Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 № ҚР ДСМ -35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4. Мыналардың:
1) "Санитарлық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 21 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 5-8, 911-құжат);
2) "Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 349 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2840 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 21-24, 937-құжат);
3) "Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 669 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5022 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 28 желтоқсанда N 197 (1400) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 731 бұйрығымен бекітілген |
Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже санитариялық паспорт берудің, есепке алудың және жүргізудің тәртібін белгілейді.
2. Санитариялық паспорт - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды іске қосуға немесе пайдалануға құқық беретін құжат.
3. Санитариялық паспорт осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қызметі, пайдаланылуы, қолданылуы, және іске қосылуы адам денсаулығының жай-күйіне және қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін объектіге, сондай-ақ көлік құралына беріледі.
2. Объектіге санитариялық паспорт беру,
есепке алу және жүргізу тәртібі
4. Объектіге санитариялық паспорт рәсімдеу үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес тиісті аумақтардағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) мемлекеттік немесе орыс тілінде еркін түрдегі өтініш береді.
5. Өтінішке:
1) объектіге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (түпнұсқаларды көрсету арқылы);
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі (бұдан әрі - акт) (бұрын берілген қорытынды және (немесе) акт болған жағдайда);
3) халықтың декреттелген тобы үшін жеке медициналық кітапшалары;
4) жұмыс қызметінің түріне сәйкес дайындалатын, өндірілетін, өткізілетін шикізаттар мен өнімдердің тізбесі;
5) объектінің жұмыс бағыты туралы мәліметтер қоса беріледі.
6. Санитариялық паспортты рәсімдеу кезінде объектіге аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары актіні толтыра отырып, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өз құзыреті шегінде олардың гигиеналық нормативтерге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тиіс.
7. Акт толтыра отырып, объектіні тексеру және санитариялық паспорт беру дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.02.15 № 89 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Объектіге санитариялық паспорт өтініш берушіге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшенің бланкісінде журналға тіркеу және тіркеу нөмірін беру арқылы қол қойылып, бір данада беріледі. Санитариялық паспорттың көшірмесі аумақтық бөлімшеде қалады.
9. Объектіге берілетін санитариялық паспорттың қолданылу мерзімі - оны аумақтық бөлімшеде тіркеген күннен бастап екі жыл.
Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты санитариялық паспорт аумақтық бөлімшеге тапсырылады және бұл ретте санитариялық паспорт беру тәртібі осы Ереженің 4-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Объектіге берілетін санитариялық паспортты аумақтық бөлімшеде тіркеу кезінде журналда және электрондық базада мына деректер көрсетіледі:
1) өтініш беруші туралы мәліметтер (дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес), мекен-жай деректері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - бар болған жағдайда);
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес өтініштерінің тіркелген күні;
3) объектінің атауы;
4) объектінің жұмыс бағыты;
5) объектіге құқық белгілейтін құжаттардың атауы;
6) жұмыс қызметінің түріне сәйкес дайындалатын, өндірілетін, өткізілетін шикізаттар мен өнімдердің атауы;
7) қорытынды берілген күні мен нөмірі, акт толтырылған күн;
8) санитариялық паспорттың тіркелген күні мен нөмірі;
9) санитариялық паспорттың қолданылу мерзімі.
11. Мына жағдайларда:
1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда;
2) объектіні тексеру және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі жағдайында санитариялық паспорт берілмейді.
12. Объектіні қайта көшіру, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, технологиялық процестерді өзгерту кезінде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес аумақтық бөлімшеге жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын өтініш береді. Бұл ретте санитариялық паспорт беру осы Ереженің 4 -8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу тәртібі
13. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес адамдарды, тағам өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық - ауыз суды, химиялық, уытты және радиациялық заттарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлі көліктеріне, оның ішінде метрополитенге (бұдан әрі - көлік құралы) санитариялық паспорт беріледі.
14. Көлік құралына санитариялық паспортты рәсімдеу үшін кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын тұлғаны қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес аумақтық бөлімшеге мемлекеттік немесе орыс тілінде өтініш береді.
15. Өтінішке:
1) көлік құралына құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (түпнұсқаларды көрсету арқылы);
2) қорытынды және (немесе) акт (бұрын берілген қорытынды және (немесе) акт болған жағдайда);
3) халықтың декреттелген тобы үшін жеке медициналық кітапшалары;
4) тасымалданатын шикізат пен өнімнің тізбесі;
5) көлік құралының жұмыс бағыты туралы мәліметтер (тасымалдау түрі) қоса беріледі.
16. Санитариялық паспортты рәсімдеу кезінде көлік құралына аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғалары акт толтыра отырып, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өз құзыреті шегінде олардың гигиеналық нормативтерге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тиіс. Санитариялық паспорт беру жеке және заңды тұлғаларға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.02.15 № 89 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Көлік құралына санитариялық паспорт өтініш берушіге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшенің бланкісінде журналға тіркеу және тіркеу нөмірін беру арқылы қол қойылып, бір данада беріледі. Санитариялық паспорттың көшірмесі аумақтық бөлімшеде қалады.
18. Көлік құралына берілетін санитариялық паспорттың қолданылу мерзімі – оны аумақтық бөлімшеде тіркеген күннен бастап бір жыл.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін санитариялық паспорт аумақтық бөлімшеге тапсырылады және бұл ретте санитариялық паспорт беру тәртібі осы Ереженің 14-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Көлік құралына берілетін санитариялық паспортты аумақтық бөлімшеде тіркеу кезінде журналда және электрондық базада мына деректер көрсетіледі:
1) өтініш беруші туралы мәліметтер (дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес), мекенжай деректері, СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда);
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес өтініштерінің тіркелген күні;
3) көлік құралына құқық белгілейтін құжаттардың атаулары;
4) көлік құралының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі;
5) көлік құралының жұмыс бағыты (тасымалдау түрі);
6) тасымалданатын шикізат пен өнімнің атауы;
7) қорытынды берілген күні мен нөмірі, акт толтырылған күн;
8) санитариялық паспорттың тіркелген күні мен нөмірі;
9) санитариялық паспорттың қолданылу мерзімі.
20. Көлік құралына мынадай:
1) осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда;
2) көлік құралын тексеру және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі жағдайында санитариялық паспорт берілмейді.
21. Көлік құралымен тасымалданатын шикізаттың немесе өнімнің атауы өзгерген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес жұмыс басталғанға дейін аумақтық бөлімшеге бір ай бұрын өтініш береді және санитариялық паспорт беру осы Ереженің 14-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесіне 1-қосымша |
Санитариялық паспорт берілетін объектілер мен көлік құралдарының тізбесі
1. Санитариялық паспорт берілетін объектілер мен көлік құралдары:
1) сүт өңдеу объектілері;
2) ет өңдеу объектілері, оның ішінде мал шаруашылығы кешендері, қасапхана цехтары;
3) құс өңдеу объектілері;
4) балық өңдеу объектілері;
5) наубайханалар, макарон, ұн тарту объектілері;
6) кондитерлік өнімдер шығару жөніндегі объектілер;
7) алкогольсіз өнімдер шығару жөніндегі объектілер (оның ішінде бөтелкедегі сусындар және ауыз су);
8) май өнімдерін шығару жөніндегі объектілер;
9) жұмсақ балмұздақ шығару жөніндегі объектілер;
10) астықты сақтау, өңдеу және тасымалдау объектілері, оның ішінде нан қабылдау кәсіпорыны, элеваторлар;
11) крахмалды сірне өнімдерін, крахмал шығару жөніндегі объектілер;
12) қант шығару жөніндегі объектілер;
13) жеміс жидек өңдеу объектілері;
14) йодталған және ас тұзын шығару жөніндегі өнеркәсіптік объектілер;
15) алкогольды өнімдерді шығару және сату жөніндегі объектілер;
16) тағам өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілері;
17) халыққа арнайы, емдік-профилактикалық, балаға арналған және диета тағамдарын шығару және сату жөніндегі объектілер;
18) қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде медицина ұйымдарының, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктары;
19) сауда базарлары;
20) өнеркәсіптік тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектілері;
21) темір жол көлігіндегі мейрамхана вагондары, теңіз, өзен, әуе көлігіндегі борттық тамақтану цехтары;
22) тағамдық концентраттарды шығару жөніндегі объектілер;
23) жартылай фабрикаттарды, оның ішінде тоңазытылған және жылдам тоңазытылған фабрикаттарды шығару жөніндегі объектілер;
24) азық-түлік өнімдерін өлшеп орау объектілері;
25) балалардың аз уақытқа болатын объектілері, бала тәрбиелеу немесе балаларды күту (бала бағу қызметі) объектілері, балаларды дамыту орталықтары;
26) жалпы білім беру және интернат объектілері;
27) білім беру ұйымдары;
28) сәби үйлері;
29) ата-анасынан қараусыз қалған балаларға және жетім балаларға арналған балалар үйі;
30) мектепке дейінгі балалар объектілері;
31) балалардың сауықтыру объектілері, оның ішінде жыл бойғы және маусымдық;
32) мектептен тыс объектілері;
33) балаларға арналған бос уақытты ұйымдастыру орталықтары;
34) балалар киімдерін, ойыншықтарын, балалар тұтынатын заттарды шығару және сату жөніндегі объектілер;
35) сумен жабдықтау көздері, оның ішінде жерасты, жерүсті;
36) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері;
37) сүзу және суландыру алаңы;
38) моншалар, хауыздар, бассейндер;
39) спорт ғимараттары және құрылыстар;
40) халықтың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар);
41) кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары;
42) кітапханалар, мұражайлар;
43) косметологиялық және косметикалық орталықтар, шаштараздар, сұлулық салондары;
44) мәдени-ойын-сауық мекемелері;
45) бос уақытты ұйымдастыру орталықтары;
46) санаторий-сауықтыру және санаторий-курорттық объектілер;
47) оңалту орталықтары;
48) емдеу-өндірістік ұйымдары, сондай-ақ мүгедектерді қоса алғанда психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегіп жүрген осы ұйымдардағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін еңбек терапиясына және жаңа кәсіпке оқытуға арналған жеңілдетілген еңбек жағдайлары бар арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер;
49) қарттарға және мүгедектерге арналған интернат үйлер;
50) мүгедектерді оңалтуға және бейімдеуге арналған орталықтар;
51) тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары;
52) елді мекен аумақтарын тазартумен айналысатын объектілер;
53) жарнама өнімдерін дайындау жөніндегі объектілер (оның ішінде жарықтанатын жарнама, билбордтар, банерлер, маңдайша жазулар);
54) тұрмыстық, өндірістік және медициналық қалдықтарды жинаумен, жоюмен, залалсыздандырумен және кәдеге жаратумен айналысатын объектілер;
55) бейіттер, салт-жора қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер;
56) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
57) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
58) жедел жәрдем және санитариялық авиациялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
59) апаттар медицинасының денсаулық сақтау объектілері;
60) паллиативтік көмек және медбике күтімін көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
61) қан қызметі саласын жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
62) мәйтханалар, патологиялық анатомия және сот медицина саласын жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
63) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
64) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми объектілері;
65) дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
66) АИТВ/ЖИТС профилактикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
67) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг;
68) тіс емдеу объектілері;
69) халықты оқыту мен гигиеналық тәрбиелеуді жүзеге асыратын объектілері;
70) дәстүрлі және халық медицинасы саласында медициналық қызметті жүзеге асыратын медициналық орталықтар: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия, табиғаттан алынатын құралдармен емдеу және емшілік;
71) тіндер мен ағзаларды трансплантологиялау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
72) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау жөніндегі объектілері және медициналық техникалар;
73) диагностикалық зерттеулерді жүзеге асыратын медициналық объектілер;
74) дәріханалар, дәріханалық пункттер, жылжымалы дәріханалық пункттер;
75) оптикалар дүкені;
76) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендері;
77) химиялық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, дезинфекциялық құралдар шығару жөніндегі объектілер;
78) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметін жүзеге асыратын объектілер;
79) ғимаратты пайдалану жөніндегі мекемелер, үйлерді басқаратын ұйымдардың және мекемелердің тұрғын үй бөлімдері, тұрғын үй иелерінің кооперативтері;
80) құрылыс салынатын учаскелер;
81) темір жол және автовокзалдар, метрополитен, әуежай, айлақ, санитариялық-карантиндік тұйықтар;
82) көлік құралдары (жолаушыларды, тамақ өнімдерін, өндірістік шикізатты, шаруашылық ауыз суды, радиоактивті, химиялық, уытты және радиоактивті заттар мен қалдықтарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдау үшін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр көлігі, метрополитеннің жылжымалы құрамы) метрополитен;
83) темір жол, автомобиль, су және әуе көлігінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қызметін көрсететін объектілер;
84) өнімдер мен тауарларды сақтау қоймалары;
85) әуе, жер үстіндегі химиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі объектілер;
86) сорғы станциялары;
87) полигондар, оның ішінде уытты өнеркәсіптік қалдықтар, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары;
88) кәріздік тазарту құрылыстары, сорғы станциялары, желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);
89) авто дәнекерлеу цехтары, май құю станциялары, отын шикізатын сақтау және сату жөніндегі объектілер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автомобиль жуатын орындар, су құятын машиналар;
90) металлолом қабылдау және сату пунктері, үй жануарларының терілерін қабылдау және өңдеу пункттері;
91) газ құю станциялары, оттегі баллондарын толтыру жөніндегі шеберханалар;
92) тұрмыстық және ұйымдастыру техникаларын сатуды және жөндеуді жүзеге асыратын объектілер;
93) құрылыс - монтаж объектілері;
94) радиотехникалық объектілер;
95) ауыл шаруашылығы аэродромдары;
96) улау алаңдары;
97) физикалық, химиялық, радиологиялық, токсикологиялық зерттеулер жүргізетін зертханалар;
98) жеңіл өнеркәсіп объектілері, оның ішінде тігін және тоқыма шеберханасы, аяқ киім жөндеу шеберханалары;
99) фото шеберхана;
100) ағаш өңдеу өнеркәсібі объектілері;
101) полиграфия өнеркәсіп объектілері;
102) ғарыш қызметі объектілері;
103) түсті металлургия шығару жөніндегі объектілер;
104) қара металлургия шығару жөніндегі объектілер;
105) химиялық өнеркәсіп объектілері;
106) машина жасау және металл өңдеу объектілері;
107) мал шаруашылығы және шаруашылық қожалығы;
108) көмір өнеркәсібі объектілері;
109) электр энергетикасы өнеркәсібі объектілері;
110) мұнай өндіру және өңдеу объектілері;
111) газ өндіру және өңдеу объектілері;
112) құрылыс материалдарын шығару жөніндегі объектілер;
113) шыны және фарфор өнеркәсібі объектілері.
Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесіне 2-қосымша нысан |
N _____ санитариялық паспорт
Санитарный паспорт N ____
1. Мекен-жайы, телефон (Адрес, телефон) ____________________
2. Меншік нысаны (Форма собственности) _____________________
3. Объектінің атауы, қолданылу бағыты (Наименование, назначение объекта) _________________________________________________________
4. Кімге берілді (Кому выдан) ______________________________
дара кәсіпкерлердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты немесе
заңды тұлғалардың атауы (должность, фамилия, имя,
отчество индивидуального предпринимателя или наименование
юридического лица)
5. Дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда) (РНН (БИН, ИИН - при наличии) индивидуального предпринимателя или юридического лица) ___________________________
6. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы, нөмірі, берілген күні (Наличие санитарно-эпидемиологического заключения, номер и дата выдачи) _________________________________
7. Санитариялық паспорт мына негізде берілді (Санитарный паспорт выдан на основании)
__________________________________________________________________ қабылдау, тексеру актілерін, зертханалық зерттеулер нәтижелерін
және басқа да құжаттар көрсету арқылы (с указанием актов приемки,
обследований, результатов лабораторных исследований и других документов)
. Санитариялық паспорт берілген күн _____ жылғы "_____" ______ (Дата выдачи санитарного паспорта "___" ____ ____ года)
9. Санитариялық паспорт ________ жылдың "___" _________ дейін жарамды (Санитарный паспорт действителен до "___"________ ____ года)
10. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органының басшысы Мөр орыны
(Место печати) (Руководитель государственного органа Қолы (Подпись)
санитарно-эпидемиологической службы)__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (фамилия, имя, отчество)
Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесіне 3-қосымша нысан |
N _____ санитариялық паспорт
Санитарный паспорт N ______
1. Көлік құралының түрі, атауы (Вид, наименование транспортного средства) _________________________________________________________
2. Кімге берілді (Выдан кому) _______________________________
дара кәсіпкерлердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
немесе заңды тұлғалардың атауы
(должность, фамилия, имя, отчество индивидуального
предпринимателя или наименование юридического лица)
3. Мекен-жайы, телефоны (Адрес, телефон) ____________________
4. Меншік нысаны (Форма собственности) ______________________
5. Көлік құралының маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірі, қолданылу бағыты, тасымалдау түрі, тасымалданатын шикізаттың және өнімнің атауы (Назначение транспортного средства, вид перевозок, наименование перевозимого сырья и продукции, марки и государственный регистрационный номер) ____________________________________________
6. Дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда) (РНН (БИН, ИИН - при наличии) индивидуального предпринимателя или юридического лица) ____________________________
7. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы, нөмірі, берілген күні (Наличие санитарно-эпидемиологического заключения, номер и дата выдачи) __________________________________
8. Санитариялық паспорт мына негізде берілді (Санитарный паспорт выдан на основании)
___________________________________________________________________
тексеру актілерін, зертханалық зерттеулер нәтижелерін және
басқа да құжаттар көрсету арқылы (с указанием актов проверки,
результатов лабораторных исследований и других документов)
9. Санитариялық паспорт берілген күн ____ жылғы "_____" _____ (Дата выдачи санитарного паспорта "_____"________ _____ года)
10. Санитариялық паспорт _____ жылдың "___" _____ дейін жарамды
(Санитарный паспорт действителен до "___" _____ ____ года)
. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органының басшысы Мөр орны
(Место печати)(Руководитель государственного органа Қолы (Подпись)
санитарно-эпидемиологической службы) ___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (фамилия, имя, отчество)