Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.05 N 23-1қ Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 558 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.".
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов