполномоченный орган пресс-релиз для размещения на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 20 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Информация о проведенной операции публикуется временной администрацией банка в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на казахском и русском языках.

      22. После проведения операции временная администрация банка представляет в уполномоченный орган копии договора с банком (банками) - приобретателем (приобретателями) и передаточного акта.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 22 в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2015 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).