"Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 23-291қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 568 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 23-1қ Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.05 N 23-1қ Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 558 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      7-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.".
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Әкім                                         И. Тасмағамбетов

О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-10п "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году"

Постановление акимата города Астаны от 31 марта 2009 года N 23-291п. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны 13 апреля 2009 года N 568. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 5 января 2010 года N 23-1п

     Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 05.01.2010 N 23-1п

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года № 23-10п "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 5 февраля 2009 года за № 558, опубликовано в газетах "Астана хабары" от 17 марта 2009 года, № 29; от 19 марта 2009 года, № 30; "Вечерняя Астана" от 28 марта 2009 года, № 37) следующее изменение:
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2009 года.".
      2. Государственному учреждению "Управление занятости и социальных программ города Астаны" произвести государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Акима города Астаны Рахимжанова A.M.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

       Аким                                         И. Тасмагамбетов