Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға түспеген).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 3-1-1866қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 желтоқсанда № 366 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 167-168 нөмірінде, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 162 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетілген қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов