"Саяси партияларды қаржыландыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегi № 166/314 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 25/189 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8191 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негiзiнде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Саяси партияларды қаржыландыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5825 тiркелген, 2009 жылғы 14 қарашадағы № 46 (464) «Официальная газета» газетінде жарияланған) 2009 жылғы 3 қыркүйектегi № 166/314 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Саяси партияларды қаржыландыру ережесiнде:
      алтыншы тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Саяси партияларды қаржыландыру Ортсайлауком Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланған депутаттары ретінде тіркеген айдан басталады және Парламенттің келесі шақырылымының бірінші сессиясы ашылған күннен бастап не Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау өткізілетін жылы саяси партияларға республикалық бюджет қаражатынан төленетін сома осы Ереженің 3 және 4-тармақтарының және 6-тармағы бірінші абзацының талаптарын ескере отырып, нақтылануы тиіс.».
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлiмi осы қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы бiрiншi қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                   Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                    Б. Мелдешов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      _________ Б.Б. Жәмішев
      2012 жылғы 26 қараша

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат министрі
      _________ Д.Қ. Мыңбай
      2012 жылғы 29 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады