Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 180/30-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 5 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 564 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 432/58-IV Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.03  N 432/58-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22 25 30-баптарын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде N 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 03 тамызда N 126 "Астана хабары", 2006 жылғы 08 тамызда N 120 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 24 мамырдағы N 381/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда N 468 болып тіркелген, 2007 жылғы 03 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 28 наурыздағы N 60/10-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде N 528 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда N 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда N 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Осы шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында :
      Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларының 7-тармағы 6) тармақшасындағы "тиісті деңгей" деген сөздер алынып тасталсын және "Астана қаласының және тиісті деңгейдегі кадастр қызметінің басшылығы." деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ келесі мазмұндағы 12), 13) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "12) реттік нөмірлері жоқ ғимараттарға, құрылымдарға және басқа да объектілерге реттік нөмір беру";
      13) "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізу және жинақтау";
      59-тармақ келесі мазмұнда баяндалсын:
      "59. Барлық инженерлік желілердің және олардың құрылыстарының, оның ішінде аумақты абаттандырудың атқарушылық түсірілімдері бір данада сәулет және қала құрылысы органдарына ұсынылады және мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметімен міндетті түрде Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізуге жатады. Атқарушылық сызбалар инженерлік желілердің немесе құрылыстардың паспорты болып табылады және салынып жатқан объектінің құралдық геодезиялық түсірілімдердің негізінде орындалған жоспарды және кескінді білдіреді.";
      Ереже келесі мазмұндағы 117-тармақпен толықтырылсын:
      "117. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ресми құжаттар мен бастапқы материалдар (деректер), сондай-ақ ондағы ақпарат бекітілген тиісті салалық нормативтік актілер тізімі бойынша Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрына электронды және қағаз түріндегі есепке алуға жатады.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрайымы                        Н. Петухова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 07 июня 2006 года № 252/32-III "О Правилах застройки территории города Астаны"

Решение маслихата города Астаны от 29 января 2009 года N 180/30-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 5 марта 2009 года N 564. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 3 марта 2011 года № 432/58-IV

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 03.03.2011 № 432/58-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).     

      Руководствуясь статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и статьями 22 , 25 , 30 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ :
      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 07 июня 2006 года № 252/32-III "О Правилах застройки территории города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 27 июля 2006 года за № 447, опубликовано в газетах "Астана хабары" № 126 от 03 августа 2006 года, "Вечерняя Астана" № 120 от 08 августа 2006 года), от 24 мая 2007 года № 381/47-III "О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 07 июня 2006 года № 252/32-III "О Правилах застройки территории города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 26 июня 2007 года за № 468, опубликовано в газетах "Астана хабары" № 109 от 03 июля 2007 года, "Вечерняя Астана" № 117 от 06 июля 2007 года), от 28 марта 2008 года № 60/10-IV "О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 7 июня 2006 года № 252/32-III "О Правилах застройки территории города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 25 апреля 2008 года за № 528, опубликовано в газетах "Астана хабары" № 55 от 6 мая 2008 года, "Вечерняя Астана" № 52 от 6 мая 2008 года), следующие изменения:
      в Правилах застройки территории города Астаны, утвержденных указанным решением:
      в подпункте 6) пункта 7 слова "соответствующего уровня" исключить и дополнить словами "города Астаны и руководство службой кадастра соответствующего уровня.";
      пункт 7 дополнить подпунктами 12), 13) следующего содержания:
      "12) присвоение порядковых номеров зданиям, сооружениям и иным объектам, не имеющим таковых;
      13) ведение и наполнение информационной системы "Адресный регистр";
      пункт 59 изложить в следующей редакции:
      "59. Исполнительные съемки всех инженерных сетей и их сооружений, в том числе благоустройства территории, в одном экземпляре предоставляются органу архитектуры и градостроительства и подлежат внесению в базу данных государственного градостроительного кадастра города Астаны службой государственного градостроительного кадастра. Исполнительный чертеж является паспортом инженерной сети или сооружения и представляет собой план и профиль, выполненные на основании инструментальной геодезической съемки строящегося объекта.";
      дополнить Правила пунктом 117 следующего содержания:
      "117. Официальные документы и исходные материалы (данные) в сфере архитектуры, градостроительства и строительства, а также информация, содержащаяся в них, подлежит учету в электронном или бумажном виде в государственном градостроительном кадастре города Астаны по перечню, установленному соответствующими отраслевыми нормативными актами.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Председатель сессии
       маслихата города Астаны                      Н. Петухова

       Секретарь маслихата
       города Астаны                                В. Редкокашин