Астана қаласының саябақтары мен көпірлеріне атау беру туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 70 Қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 253/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 591 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Төмендегі саябақтар:
      N 1 Астаналық саябақ – "Астана";
      Тұран даңғылы, Д. Қонаев және Достық көшелері қиылысында орналасқан саябақ – "Ғашықтар";
      Орынбор мен Сарайшық көшелері қиылысында орналасқан саябақ – "Арай";
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" резиденциясы мен Бейбітшілік және келісім сарайы арасында орналасқан саябақ – "Президенттік саябақ";
      Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан саябақ – Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ;
      Бауыржан Момышұлы мен Мағжан Жұмабаев даңғылдары қиылысында орналасқан саябақ – "Жерұйық" деп аталсын.
      2. Төмендегі көпірлер:
      Сарыарқа мен Тұран даңғылдарын қосатын, Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Тұлпар";
      А. Бараев көшесі мен Қабанбай батыр даңғылын қосатын, Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Қараөткел";
      Желтоқсан көшесін қалалық саябақпен қосатын, Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі – "Серуен";
      Сарайшық көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Арқар";
      Орынбор көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Марал";
      Сығанақ көшесі бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Арыс";
      Л. Мирзоян мен А. Иманов көшелерін қосатын, Ақбұлақ өзені арқылы өтетін автожол көпірі – "Беласар" деп аталсын.
      3. Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      4. Астана қаласы әкімдігінің осы қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                        И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                              Н. Мещеряков

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                          В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады