Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.03 N 432/58-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22 , 25 , 30-баптарын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде N 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 03 тамызда N 126 "Астана хабары", 2006 жылғы 08 тамызда N 120 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 24 мамырдағы N 381/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда N 468 болып тіркелген, 2007 жылғы 03 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 28 наурыздағы N 60/10-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-ІІІ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде N 528 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда N 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда N 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында :
Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларының 7-тармағы 6) тармақшасындағы "тиісті деңгей" деген сөздер алынып тасталсын және "Астана қаласының және тиісті деңгейдегі кадастр қызметінің басшылығы." деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ келесі мазмұндағы 12), 13) тармақшаларымен толықтырылсын:
"12) реттік нөмірлері жоқ ғимараттарға, құрылымдарға және басқа да объектілерге реттік нөмір беру";
13) "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізу және жинақтау";
59-тармақ келесі мазмұнда баяндалсын:
"59. Барлық инженерлік желілердің және олардың құрылыстарының, оның ішінде аумақты абаттандырудың атқарушылық түсірілімдері бір данада сәулет және қала құрылысы органдарына ұсынылады және мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметімен міндетті түрде Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізуге жатады. Атқарушылық сызбалар инженерлік желілердің немесе құрылыстардың паспорты болып табылады және салынып жатқан объектінің құралдық геодезиялық түсірілімдердің негізінде орындалған жоспарды және кескінді білдіреді.";
Ереже келесі мазмұндағы 117-тармақпен толықтырылсын:
"117. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ресми құжаттар мен бастапқы материалдар (деректер), сондай-ақ ондағы ақпарат бекітілген тиісті салалық нормативтік актілер тізімі бойынша Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрына электронды және қағаз түріндегі есепке алуға жатады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрайымы Н. Петухова
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин