Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.02.01 № 25-ө Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 160-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген N 4740, 2007 жылғы 3 тамыздағы N 118 (1321) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
атауында және 1-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша "Аумақтық басқармалар", "Аумақтық басқармаларға", "Аумақтық басқарманың", "Аумақтық басқарма", "Аумақтық басқармалармен" деген сөздер "Аумақтық бөлімшелер", "Аумақтық бөлімшелерге", "Аумақтық бөлімшенің", "Аумақтық бөлімше", "Аумақтық бөлімшелермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын, "лауазымды тұлғалар" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын, "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша "Министрлікке", "Министрліктің", "Министрлік", "Министрлігінде" деген сөздер "уәкілетті органға", "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысымен келісу бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтағы "лауазымды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"8. Жергілікті органдардың сараптау бөлімшелерінің сарапшылары II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргізеді.";
10-тармақтағы "лауазымды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын, "Аумақтық басқармалардың сараптау бөлімшелері (экологиялық сараптама бөлімдері)" деген сөздер "Аумақтық бөлімшенің экологиялық реттеу бөлімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Құқықтық статистика органдарда тексерісті тіркеу қажет емес";
15-тармақтағы "мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімімен" деген сөздер "экологиялық реттеу бөлімімен" деген сөздермен ауыстырылсын, "лауазымды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақтағы "(Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары)" деген сөздер алынып тасталсын;
20-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
Ереженің 2-қосымшасында:
бірінші кестенің "Кімге ұсынылады:" деген бағанындағы "Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің облыстық (қалалық) басқармасы" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-кестенің атауы "департаменттің" деген сөздерден кейін "/басқарманың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов