"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін республикалық бюджет туралы заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Тұрғанқұлов |
Хатшы | Б. Мелдешов |
"Келісілген" | |
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және ақпарат министрімен | |
__________ М.А. Құл-Мұхаммед | |
2009 жылғы 14 қыркүйек | |
"Келісілген" | |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрімен | |
_________ Б.Б. Жәмішев | |
2009 жылғы 17 қыркүйек | |
"Келісілген" | |
Қазақстан Республикасы | |
Экономика және бюджеттік | |
жоспарлау министрімен | |
_________ Б.Т. Сұлтанов | |
2009 жылғы 16 қазан |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 166/314 қаулысымен бекітілген |
Саяси партияларды қаржыландыру ережесі
1. Осы Ереже "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы негізінде әзірленді және саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының соңғы сайлауы (бұдан әрі - сайлау) қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) сайлау нәтижелерін анықтағаннан кейін бес күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялар, және олар алған сайлаушылар дауысы туралы мәліметтерді әкімшіге жібереді.
4. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің үш пайызын ескере отырып айқындалады.
Республикалық бюджет құрамындағы шығыстарды жоспарлауды тиісті бюджет бағдарламасының әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес іске асырады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2011.06.23 № 50/80 (2010.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.07 N 11/171 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.5. Бюджет қаражаты саяси партиялар арасында алынған сайлаушылардың дауыстарына барабар бөлінеді, бұл туралы әкімші Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес шешім қабылдайды.
Саяси партияларға бюджет қаражаты жыл сайын әкімшінің міндеттемелері мен төлемдері жоспарына сай тең төлемдермен қаржылық жыл бойына айдың соңғы жұмыс күні бөлінеді.
Саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыруға қаражат саяси партияның екінші деңгейдегі банкте ашылған жекелеген шотына түседі. Республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік қаражат бойынша есеп басқа қаржыландыру көздерінен бөлек жүргізіледі.
6. Саяси партияларды қаржыландыру Ортсайлауком Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланған депутаттары ретінде тіркеген айдан басталады және Парламенттің келесі шақырылымының бірінші сессиясы ашылған күннен бастап не Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау өткізілетін жылы саяси партияларға республикалық бюджет қаражатынан төленетін сома осы Ереженің 3 және 4-тармақтарының және 6-тармағы бірінші абзацының талаптарын ескере отырып, нақтылануы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2012.11.26 N 25/189 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.7. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану туралы шешімді саяси партия өзінің жарғысымен белгіленген тәртіпте қабылдайды.
8. Республикалық бюджеттен алынған қаражатты саяси партиялар осы Ережелердің 9-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып, саяси партияның жарғылық мақсаттарын, міндеттері мен құқықтарын іске асыруға пайдаланады.
9. Бюджет қаражатын саяси партиялар сайлауалды үгіт жүргізуге, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге, сайлауалды көпшілік шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға, кандидаттардың көлік шығындарын өтеуге, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет жүргізуге, қайырымдылыққа пайдаланбайды, қаражат партия мүшелері арасында бөлінбейді.
10. Бюджет қаражатын пайдалануда саяси партиялардың бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзғандығы анықталған жағдайда, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен саяси партияны қаржыландыру үшін қаражат бөлу тоқтатылады.
Саяси партия алған бюджеттік қаражатты осы Ережемен көзделмеген мақсаттарға жұмсаса, бұл қаражат республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.
Саяси партияларды қаржыландыруды қайтадан бастау заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
11. Саяси партиялар меңгермеген қаржы республикалық бюджетке қайтаруға жатпайды.
12. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 16.09.2024 № 40/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Заңнамада белгіленген тәртіппен саяси партияны тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап саяси партиялар республикалық бюджеттен қаржыландыруға жатпайды.