Астана қаласының саябақтары мен көпірлеріне атау беру туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 70 Қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 253/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 591 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Төмендегі саябақтар:
      N 1 Астаналық саябақ – "Астана";
      Тұран даңғылы, Д. Қонаев және Достық көшелері қиылысында орналасқан саябақ – "Ғашықтар";
      Орынбор мен Сарайшық көшелері қиылысында орналасқан саябақ – "Арай";
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" резиденциясы мен Бейбітшілік және келісім сарайы арасында орналасқан саябақ – "Президенттік саябақ";
      Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан саябақ – Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ;
      Бауыржан Момышұлы мен Мағжан Жұмабаев даңғылдары қиылысында орналасқан саябақ – "Жерұйық" деп аталсын.
      2. Төмендегі көпірлер:
      Сарыарқа мен Тұран даңғылдарын қосатын, Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Тұлпар";
      А. Бараев көшесі мен Қабанбай батыр даңғылын қосатын, Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Қараөткел";
      Желтоқсан көшесін қалалық саябақпен қосатын, Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі – "Серуен";
      Сарайшық көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Арқар";
      Орынбор көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Марал";
      Сығанақ көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Арыс";
      Л. Мирзоян мен А. Иманов көшелерін қосатын, Ақбұлақ өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Беласар" деп аталсын.
      3. Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      4. Астана қаласы әкімдігінің осы қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                        И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                              Н. Мещеряков

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                          В. Редкокашин

О присвоении наименований паркам и мостам города Астаны

Постановление акимата города Астаны от 14 сентября 2009 года N 70 и решение маслихата города Астаны от 18 сентября 2009 года N 253/38-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 14 октября 2009 года N 591

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 13 Закона Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» акимат города Астаны ПОСТАНОВИЛ и маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      1. Присвоить наименования:
      Столичному парку № 1 – «Астана»;
      парку, расположенному на пересечении проспекта Тұран, улиц Д. Кунаева и Достық – «Ғашықтар»;
      парку, расположенному на пересечении улиц Орынбор и Сарайшық – «Арай»;
      парку, расположенному между резиденцией Президента Республики Казахстан «Ақорда» и Дворцом мира и согласия – «Президенттік саябақ;
      парку, расположенному по проспекту Бауыржана Момышулы – парк имени Бауыржана Момышулы;
      парку, расположенному на пересечении проспектов Бауыржана Момышулы и Магжана Жумабаева – «Жерұйық».
      2. Присвоить наименования:
      автодорожному мосту через реку Есіл, связывающему проспекты Сарыарқа и Тұран – «Тұлпар»;
      автодорожному мосту через реку Есіл, связывающему улицу А. Бараева и проспект Қабанбай батыра – «Қараөткел»;
      пешеходному мосту через реку Есіл, связывающему улицу Желтоқсан с городским парком – «Серуен»;
      автодорожному мосту через реку Есіл по улице Сарайшық – «Арқар»;
      автодорожному мосту через реку Есіл по улице Орынбор – «Марал»;
      автодорожному мосту через реку Есіл по улице Сығанақ – «Арыс»;
      автодорожному мосту через реку Ақбұлақ, связывающему улицы Л. Мирзояна и А. Иманова – «Беласар».
      3. Акимам районов «Алматы», «Есиль» и «Сарыарка» города Астаны, Государственному учреждению «Управление архитектуры и градостроительства города Астаны» принять необходимые меры по реализации данных постановления и решения.
      4. Настоящее постановление акимата города Астаны и решение маслихата города Астаны вводятся в действие со дня их первого официального опубликования.

      Аким города Астаны                Председатель сессии маслихата
                                        города Астаны
      И. Тасмагамбетов                  Н. Мещеряков

      Секретарь маслихата
      города Астаны                     В. Редкокашин