Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға түспеген).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіруге жататын Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 16-82қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 ақпанда № 562 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 21 нөмірінде, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 23 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен 2008 жылғы 10 желтоқсанда өткен селекторлық мәжілістің № 17-5/007-714 хаттамасының 1.6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетілген қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов