"Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 3-1-1866қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 16-1229қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 614 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы N 06-178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға  түспеген).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 3-1-1866қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 желтоқсанда № 366 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 167-168 нөмірінде, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 162 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетілген қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                           И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады