Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 175 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5780 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 66 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 200 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5464 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесінде:
      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"1-тарау. Екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторлар және оларды анықтау әдістемесі

      1. Екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторлар мыналар болып табылады:
      1) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
      2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;
      3) банк активтері сомасындағы өтімді активтер үлесінің азаюы;
      4) негізгі борыш және (немесе) есептелген пайыздық сыйақы бойынша заңды тұлғалар үшін отыздан асатын күнтізбелік күнге, жеке тұлғалар үшін алпыстан асатын күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешектің өсуі;
      5) банктің несие портфелінде негізгі борыш және (немесе) есептелген пайыздық сыйақы бойынша берешектің мерзімі тоқсаннан астам күнтізбелік күнге өткен заемдар үлесінің өсуі;
      6) қалыптастырылған провизиялар сомасының негізгі борыш және (немесе) есептелген пайыздық сыйақы бойынша берешектің мерзімі 90-нан асатын күнтізбелік күнге өткен кредиттерге ара қатынасының төмендеуі;
      7) құрылысқа және коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлікті сатып алуға берілген заемдар мен ипотекалық тұрғын үй заемдары үлесінің банктің несие портфеліне ара қатынасының өсуі;
      8) банк міндеттемелері сомасындағы заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдар үлесінің төмендеуі;
      9) банктің несие портфелінің заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің (арнайы мақсаттағы еншілес ұйымының (SPV) салымдарын қоспағанда), сондай-ақ бас ұйымының алдындағы алынған заемдар бойынша банк міндеттемелерінің сомасына ара қатынасының өсуі;
      10) банк міндеттемелерінің активтерінен асқан сомасының (бұдан әрі – теріс ГЭП позициясы) өтеу мерзімі бір жылға дейінгі банк міндеттемелеріне ара қатынасының асып кетуі;
      11) банктің шығынды қызметі.
      2. Осы Ереженің 1-тармағында көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
      1) жүйелі үш айдың ішінде екі және одан көп рет меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің уәкілетті органмен белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,01-ге асатын немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуі.
      2) бастапқы мәндері уәкілетті органмен белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,01-ге асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
      3) жүйелі үш айдың ішінде екі және одан көп рет өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті органмен белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуі;
      4) бастапқы мәндері уәкілетті органмен белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейден төмен болған кезде өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;
      5) жүйелі үш айдың ішінде екі және одан көп рет активтер сомасындағы жоғары өтімді активтер үлесінің он немесе одан төмен пайызға төмендеуі немесе оның бастапқы мәні он пайыздан кем болған кезде активтер сомасындағы жоғары өтімді активтер үлесінің төмендеуі;
      6) несиелік портфельде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің мерзімі тоқсан күннен астамын құрайтын заемдар он және одан көп пайыз көлемінде болған кезде кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша заңды тұлғалар үшін отыз күннен және жеке тұлғалар үшін алпыс күннен астам өсуі;
      7) банктің несиелік портфелінде он және одан көп пайызы негізгі борыш және есептелген пайыздық сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің мерзімі тоқсан күннен астамын құрайтын заемдар болған кезде негізгі борыш және есептелген пайыздық сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің мерзімі тоқсан күннен астамын құрайтын заемдар үлесінің өсуі;
      8) банктің несиелік портфелінде негізгі борыш және (немесе) есептелген пайыздық сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің мерзімі тоқсан күннен астамын құрайтын кредиттер үлесінің іс жүзіндегі мәндері он және одан пайызға тең болған кезде қалыптастырылған провизиялар сомасының негізгі борыш және (немесе) есептелген пайыздық сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің мерзімі тоқсан күннен астамын құраған кредиттерге ара қатынасының 1-ден төменгі мәніне төмендеуі;
      9) жүйелі үш ай ішінде коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүліктің құрылысына және сатып алуға берілген және ипотекалық тұрғын үй заемдар үлесінің бес және одан көп пайыздық тармаққа өсуі;
      10) коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүліктің құрылысына және сатып алуға берілген заемдардың және ипотекалық тұрғын үй заемдарының банктің жалпы несиелік портфелі көлемінің отыз және одан көп пайызын құрайтын көлемінде болуы;
      11) банк міндеттемелері сомасындағы SPV салымдарын ескермегендегі заңды және жеке тұлғалардың тартылған мерзімді салымдары үлесінің он және одан астам пайызға төмендеуі;
      12) жалпы берілген заемдар көлемінің заңды және жеке тұлғалардың тартылған депозиттері (SPV салымдарын қоспағанда) сомасына, сондай-ақ банктің алынған заемдар бойынша бас ұйымның алдындағы міндеттемелеріне ара қатынасының 2 мәнінен асып кетуі, 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап – 1,5.
      Егер жоғарыда көрсетілген арақатынастың асып кетуі заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып алуына байланысты болса банктің қаржылық жай-күйін нашарлатуға ықпал ететін факторы болып табылмайды;
      13) мынадай формула бойынша есептелетін банктің теріс ГЭП позициясының өтеу мерзімі бір жылға дейінгі банк міндеттемелеріне ара қатынасының отыз пайызға және одан да көп мөлшерге асып кетуі:
      А - О
        О   , онда
      А – өтеу мерзімі бір жылға дейінгі активтер;
      О - өтеу мерзімі бір жылға дейінгі міндеттемелер;
      14) жүйелі үш ай ішінде банктің шығынды қызметі.
      Ереженің 2-тармағы 9), 10) тармақшаларының талаптары "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына қатысты таралмайды.
      Ереженің 2-тармағы 12) тармақшасының талаптары активтеріндегі меншікті капиталының үлесі елу пайыздан астамын құрайтын банктерге қатысты таралмайды.";
      3-тармақта:
      3) тармақшада "ел экономикасының бір секторының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бір секторына жататын Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бір экономика секторына жататын Қазақстан Республикасының эмитенттерімен шығарылған қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне ара қатынасының өсуі;";
      "4-1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шетел валютасында ірілендірілген қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне ара қатынасының өсуі;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен акцияларға инвестициялардың жиынтық үлесінің өсуі;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміндегі осы жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтері есебінен акцияларға инвестициялардың жиынтық үлесінің өсуі;";
      6) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі зейнетақы активтері есебінен эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына инвестициялар үлесінің өсуі;
      9) осы жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінің жалпы көлеміндегі меншікті активтері есебінен эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына инвестициялар үлесінің өсуі;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі және (немесе) инвестициялық комитеті белгілеген инвестициялау лимиттерін асыру.";
      4-тармақта:
      1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жүйелі үш ай ішінде екі және одан көп рет меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,01-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуі;
      2) бастапқы мәні уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,01-ге асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капитал жеткіліктілігінің төмендеуі;";
      3) тармақшада:
      "пайыздық тармаққа" деген сөздер "пайызға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "он екі, отыз алты және" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақшада "ел экономикасының бір секторының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бір секторына жататын Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасы экономикасының бір секторының қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне ара қатынасының қырық пайыздық мәннен асуы;";
      5) тармақшада "акцияларға" деген сөзден кейін "жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) акцияларға жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерін есебінен инвестициялардың жиынтық үлесінің жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлемінің жиырма пайызы мәнінен асуы;";
      6) тармақшада "жиынтық" деген сөз "жалпы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шетел валютасында ірілендірілген қаржы құралдарына орналастырылған меншікті активтері көлемінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жиынтық көлеміне ара қатынасының отыз пайыздық мәннен асуы;";
      7) тармақша алынып тасталсын;
      8) тармақшаның екінші бөлігінде "." деген тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері көлемінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы көлеміне қатынасы бес пайызы мәнінен асуы.
      10) эмитенті шығарылған облигациялар бойынша сыйақы және (немесе) негізгі борыш сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтері көлемінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті активтерінің жалпы көлеміне қатынасы бес пайызы мәнінен асуы;
      11) жүйелі үш ай ішінде екі және одан көп рет жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі және (немесе) инвестициялық комитеті белгілеген инвестициялау лимиттерін асыру.";
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жүйелі үш ай ішінде екі және одан көп рет төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің, оның бастапқы мәні уәкілетті орган белгілеген мәнінен 0,5 немесе одан аз тармаққа жоғары болған кезде 0,1 және одан көп тармаққа төмендеуі;";
      3) тармақшада "жүйелі үш ай ішінде" деген сөздерден кейін "екі және одан көп рет" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "төлем қабілеттілігі маржасының" деген сөздер "жоғары өтімді активтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада:
      "жүйелі үш ай ішінде" деген сөздерден кейін "екі және одан көп рет" деген сөздермен толықтырылсын;
      "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары" деген сөздер "тікелей сақтандыру және кіріс қайта сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "Standard & Poor's" агенттігінің "BB-"-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5331 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықтың 35-тармағына сәйкес уәкілетті органмен танылатын басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе осы рейтингтік агенттіктерінің рейтингтік бағасы жоқ, не Standard & Poors рейтингтік агенттігінің жіктелімі бойынша Қазақстан Республикасының тиісті тәуелсіз рейтингінен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар елде тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес жекелеген қайта сақтандыру ұйымында қайта сақтандыру шарты (шарттары) бойынша жауапкершілігі көлемінің тікелей сақтандыру және кіріс қайта сақтандыру шарттары бойынша жиынтық жауапкершілігі көлеміне ара қатынасының он пайыз мәнінен асып  кетуі;";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Қаржы ұйымының қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оған тексеру жүргізу қорытындылары бойынша осы Ереженің 1, 3, 5-тармақтарында көзделген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган қаржы ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне қаржы ұйымының қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын және оның қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жолдайды.
      Қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органның талабын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      1) қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактордың егжей-тегжейлі талдауын;
      2) осы фактордың болжамын, осындай болжамның негіздемесін және қаржы ұйымының қызметіне тигізетін теріс ықпалын;
      3) осы факторды жақсарту бойынша шараларды, яғни оны қаржы ұйымының қызметі үшін қауіпсіз (қосымша тәуекелсіз) болған деңгейге дейін жеткізуді;
      4) іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімін көрсете отырып);
      5) іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғаларды қамтитын іс-шаралар жоспарын әзірлеп, уәкілетті органға ұсынады.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын оны қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алдын ала қарайды.
      Уәкілетті орган қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган мен қаржы ұйымы іс-шаралар жоспарын жетілдіру мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін жою үшін жоспарға түзетулер енгізеді немесе, осындай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздеулерін ұсынады.
      Уәкілетті орган жетілдірілген іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда қаржы ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімде оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға оның іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде орындалғаны туралы есебін ұсынады.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда қаржы ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне қатысты тиісінше Банктер туралы Заңның 45-бабының 2-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 41-2-бабының 2-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды қою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден қою шараларын қолданады.
      Қаржы ұйымы осы Ереженің 1, 3, 5-тармақтарында көзделген факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда көрсетілген факторларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оның қаржылық жай-күйінің нашарлаған жағдайын көрсететін ақпаратты ұсынады.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                           Е. Бахмутова

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 200 "Об утверждении Правил применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка второго уровня, накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, страховой (перестраховочной) организации"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 175. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 сентября 2009 года № 5780. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 66

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов регулирующих деятельность банков второго уровня, накопительных пенсионных фондов и (или) организации, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, страховых (перестраховочных) организаций, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства от 28 ноября 2008 года № 200 "Об утверждении Правил применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка второго уровня, накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, страховой (перестраховочной) организации" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5464) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах применения мер раннего реагирования и методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка второго уровня, накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, страховой (перестраховочной) организации, утвержденных указанным постановлением:
      главу 1 изложить в следующей редакции:
      "Глава 1. Факторы, влияющие на ухудшение финансового положения банка второго уровня, и методика их определения
      1. Факторами, влияющими на ухудшение финансового положения банка второго уровня (далее - банк), являются:
      1) снижение коэффициентов достаточности собственного капитала;
      2) снижение коэффициентов ликвидности;
      3) уменьшение доли высоколиквидных активов в сумме активов банка;
      4) увеличение просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению для юридических лиц свыше тридцати календарных дней, для физических лиц свыше шестидесяти календарных дней;
      5) увеличение доли займов, по которым срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней в ссудном портфеле банка;
      6) снижение соотношения суммы сформированных провизий к кредитам, по которым срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней;
      7) увеличение соотношения доли займов, выданных на приобретение и строительство коммерческой и жилой недвижимости и ипотечных жилищных займов к ссудному портфелю банка;
      8) снижение доли привлеченных вкладов юридических и физических лиц в сумме обязательств банка;
      9) увеличение соотношения ссудного портфеля банка к сумме депозитов юридических и физических лиц (за исключением вкладов дочерних организаций специального назначения (далее - SPV)), а также обязательств банка перед родительской организацией по полученным займам;
      10) превышение соотношения суммы превышения обязательств над активами (далее - отрицательная ГЭП позиция) банка к обязательствам банка со сроком погашения до одного года;
      11) убыточная деятельность банка.
      2. Определение факторов, влияющих на ухудшение финансового положения банка, предусмотренных пунктом 1 настоящих Правил, осуществляется по следующей методике:
      1) снижение два и более раза в течение трех последовательных месяцев коэффициентов достаточности собственного капитала до или ниже уровня, превышающего на 0,01 минимальные значения коэффициентов достаточности собственного капитала, установленные уполномоченным органом;
      2) снижение коэффициентов достаточности собственного капитала при нахождении их первоначальных значений ниже уровня превышающего на 0,01 минимальные значения коэффициентов достаточности собственного капитала, установленные уполномоченным органом;
      3) снижение два и более раза в течение трех последовательных месяцев коэффициентов ликвидности до или ниже уровня, превышающего на 0,1 минимальные значения коэффициентов ликвидности, установленные уполномоченным органом;
      4) снижение коэффициентов ликвидности при нахождении их первоначальных значений ниже уровня превышающего на 0,1 минимальные значения коэффициентов ликвидности, установленные уполномоченным органом;
      5) снижение два или более раза в течение трех последовательных месяцев доли высоколиквидных активов в сумме активов до десяти или менее процентов, или снижение доли высоколиквидных активов в сумме активов при первоначальном его значений менее десяти процентов;
      6) рост просроченной задолженности свыше тридцати календарных дней для юридических лиц и шестидесяти календарных дней для физических лиц по основному долгу и (или) процентному вознаграждению по кредитам, при наличии в ссудном портфеле десяти и более процентов займов, по которым срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней;
      7) увеличение доли займов, по которым срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней, при наличии в ссудном портфеле банка десяти и более процентов займов, срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней;
      8) снижение соотношения суммы сформированных провизий к кредитам, по которым срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней, ниже значения 1, при фактическом значении доли кредитов, по которым срок просроченной задолженности по основному долгу и (или) начисленному процентному вознаграждению составляет свыше девяноста календарных дней, в ссудном портфеле банка равном десяти и более процентам;
      9) увеличение доли займов, выданных на приобретение и строительство коммерческой и жилой недвижимости и ипотечных жилищных займов на пяти и более процентных пунктов в месяц в течение трех последовательных месяцев;
      10) наличие займов, выданных на приобретение и строительство коммерческой и жилой недвижимости и ипотечных жилищных займов в объеме тридцати и более процентов от общего объема ссудного портфеля банка;
      11) снижение доли привлеченных срочных вкладов юридических и физических лиц, без учета вкладов SPV в сумме обязательств банка на десять и более процентов;
      12) превышение соотношения общего объема выданных займов к сумме привлеченных депозитов юридических и физических лиц (за исключением вкладов SPV), а также обязательств банка перед родительской организацией по полученным займам значения 2, с 01 января 2011 года - 1,5.
      Не является фактором, влияющим на ухудшение финансового положения банка, если превышение вышеуказанного соотношения связано с оттоком депозитов юридических и физических лиц;
      13) превышение соотношения отрицательной ГЭП позиции банка к обязательствам банка со сроком погашения до одного года в размере тридцати процентов и более, рассчитываемая по следующей формуле:

      А - О
      -----
        О   , где

      А - активы со сроком погашения до одного года;
      О - обязательства со сроком погашения до одного года;
      14) убыточная деятельность банка в течение трех последовательных месяцев.
      Требования подпунктов 9), 10) пункта 2 Правил не распространяются в отношении акционерного общества "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана".
      Требования подпункта 12) пункта 2 Правил не распространяется в отношении банков, доля собственного капитала которых в активах составляет свыше пятидесяти процентов.";
      в пункте 3:
      в подпункте 3) слова "одного сектора экономики страны" заменить словами ", выпущенные эмитентами Республики Казахстан, относящимися к одному сектору экономики Республики Казахстан";
      дополнить подпунктами 3-1), 4-1) следующего содержания:
      "3-1) увеличение соотношения объема собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, размещенных в финансовые инструменты, выпущенные эмитентами Республики Казахстан, относящимися к одному сектору экономики Республики Казахстан, к общему объему собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами;";
      "4-1) увеличение соотношения объема собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, размещенных в финансовые инструменты, деноминированные в иностранной валюте, к общему объему собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами;";
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) увеличение совокупной доли инвестиций за счет пенсионных активов накопительного пенсионного фонда в акции от общего объема пенсионных активов данного накопительного пенсионного фонда;";
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) увеличение совокупной доли инвестиций за счет собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами в акции от общего объема собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами;";
      подпункт 6) исключить;
      в подпункте 7) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";
      дополнить подпунктами 8), 9), 10) следующего содержания:
      "8) увеличение доли инвестиций за счет пенсионных активов в финансовые инструменты, по которым эмитент допустил дефолт по выплате вознаграждения и (или) основной суммы долга по выпущенным облигациям от общего объема пенсионных активов данного накопительного пенсионного фонда;
      9) увеличение доли инвестиций за счет собственных активов в финансовые инструменты, по которым эмитент допустил дефолт по выплате вознаграждения и (или) основной суммы долга по выпущенным облигациям от общего объема собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами;
      10) превышение лимитов инвестирования, установленных советом директоров и (или) инвестиционным комитетом накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами.";
      в пункте 4:
      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:
      "1) снижение два и более раза в течение трех последовательных месяцев коэффициента достаточности собственного капитала до или ниже уровня, превышающего на 0,01 минимальное значение коэффициента достаточности собственного капитала, установленного уполномоченным органом;
      2) снижение достаточности собственного капитала при нахождении его первоначального значения ниже уровня, превышающего на 0,01 минимальное значение коэффициента достаточности собственного капитала, установленного уполномоченным органом;";
      в подпункте 3):
      слова "процентных пунктов" заменить словом "процентов";
      слова "двенадцать, тридцать шесть и" исключить;
      в подпункте 4) слова "одного сектора экономики" заменить словами ", выпущенные эмитентами Республики Казахстан, относящимися к одному сектору экономики Республики Казахстан";
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) превышение соотношения объема собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, размещенных в финансовые инструменты одного сектора экономики Республики Казахстан, к общему объему собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами значения сорока процентов;";
      в подпункте 5) после слова "инвестиций" дополнить словами "за счет пенсионных активов накопительного пенсионного фонда";
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) превышение совокупной доли инвестиций за счет собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами в акции значения двадцати процентов от общего объема собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами;";
      в подпункте 6) слово "суммарному" заменить словом "общему";
      дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:
      "6-1) превышение соотношения объема собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, размещенных в финансовые инструменты, деноминированные в иностранной валюте, к общему объему собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами значения тридцати процентов;";
      подпункт 7) исключить;
      в части второй подпункта 8) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";
      дополнить подпунктами 9), 10), 11) следующего содержания:
      "9) превышение объема пенсионных активов накопительного пенсионного фонда, размещенных в финансовые инструменты, по которым эмитент допустил дефолт по выплате вознаграждения и (или) основной суммы долга по выпущенным облигациям, к общему объему пенсионных активов данного накопительного пенсионного фонда значения пяти процентов;
      10) превышение объема собственных активов накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, размещенных в финансовые инструменты, по которым эмитент допустил дефолт по выплате вознаграждения и (или) основной суммы долга по выпущенным облигациям, к общему объему собственных активов данного накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами значения пяти процентов;
      11) превышение два или более раза в течении трех последовательных месяцев лимитов инвестирования, установленных советом директоров и (или) инвестиционным комитетом накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами.";
      в пункте 6:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) снижение два и более раза в течение трех последовательных месяцев норматива достаточности маржи платежеспособности на 0,1 и более пунктов при его первоначальном значении выше установленного уполномоченным органом, на 0,5 или менее пунктов;";
      в подпункте 3) после слова "снижение" дополнить словами "два и более раза";
      в подпункте 4) слова "маржи платежеспособности" заменить словами "высоколиквидных активов";
      в подпункте 5):
      после слова "превышение" дополнить словами "два и более раза";
      слово "тридцать" заменить словом "двадцать";
      слова "договорам страхования (перестрахования)" заменить словами "договорам прямого страхования и входящего перестрахования";
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      "7) превышение соотношения объема ответственности по договору (договорам) перестрахования в отдельной перестраховочной организации - нерезиденте Республики Казахстан, имеющей международную рейтинговую оценку агентства "Standard & Poor's" ниже "BB-" или рейтинга аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств, признаваемых уполномоченным органом в соответствии с пунктом 35 Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов страховой (перестраховочной) организации, формах и сроках представления отчетов о выполнении пруденциальных нормативов, утвержденной постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 22 августа 2008 года № 131 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов страховой (перестраховочной) организации, формах и сроках представления отчетов о выполнении пруденциальных нормативов" (зарегистрированной в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5331), или не имеющей рейтинговую оценку данных рейтинговых агентств, либо зарегистрированной в стране, имеющей суверенный рейтинг ниже соответствующего суверенного рейтинга Республики Казахстан по классификации рейтингового агентства "Standard&Poors" или суверенного рейтинга аналогичного уровня, к совокупному объему ответственности по договорам прямого страхования и входящего перестрахования, значения десяти процентов;";
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. В случае выявления факторов, предусмотренных пунктами 1, 3, 5 настоящих Правил, в результате анализа финансового положения финансовой организации и (или) по итогам ее проверки, уполномоченный орган направляет в финансовую организацию и (или) ее акционерам требование в письменной форме по представлению плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования по повышению финансовой устойчивости финансовой организации, недопущению ухудшения ее финансового положения и увеличения рисков, связанных с ее деятельностью (далее - план мероприятий).
      Финансовая организация и (или) ее акционеры в срок не более пяти рабочих дней со дня получения требования уполномоченного органа разрабатывают и представляют в уполномоченный орган план мероприятий, который содержит:
      1) детальный анализ фактора, влияющего на ухудшение финансового положения финансовой организации;
      2) прогноз данного фактора, обоснование данного прогноза и негативные влияния на деятельность финансовой организации;
      3) меры по улучшению данного фактора, то есть доведения до уровня не представляющего угрозу (дополнительные риски) для деятельности финансовой организации;
      4) сроки исполнения плана мероприятий (с указанием сроков исполнения по каждому пункту плана мероприятий);
      5) ответственных должностных лиц за исполнение плана мероприятий.
      Уполномоченный орган проводит предварительное рассмотрение плана мероприятий в течение десяти рабочих дней с даты его представления финансовой организацией и (или) ее акционерами.
      В случае не согласия уполномоченного органа с планом мероприятий, предоставленным финансовой организацией и (или) ее акционерами на рассмотрение, уполномоченный орган и финансовая организация проводят совместные обсуждения с целью доработки плана мероприятий. При этом, финансовая организация корректирует план для устранения замечаний уполномоченного органа или, в случае несогласия с такими замечаниями, предоставляет свои обоснования.
      Уполномоченный орган одобряет или не одобряет доработанный план мероприятий в течение пяти рабочих дней.
      В случае одобрения представленного плана мероприятий уполномоченным органом, финансовая организация и (или) ее акционеры приступают к его реализации и представляют в уполномоченный орган отчет о выполнении мероприятий, в сроки, установленные планом мероприятий.
      В случае неодобрения плана мероприятий, уполномоченный орган применяет к финансовой организации и (или) ее акционерам одну или несколько мер раннего реагирования посредством предъявления требований, предусмотренных пунктом 2 статьи 45 Закона о банках,   пунктом 2 статьи 41-2 Закона о пенсионном обеспечении, пунктом 2   статьи 53 Закона о страховой деятельности соответственно.
      В случае самостоятельного выявления факторов, предусмотренных пунктами 1, 3, 5 настоящих Правил, финансовая организация в течение пяти рабочих дней со дня выявления указанных факторов представляет в уполномоченный орган информацию, отражающую состояние ухудшения ее финансового положения с приложением плана мероприятий, предусмотренного настоящими Правилами.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту стратегии и анализа (Абдрахманов Н.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.

      Председатель                               Е. Бахмутова