Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4740 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жариялаған, 2007 ж., маусым);
2) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө "Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 236-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5875 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 118 (1321) "Юридическая газетада" жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө "Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 115-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6266 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 тамыздағы № 212 (26273) "Казахстанская правдада" жарияланған);
4) "Парниктік газдардың жол берілетін шекті шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың нормативтерін әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 350-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5087 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 (1416) "Юридическая газетада" жарияланған);
2. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты өзінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап, апталық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров