Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 478 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5828 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 15.07.2016 № 619 бұйрығымен.

      "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343–II Заңын жүзеге асыру мақсатында және ерте шақта балалардың есту қабілеті бұзылуларын уақтылы айқындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріп отырған Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):
      1) жаңа туған нәрестелерге және бір айлық балаларға – перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда және жаңа туған нәрестелердің патологиялары және шала туған балаларға күтім жасайтын ірі бөлімшелерде (30 төсектен астам), ерте шақтағы балаларға – алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын уақтылы жүргізуді;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерін жаңа туған нәрестелер және ерте шақтағы балаларға есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізуді үйренуге жіберуді;
      3) есту функциясы бұзылған балаларды аумақтық немесе республикалық сурдологиялық кабинеттерге тереңдетілген аудиологиялық тексеруге жіберуді;
      4) оңалту шараларын (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантанттау, сурдопедагогикалық сабақтар) уақтылы өткізуді, оның ішінде есту функциясы бұзылған балаларды есту-сөйлеуін оңалтудың барабар жағдайларын анықтау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының басшылары жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмилдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                           Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 28 қыркүйектегі 
N 478 бұйрығымен бекітілген

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының
скринингін және диагностикасын ұйымдастыру
ережесі

      Осы ереже "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343–II Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібін реттейді (бұдан әрі – Ереже).
      Ереже меншік нысанына қарамастан, сурдологиялық көмек көрсетуші ұйымдарға таралады.

1. Жалпы ережелер

      1. Скрининг – бұл алдын алу мақсатындағы әмбебап зерттеу, ол барлық тексерілгендердің ішінен скринингтің нысаны болып табылатын бұзылу мүмкіндігі жоғары индивидуумдарды айқындауға арналған.
      2. 3 жасқа дейінгі балалардың есту функциясы бұзылуының скринингі мен диагностикасы әртүрлі дәрежедегі және этиологиядағы біржақты және сонымен қатар екіжақты төмендеуі бар пациенттермен уақтылы түзету жұмысын жүргізу үшін туа біткен және ерте пайда болған кереңдікті анықтау мақсатында жалпы стандартталған тексерумен түсіндіріледі.
      3. Есту скринингі немесе аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын анықтаудың жалғыз және тиімді әдісі болып табылады, бұл нәрестенің мінез-құлық реакциясына қармастан субъективтік және объективтік аудиологиялық тестердің яғни қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу (бұдан әрі – ҚОАЭ) жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

2. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасының мақсаттары мен міндеттері

      4. Есту қабілеті бұзылулары скринингі ерте шақтағы балалардың есту органдарының патологиясын уақытылы айқындау мақсатында қолданылады.
      5. Ерте шақтағы балаларға есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) жүргізудің міндеттері:
      1) балалардың есту қабілетінің патологиялары мен бұзылуларын жаңа туылған кезінен бастап ерте айқындау;
      2) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және емдік көмек көрсету үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға) жіберу;
      3) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және түзету-дамыту оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу;
      4) есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;
      5) есту қабілеті бұзылған науқастар мен олардың есту органдарын протездеуге, кохлеарлық имплантацияға және есту-сөйлеуін оңалтуға қажеттіліктері туралы деректер қорын құру үшін тексерілген балаларды есепке алып отыру.

3. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібі

      6. Есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасы перзентханада немесе босану бөлімшесінде барлық жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін 2-3-ші тәулігінде неонатолог-дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике жүргізеді. Жекелеген жағдайда баланың денсаулығына байланысты скрининг күтімнің 2-ші кезеңінде жүргізіледі.
      7. Жаңа туған нәрестелерді есту қабілетінің скринингі: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес анамнез жинауды және құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сондай-ақ, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тежелген ҚОАЭ әдісімен аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды.
      8. Есту қабілеті скринингінің нәтижелері және құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары туралы мәліметтер жаңа туылған нәрестенің даму тарихына (N 097/у нысаны) жазылады және босану мекемесінен шығу қағазында көрсетілуге тиіс.
      9. Есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) теріс нәтижемен өткен, қауіп факторлары жоқ және невропатолог пен басқа да мамандардың байқауға мұқтаж емес балалардың бұдан әрі есту қабілетін зерттеу 10-тармаққа сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген скринингтік тексеру нәтижесінде есту қабілетінің бұзылу қаупі және есту функцияларының бұзылулары анықталған жағдайда жаңа туған нәресте тереңдете аудиологиялық тексеру үшін сурдологиялық кабинетке жіберіледі.
      10. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі балалар емханасында және басқа да алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (бұдан әрі – АМСК) ұйымдарында төмендегі декреттелген мерзімдерде жүргізіледі:
      1) 1 жасқа дейінгі балаларға – тоқсан сайын;
      2) 3 жасқа дейінгі балаларға – алдыңғы скрининг нәтижелеріне қарамастан, жылына 2 рет.
      11. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингін АМСК ұйымының дені сау балалар кабинетінің медициналық қызметкері жүргізеді.
      12. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі: осы бұйрыққа 123-қосымшаларға сәйкес анамнез жинауды, құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сауалнама-сұрақтарды толтыруды және ҚОАЭ тіркеу әдісімен объективті аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды.
      13. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес АМСК мекемелерінің дені сау балалар кабинетінің медицина қызметкері мен учаскелік педиатр скринингтік тексеру мен тереңдетілген аудиологиялық тексеру көрсетімдерін салыстыруы тиіс.
      14. Баланы есту қабілетін тереңдете тексеруге жіберу үшін көрсетімдер:
      1) құлақ мүкістігі бойынша негізгі қауіп факторларының болуы (жақын туыстарында есту қабілетінің бұзылуы, жүктілік кезеңінде анасының жұқпалы және вирусты аурулармен ауыруы, 20 ммоль/л астам билирубині бар гипербилирубинемия, туған кездегі салмағы 1500 граммнан кем, жақ-бет сүйегінің патологиясы);
      2) дыбыстарға реакциясы жоқ, реакциясы тұрақсыз немесе тек қатты дыбыстарға ғана реакция;
      3) атын атағанда реакциясы жоқ немесе тұрақсыз (бірде бар, бірде жоқ) немесе кеш пайда болды;
      4) былдырлауы жоқ немесе біртекті, жұтаң, 6 айдан кейін жаңа дауыссыздар пайда болмайды;
      5) алғашқы сөздері 2 жастан кейін, бірінші сөйлемдері – 2,5 жастан кейін пайда болады (есту қабілетін аз немесе орташа жоғалтқан жағдайға тән);
      6) айтылған өтініштерді түсінуі нашар;
      7) сөйлеу тілін ыммен көрсетуі оны түсінуді жеңілдетеді;
      8) бала жиі қайталап сұрайды;
      9) қаратып айтқан кезде айтушының бетіне қарауға тырысады, өйткені бұл сөйлеу тілін түсінуін жеңілдетеді.
      15. Көрсетімдері болған (қауіп факторлары айқындалған, аудиологиялық скринингтің "ӨТПЕДІ" деген нәтижесі) кезде жаңа туған нәресте есту қабілеті төмендегенін растау және оның сипаты мен дәрежесін анықтау мақсатында тереңдете аудиологиялық тексеру жүргізу үшін өңірлік немесе республикалық сурдологиялық кабинетке жіберіледі.
      16. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті скринингінің нәтижелері баланың даму тарихында және ведомстволық статистикалық есептілікте (N 31 нысан) көрсетілуге тиіс.
      17. Есту қабілетінің төмендеуі расталған жағдайда бала оған уақтылы және барабар медициналық көмек көрсету (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантация) және есту-сөйлеуін оңалту мақсатында БМСК ұйымдарында және аймақтық сурдологиялық кабинетте диспансерлік есепке алынады.
      18. Баланы тереңдете аудиологиялық тексеру қысқа латентті қайтарылған есту потенциалдарын тіркеуге және отоакустикалық эмиссияны тіркеуге негізделген акустикалық импендансометрияны, объективті аудиометрияны қамтуға тиіс.
      19. Есту функциясы бұзылған бала есту-сөйлеуін оңалтуға барабар жағдайларды анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілуі керек.
      20. Ілесе жүретін психоневрологиялық бұзылулардың болуы есту қабілетін объективті және субъективті әдістермен кешенді тексеру жүргізуге қосымша негіздеме болып табылады.

Ерте шақтағы балалардың есту  
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 1-қосымша     

Жаңа туған нәрестелерге және ерте шақтағы балалардың құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары

N

Қауіп факторлары

1

Ерте, кеш және ұзақ өтетін гестоздар

2

Токсикоздар және жүктілікті үзіп тастау қаупі

3

Ана мен шарананың резус-келіспеушілігі

4

Жатырдағы жаңа түзілімдер, цитостатиктерді қолдану

5

Ананың жүктілік кезінде жұқпалы және вирусты аурулармен ауыруы (қызамық, қызылша, тұмау, ангина, цитомегаловирус, герпес, токсоплазмоз, хламидиоз, трихомониаз, АҚТҚ және басқалар)

6

Ананың жүктілік кезінде және баланың қабылдайтын ототоксинді препараттары (аминогликозидтер қатарындағы антибиотиктер – стрептомицин, блеомицин, мономицин, канамицин, гентамицин, неомицин және басқалар), дәрілік препараттар – фуросемид, аспирин, хинин)

7

Қан аздығы, қант диабеті, тиреотоксикоз

8

Шұғыл, кешіккен, уақытынан бұрын, созылған босанулар

9

Шарананың алға қарай құйрығымен және жамбасымен жатуы

10

Бала жолдасының (плацента) орталық орналасуы, бала жолдасының ішінара аршылуы, қан кету

11

Акушерлік қысқыштарды салу

12

Кесарь тілігін жасау

13

Шарананы қысып тастау

14

Нәрестенің тұншығып туылуы (асфиксия)

15

Бас сүйегі ішіндегі босандыру жарақаты

16

Гипербилирубинемия (20 ммоль/л астам)

17

Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы

18

Туған кездегі дене салмағы 1500 граммнан кем

19

Мерзіміне жетпей тууы, Апгар шкаласы бойынша төмен балл

20

40 аптадан астам гестациялық жас (мерзімінен асып кету)

21

Жақ-бет сүйегінің патологиясы

22

Баланы туғаннан кейін реанимациялау және қарқынды терапия жасау

23

Анасының жасы 40-тан асқан (кеш босану)

24

Анасындағы есту анализаторларын зақымдайтын тұқым қуалаушылық аурулар (Ваарденбург синдромы, Ушер синдромы, ото-палато-қозғалыс синдромы және басқалар)

25

Ата-анасында және жақын туысқандарында құлақ мүкістігінің болуы

Ерте шақтағы балалардың есту  
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 2-қосымша     

Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен ерте шақтағы балаларға есту қабілетін бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізу
тәртібі

      Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу балалардың есту қабілетін скринингтік тексеруді жүргізуге арналған.
      1. Баланы тексеруге дайындау.
      Сыртқы есту жолы құлықтан немесе туғаннан кейінгі жағындыдан тазартылуы керек. Бала өлшемдерді жүргізген кезде бастың ыңғайлы орналасуын қамтамасыз ететіндей жатуға тиіс. Өлшемдердің ең жақсы нәтижесін алу үшін бала тыныш жағдайда қимылсыз жатуға тиіс, тест өткізу кезінде жыламауы немесе айқайламауы керек.
      2. Аспапты жұмысқа дайындау.
      Тестік салымша баланың сыртқы есту жолының өлшеміне қарай іріктеліп алынуы тиіс. Тестік салымша сынаманың ұшына нығыздап кигізіледі.
      3. Тексеруді жүргізу.
      Тесті жүргізу кезінде аспап дәрігердің қолында болуы керек. Аспапты оның беткі тақтасының төменгі пернесін басып іске қосуға болады. Сосын сынама сыртқы есту жолына абайлап енгізіледі. Сынама баланың сыртқы есту жолында нығыз және ыңғайлы орналастырылуы керек.
      Тестіленетін құлақты таңдау сол жақ L пернесін (сол құлағы тестіленеді) немесе оң жақ R пернесін (оң құлағы тестіленеді) басқан кезде жүреді. Прибор автоматты түрде жұмыс істей бастайды.
      Тест өткізілетін үй-жайда тып-тыныш болуы керек.
      4. Тексеру нәтижелерін түсіндіру.
      Тест дұрыс аяқталғанда аспаптың экранында "ӨТТІ" деп жазылады. Бұл жағдайда пациенттің есту функциясының жай-күйі сақталған.
      Егер экранда "ӨТПЕДІ" деген жазу шықса, бұл отоакустикалық эмиссия тіркелмегенін білдіреді, онда пациент қауіп тобына жақызылып, тереңдетілген аудиологиялық тексеруге жіберілуі керек.

Ерте шақтағы балалардың есту  
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 3-қосымша    

Сауалнама-сұрақтар

N

Байқау реакциясы

жасы

иә

жоқ

1

Бала қатты дыбысқа селк ете ме?

2-3 апта



2

Дауыстың дыбысы шыққан кезде бала қалт тұрып қала ма?

2-3 апта



3

Бала артынан шыққан дауыстың дыбысына бұрылып қарай ма?

1 ай



4

Ұйқтап жатқан бала қатты шыққан дыбыс пен дауыстан мазасыздана ма?

3 ай





5

Дыбыс шығаратын ойыншыққа немесе дауысқа басын бұра ма?

4 ай




6

Бала анасын көрмей тұрып, оның даусына қимылдап кете ме?

1-3 ай



7

Бала кенет шыққан қатты дыбысқа айқайлап немесе көзін кең ашып әсерін көрсете ме?

1,5 - 6 ай



8

Бала уілдеп дыбыс шығара ала ма? Осы дыбыстар біркелкі ме, әлде эмоциялық реңді ме?

2-4 ай



9

Уілдеу былдырлауға ауыса ма (ба, па, ма буындарының пайда болуы және олардың бірізділігі)?

4-6 ай



10

Ата-анасының келгеніне эмоциялық былдыры пайда бола ма?

5-6 ай



11

Балада жаңа буындар пайда бола ма?

8-10 ай



12

Бала өзінің атына бұрылып қарай ма?

6-7 айдан үлкен



13

Бала оңай өтініштерді ("Мама қайда?", "Допты бер" және т.с.с.) түсіне ме (орындай ма)?

8-10 ай



14

Балада жаңа сөздер пайда бола ма (қандай)?

1 жас



15

Балада екі сөзден тұратын сөйлемдер пайда бола ма?

1,5–2 жас



16

Балаға таныс заттардың атын атаған кезіңізде, оларды көрсете ме, сөздер мен сөйлемдерді қайталай ма?

1,5–2 жас





17

Бала қатынас жасаған кезде ым мен ишараны пайдалана ма?

2 жас



18

Әр түрлі шуларға назар аудара ма?

2 жас



19

Қарапайым сөйлемдерді құрай ма?

2-3 жас



20

Қатынас жасау кезінде бала онымен сөйлескен адамның бетіне қарауға тырыса ма?

2 жастан үлкен



Ерте шақтағы балалардың есту  
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 4-қосымша     

Туғаннан үш жасқа дейінгі балаларда есту және сөйлеу қабілеттерінің даму бұзылуларының белгілері

Жасы

Баланы тексеріп қараған кезде айқындалатын бұзылулардың диагностикалық белгілері

Ұсыныстар

1

2

3

1 ай

Естуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе бұршақ салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы.
Сөйлеуі: жұтуы мен емуінің бұзылулары

Есту қабілетін зерттеудің объективті әдістерін пайдалана отырып, сурдологиялық кабинетте/орталықта, ПМПК-де тексеру.
Невропатологтың байқауында болу.

3 ай

Естуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе бұршақ салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы.
Сөйлеуі: уілдемеуі, үнін өзгертпей уілдеуі, жұтуы мен емуінің бұзылулары (ата-анасынан сұрау).

Есту қабілетін зерттеудің объективті әдістерін пайдалана отырып, сурдологиялық кабинетте/орталықта, ПМПК-де тексеру.
ПМПК-де консультация беру, сөйлеуі дамуының тежелу себебі жөнінде невропатологтың байқауында болу.

6 ай

Естуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы.
Сөйлеуі: былдырлаудың және өз атына реакцияның болмауы, дыбыс қаттылығы мен реңін өзгертпей былдырлау, жұтудың бұзылуы, қатты тамаққа көшкен кездегі қиындықтар. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

9 ай

Естуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы.
Сөйлеуі: Оңай сөздерді түсінбеуі ("Мама қайда?", "Папа қайда?"), шайнауда, жұтуда проблемалары. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

1 жас

Естуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы.
Сөйлеуі: 2-5 оңай сөзді айтпайды (бер, ал, мама, қара, пи, ав-ав...), қарапайым нұсқауларды орындай алмайды ("Қасықты бер", "Қолыңды бұлға"). Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

1,5 жас

Естуі: ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы.
Сөйлеуі: 10-30 сөз айтпайды (сөздігі ұлғаймайды), екі сөзден тұратын сөйлемді қолданбайды және қарапайым нұсқауларды орындай алмайды ("Кітапты әкел", "Есікті жап"). Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

2 жас

Естуі: ботқа салынған банканың дыбысына немесе 3 м қашықтықтан сыбырлап айтылған өз атына реакциясының болмауы (бала арқасымен тұрады).
Сөйлеуі: 50-ден аз сөз айтады (сөздігі ұлғаймайды), үш сөзден тұратын сөйлемді айтпайды, екі сатылы нұсқауларды орындай алмайды ("Шкафты аш, қуыршақты ал"). Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

2,5 жас

Естуі: ботқа салынған банканың дыбысына немесе 3 м қашықтықтан сыбырлап айтылған өз атына реакциясының болмауы (бала арқасымен тұрады).
Сөйлеуі: үш және одан көп сөзден тұратын сөйлемді айтпайды, үш сатылы нұсқауларды орындай алмайды ("Мында кел, қаламды ал, маған бер"), буындар мен сөздерді мүдіріп, қайталай береді. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

3 жас

Естуі: ботқа салынған банканың дыбысына немесе 3 м қашықтықтан сыбырлап айтылған өз атына реакциясының болмауы (бала арқасымен тұрады).
Сөйлеуі: үш және одан көп сөзден тұратын сөйлемді айтпайды, буындар мен сөздерді мүдіріп, қайталай береді, артикуляцияда көрініп тұратын қиындықтары бар, сөйлемдердің аяғын дұрыс қолданбайды. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.

Бұл да солай

Об утверждении Правил организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 сентября 2009 года № 478. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 октября 2009 года № 5828. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 15 июля 2016 года № 619

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения и социального развития РК от 15.07.2016 № 619.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 7.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" от 11 июля 2002 года № 343-II и своевременного выявления нарушений слуха у детей раннего возраста, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста.
      2. Начальникам управлений здравоохранения областей, городов Астана и Алматы (по согласованию) обеспечить:
      1) своевременное проведение скрининга и диагностики нарушений слуха у новорожденных и детей первых месяцев жизни - в перинатальных центрах, родильных домах и крупных (более 30 коек) отделениях патологии новорожденных и выхаживания недоношенных детей, детей раннего возраста - в организациях первичной медико-санитарной помощи;
      2) обучение медицинских работников организаций здравоохранения проведению скрининга и диагностики нарушений слуха у новорожденных и детей раннего возраста;
      3) направление детей с нарушенной слуховой функцией на углубленное аудиологическое обследование в территориальные или республиканские сурдологические кабинеты;
      4) своевременное проведение реабилитационных мероприятий (консервативное лечение, слухопротезирование, кохлеарная имплантация, сурдопедагогические занятия), в том числе направление детей с нарушенной слуховой функцией в психолого-медико-педагогическую консультацию для определения адекватных условий слухоречевой реабилитации.
      3. Руководителям республиканских организаций охраны материнства и детства обеспечить организацию скрининга и диагностики нарушений слуха у новорожденных и детей раннего возраста.
      4. Департаменту стратегии и развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Айдарханов А.Т.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      5. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа, после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Вощенкову Т.А.
      7. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      И.о. Министра                              Е. Биртанов

Утверждены          
Приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан    
от 28 сентября 2009 года № 478

Правила
организации скрининга и диагностики
нарушений слуха у детей раннего возраста

      Настоящие правила разработаны в целях реализации Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" от 11 июля 2002 года № 343-II и регулируют порядок организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста Республики Казахстан (далее - Правила).
      Правила распространяются на организации, оказывающие сурдологическую помощь населению независимо от форм собственности.

1. Общие положения

      1. Скрининг - это универсальное исследование с профилактической целью, предназначенное для выявления тех индивидуумов из всех осмотренных, кто с высокой степенью вероятности имеет нарушение, являющееся предметом скрининга.
      2. Скрининг и диагностика нарушений слуховой функции у детей до 3-х летнего возраста представляет собой массовое стандартизированное обследование с целью выявления врожденной и ранней тугоухости для проведения своевременной коррекционной работы с пациентами, имеющими как одностороннее, так и двустороннее снижение слуха различной степени и этиологии.
      3. Скрининг слуха или аудиологический скрининг является единственным и эффективным методом выявления нарушений слуха у новорожденных и детей раннего возраста, который проводится с помощью субъективных и объективных, то есть не зависящих от поведенческих реакций младенца аудиологических тестов и использованием систем регистрации вызванной отоакустической эмиссии (далее - ВОАЭ).

2. Цели и задачи скрининга и диагностики нарушений слуха
у детей раннего возраста

      4. Скрининг нарушений слуха применяется с целью своевременного выявления патологий органов слуха у детей раннего возраста.
      5. Задачами скрининга слуха (аудиологического скрининга) у детей раннего возраста являются:
      1) раннее выявление патологий и нарушений слуха у детей, начиная с периода новорожденности;
      2) направление детей с риском нарушений слуховой функции в сурдологические кабинеты (центры) для углубленного обследования и оказания лечебной помощи;
      3) направление детей с риском нарушений слуховой функции в психолого-медико-педагогические консультации для углубленного обследования и решения вопросов коррекционно-развивающего обучения;
      4) оказание консультативной помощи родителям по вопросам лечения, обучения и воспитания детей с нарушением слуха;
      5) учет обследованных детей для создания банка данных о больных с нарушением слуха и их потребностей в слухопротезировании, кохлеарной имплантации и слухоречевой реабилитации.

3. Порядок организации скрининга и диагностики нарушений слуха
у детей раннего возраста

      6. Скрининг и диагностика нарушений слуха проводится в родильном доме или родильном отделении всем новорожденным на 2-3 сутки жизни врачом-неонатологом или специально обученной медицинской сестрой. В отдельных случаях по состоянию ребенка скрининг проводится на 2-м этапе выхаживания.
      7. Скрининг слуха новорожденных включает в себя: сбор анамнеза и выяснение факторов риска по тугоухости и глухоте согласно Приложению 1 к настоящему приказу, а также аудиологический скрининг методом задержанной ВОАЭ, согласно Приложению 2 к настоящему приказу.
      8. Результаты скрининга слуха и сведения по факторам риска по тугоухости и глухоте вносятся в историю развития новорожденного (форма № 097/у) и должны быть отражены в выписке из родовспомогательного учреждения.
      9. Детям, прошедшим скрининг слуха (аудиологический скрининг) с отрицательным результатом, не имеющим факторов риска и не нуждающимся в наблюдении невропатолога и других специалистов, дальнейшее исследование слуха проводится в соответствии с пунктом 10. При выявлении риска нарушения слуха и нарушения слуховой функции в результате проведенных скрининговых обследований новорожденный направляется в специализированный сурдологический кабинет на углубленное аудиологическое обследование.
      10. Скрининг слуха детей раннего возраста проводится в детских поликлиниках и других организациях первичной медико-санитарной помощи (далее - ПМСП) в следующие декретированные сроки:
      1) детям в возрасте до 1 года - ежеквартально;
      2) детям до 3 лет - 2 раза в год, независимо от результатов предыдущего скрининга.
      11. Скрининг слуха (аудиологический скрининг) у детей раннего возраста проводится медицинским работником кабинета здорового ребенка организации ПМСП.
      12. Скрининг слуха детей раннего возраста включает в себя: сбор анамнеза, выяснение факторов риска по тугоухости и глухоте, заполнение анкеты-вопросника и объективный аудиологический скрининг методом ВОАЭ, согласно Приложений 123 к настоящему приказу.
      13. Медицинский работник кабинета здорового ребенка и участковый педиатр учреждений ПМСП должны сопоставить результаты скринингового обследования и показания на углубленное аудиологическое обследование согласно Приложения 4 к настоящему приказу.
      14. Показаниями для направления ребенка на углубленное обследование слуха являются:
      1) наличие основных факторов риска по тугоухости (нарушение слуха у ближайших родственников, инфекционные и вирусные заболевания матери в период беременности, гипербилирубинемия с содержанием билирубина более 20 ммоль/л, вес при рождении менее 1500 граммов, патология челюстно-лицевого скелета);
      2) реакция на звуки отсутствует, реакция неустойчивая или реакция только на громкие звуки;
      3) реакция на имя отсутствует или неустойчивая (то есть, то нет) или появилась поздно;
      4) лепет отсутствует или монотонный, бедный, после 6 месяцев не появляются новые согласные;
      5) первые слова появляются после 2 лет, первые фразы - после 2,5 лет (характерно при небольших и средних потерях слуха);
      6) плохо понимает обращенные просьбы;
      7) сопровождение речи жестом облегчает ее понимание;
      8) ребенок часто переспрашивает;
      9) при обращении старается смотреть на лицо говорящего, так как это облегчает понимание речи.
      15. При наличии показаний (выявление факторов риска, результатов аудиологического скрининга "НЕ ПРОШЕЛ") новорожденный направляется в региональный или республиканский сурдологический кабинет для проведения углубленного аудиологического обследования с целью подтверждения снижения слуха и определения его характера и степени.
      16. Результаты скрининга слуха детей раннего возраста должны быть отражены в истории развития ребенка и ведомственной статистической отчетности (форма № 31).
      17. При подтверждении снижения слуха ребенок берется на диспансерный учет в организации ПМСП и региональном сурдологическом кабинете с целью оказания ему своевременной и адекватной медицинской помощи (консервативное лечение, слухопротезирование, кохлеарная имплантация) и слухоречевая реабилитация.
      18. Углубленное аудиологическое обследование ребенка должно включать в себя акустическую импендансометрию, объективную аудиометрию, основанную на регистрации коротколатентных слуховых вызванных потенциалов и регистрацию отоакустической эмиссии.
      19. Ребенок с нарушенной слуховой функцией обязательно должен быть направлен в территориальную психолого-медико-педагогическую консультацию для определения адекватных условий слухоречевой реабилитации.
      20. Наличие сопутствующих психоневрологических нарушений является дополнительным основанием для проведения комплексного обследования слуха объективными и субъективными методами.

Приложение 1        
к Правилам организации скрининга
и диагностики нарушений слуха
у детей раннего возраста  

                            Факторы риска
 по тугоухости и глухоте новорожденных и детей раннего возраста

Факторы риска

1

ранние, поздние и длительно текущие гестозы

2

токсикозы и угроза прерывания беременности

3

резус-конфликт матери и плода

4

новообразования матки, применение цитостатиков

5

перенесенные инфекционные и вирусные заболевания матери во
время беременности (краснуха, корь, грипп, ангина,
цитомегаловирус, герпес, токсоплазмоз, хламидиоз, трихомониаз,
СПИД и другие)

6

ототоксические препараты (антибиотики аминогликозидного ряда –
стрептомицин, блеомицин, мономицин, канамицин, гентамицин,
неомицин и другие), лекарственные препараты – фуросемид,
аспирин, хинин), применяемые матерью во время беременности и
ребенком

7

анемия, сахарный диабет, тиреотоксикоз

8

стремительные, запоздалые, преждевременные, затяжные роды

9

ягодичное и тазовое предлежание плода

10

центральное расположение плаценты, частичная отслойка
плаценты, кровотечение

11

наложение акушерских щипцов

12

кесарево сечение

13

выдавливание плода

14

асфиксия новорожденного

15

внутричерепная родовая травма

16

гипербилирубинемия (более 20 ммоль/л)

17

гемолитическая болезнь новорожденного

18

масса тела при рождении менее 1500 граммов

19

недоношенность, низкий балл по шкале Апгар

20

гестационный возраст более 40 недель (переношенность)

21

патология челюстно-лицевого скелета

22

реанимация и интенсивная терапия ребенка после рождения

23

возраст матери более 40 лет (поздние роды)

24

наследственные заболевания у матери, сопровождающиеся
поражением слухового анализатора (Ваарденбурга синдром, Ушера
синдром, ото-палато-двигательный синдром и др.)

25

наличие тугоухости у родителей и ближайших родственников

Приложение 2        
к Правилам организации скрининга
и диагностики нарушений слуха 
у детей раннего возраста   

Порядок
проведения скрининга и диагностики нарушений слуха у детей
раннего возраста методом регистрации задержанной вызванной
отоакустической эмиссии

      Регистрация задержанной вызванной отоакустической эмиссии предназначена для проведения скрининговых обследований слуха у детей.
      1. Подготовка ребенка к обследованию.
      Наружный слуховой проход должен быть очищен от серы или послеродовой смазки. Ребенок должен лежать так, чтобы было обеспечено удобное положение головы при проведении измерений. Для получения наилучших результатов измерений ребенок должен оставаться в спокойном положении неподвижно, не должен плакать или кричать на время проведения теста.
      2. Подготовка инструмента к работе.
      Тестовый вкладыш должен быть подобран в зависимости от размера наружного слухового прохода ребенка. Тестовый вкладыш надевается на наконечник пробника до упора.
      3. Проведение обследования.
      Во время проведения теста прибор должен находиться в руке врача. Включить прибор можно, нажав на нижнюю клавишу на лицевой панели прибора. Затем аккуратно вставляется пробник в наружный слуховой проход. Пробник должен располагаться в наружном слуховом проходе ребенка плотно и комфортно.
      Выбор тестируемого уха, производится при нажатии на левую L клавишу (будет протестировано левое ухо) или на правую R клавишу (будет протестировано правое ухо). Прибор начинает работу автоматически.
      В помещении, где проводится тест должно быть тихо.
      4. Интерпретация результатов обследования.
      При нормальном завершении теста на экране прибора будет написано "ПРОШЕЛ". В этом случае состояние слуховой функции пациента сохранено.
      В случае если на экране появилась надпись "НЕ ПРОШЕЛ", это означает, что отоакустическая эмиссия не зарегистрирована и пациент должен быть отнесен к группе риска и направлен на углубленное аудиологическое обследование.

Приложение 3        
к Правилам организации скрининга
и диагностики нарушений слуха 
у детей раннего возраста   

                           Анкета-вопросник

Наблюдаемая реакция

возраст

да

нет

1

Вздрагивает ли ребенок на громкие
звуки?

2-3 недели



2

Замирает ли ребенок при звуке голоса?

2-3 недели



3

Поворачивается ли ребенок на звук
голоса позади него?

1 месяц



4

Беспокоится ли спящий ребенок на
громкие звуки и голоса?

3 месяца



5

Поворачивает ли голову в сторону
звучащей игрушки или голоса?

4 месяца



6

Оживляется ли ребенок на голос
матери, не видя ее?

1-3 месяца



7

Реагирует ли ребенок криком или
широким открыванием глаз на резкие
звуки?

1,5-6 месяцев



8

Есть ли гуление у ребенка? Эти звуки
монотонные или эмоционально
окрашенные?

2-4 месяца



9

Переходит ли гуление в лепет
(появление слогов ба, па, ма и их
последовательностей)?

4-6 месяца



10

Появляется ли эмоциональный лепет на
появление родителей?

5-6 месяцев



11

Появляются ли у ребенка новые слоги?

8-10 месяцев



12

Поворачивается ли ребенок на свое
имя?

старше 6-7 месяцев



13

Понимает (выполняет) ли ребенок
простые просьбы ("Где мама?", "Дай
мячик" и т.д.)

8-10 месяцев



14

Появляются ли у ребенка новые слова
(какие)?

1 год



15

Появляются ли у ребенка двухсловные
фразы?

1,5–2 года



16

Указывает ли ребенок на знакомые
предметы, когда вы их называете,
повторяет ли он слова и фразы?

1,5–2 года



17

Использует ли ребенок мимику и жесты
при общении?

2 года



18

Обращает ли внимание на различные
шумы?

2 года



19

Строит ли простые предложения?

2-3 года



20

Старается ли ребенок смотреть на лицо
говорящего с ним человека при
общении?

Старше 2 лет



Приложение 4       
к Правилам организации скрининга
и диагностики нарушений слуха 
у детей раннего возраста  

        Признаки нарушения слухового и речевого развития
                   у детей в возрасте до трех лет

Возраст

Диагностические признаки нарушения,
выявляемые при осмотре ребенка

Рекомендации

1

2

3

1 месяц

Слух: отсутствие реакции при
регистрации вызванной отоакустической
эмиссии, или на звук баночки с
горохом
Речь: нарушения глотания и сосания

Обследование в
сурдологическом
кабинете/центре,
ПМПК с
использованием
объективных методов
исследования слуха.
Наблюдение у
невропатолога.

3 месяца

Слух: отсутствие реакции при
регистрации вызванной отоакустической
эмиссии, или на звук баночки с
горохом
Речь: отсутствие гуления,
немодулированное гуление, нарушения
глотания и сосания (опрос родителей)

Обследование в
сурдологическом
кабинете/центре,
ПМПК с
использованием
объективных методов
исследования слуха.
Консультация в
ПМПК, наблюдение у
невропатолога по
поводу задержки
речевого развития.

6 месяцев

Слух: отсутствие реакции при
регистрации вызванной отоакустической
эмиссии, или на звук баночки с
манкой.
Речь: отсутствие лепета и реакции на
имя, немодулированный по громкости и
тону лепет, нарушения глотания,
трудности при переходе на твердую
пищу. Опрос родителей, при
возможности – проверить при
обследовании.

То же

9 месяцев

Слух: отсутствие реакции при
регистрации вызванной отоакустической
эмиссии, или на звук баночки с
манкой.
Речь: отсутствие понимания простых
фраз ("Где мама? Где папа?"),
проблемы с жеванием, глотанием. Опрос
родителей, при возможности –
проверить при обследовании.

То же

1 год

Слух: отсутствие реакции при
регистрации вызванной отоакустической
эмиссии, или на звук баночки с
манкой.
Речь: не произносит 2-5 простых слов
(дай, на, мама, ба, пи, ав-ав,
дя...), не выполняет простые
инструкции ("Дай ложку", "Помаши
ручкой"). Опрос родителей, при
возможности – проверить при
обследовании.

То же

1,5 года

Слух: отсутствие реакции на звук
баночки с манкой.
Речь: не произносит 10-30 слов (нет
увеличения словаря), не использует
двухсловные фразы и не выполняет
простые инструкции ("Принеси книжку",
"Закрой дверь"). Опрос родителей, при
возможности – проверить при
обследовании.

То же

2 года

Слух: отсутствие реакции на звук
баночки с манкой или на свое имя,
произнесенное шепотом на расстоянии 3
метров (ребенок стоит спиной).
Речь: произносит менее 50 слов (нет
увеличения словаря), не использует
трехсловные фразы, не выполняет
двухступенчатые инструкции ("Открой
шкаф и возьми куклу"). Опрос
родителей, при возможности –
проверить при обследовании.

То же

2,5 года

Слух: отсутствие реакции на звук
баночки с манкой или на свое имя,
произнесенное шепотом на расстоянии 3
метров (ребенок стоит спиной).
Речь: не произносит фразы из 3 слов и
более, не может выполнить
трехступенчатые инструкции ("Иди
сюда, возьми ручку и дай мне"),
запинается и повторяет слоги и слова.
Опрос родителей, при возможности –
проверить при обследовании.

То же

3 года

Слух: отсутствие реакции на звук
баночки с манкой или на свое имя,
произнесенное шепотом на расстоянии 3
метров (ребенок стоит спиной).
Речь: не произносит фразы из трех
слов и более, запинается и повторяет
слоги и слова, имеет выраженные
трудности при артикуляции,
неправильно использует окончания в
предложениях. Опрос родителей, при
возможности – проверить при
обследовании.

То же