Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/17 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 6 ақпанда № 3306 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.06.04 № а-6/243 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша беріліп отырған Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                               А. Рау

Ақмола облысы әкімдігінің
26 қантардағы 2009 жылғы
№ А-1/17 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың
ережелері 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ережелері (бұдан әрі - Ережесі) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрі - уәкiлеттi орган);
      3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер тарайды.
      4. Уәкілетті органдар жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастырудың тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушінің уәкiлеттi органмен жасасқан шарттың негізінде ұсыну немесе уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
      6. Уәкілетті орган жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыру жөнінде шартқа отырысады, онда тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақысының көлемі мен талаптары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      7. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушіні анықтайды.

3. Әлеуметтік жұыс орындарын қаржыландырудың көздері
мен жағдайы

      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін төлеу еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегі нақтылы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына жұмыс берушілердің жұмсаған шығындары жергілікті (аудан, облыстық маңызы бар қала) бюджет қаражаты есебінен алты айдан аспайтын мерзімде ең аз жалақының 50 пайызы мөлшерінде, жергілікті (аудан, облыстық маңызы бар қала) бюджетінде қарастырылған қаржы аясында төленеді.
      11. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай өткеннен кейін сақталуы мүмкін (жұмыс берушінің бастамасымен) және әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбегін төлеу бюджеттен қандай да бір өтеусіз-ақ жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил организации социальных рабочих мест в Акмолинской области

Постановление Акимата Акмолинской области от 26 января 2009 года № А-1/17. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 февраля 2009 года № 3306. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 4 июня 2009 года № а-6/243

      Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 4 июня 2009 года № а-6/243

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении в Республике Казахстан», от 23 января 2001 года «О занятости населения» акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации социальных рабочих мест в Акмолинской области.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бекмагамбетова Г.М.
      3. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области                                     А. Рау

Утверждены
постановлением акимата
Акмолинской области
от 26 января 2009 года
№ А-1/17

Правила организации социальных рабочих мест в Акмолинской области

1. Общие положения

       1. Настоящие Правила организации социальных рабочих мест в Акмолинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения» и определяют порядок организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) социальное рабочее место - рабочее место, создаваемое работодателем на договорной основе с местным исполнительным органом, для трудоустройства безработных из целевых групп с частичной компенсацией затрат работодателя на оплату их труда;
      2) уполномоченный орган - структурное подразделение местных исполнительных органов, обеспечивающее содействие в занятости населения и социальную защиту от безработицы на региональном уровне (далее - уполномоченный орган);
      3) целевые группы - группы лиц, установленные Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», как испытывающие затруднения в трудоустройстве и требующие социальной защиты.
      3. На безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, распространяются законодательные акты Республики Казахстан о труде, пенсионном обеспечении и страховании.
      4. Уполномоченные органы по вопросам занятости содействуют в трудоустройстве безработных из целевых групп населения на социальные рабочие места.

2. Порядок организации и трудоустройства на
социальные рабочие места

       5. Социальные рабочие места организуется путем предоставления или создания временных рабочих мест работодателями на основе договора с уполномоченным органом.
      6. Уполномоченный орган заключает с работодателем договор по трудоустройству безработных на социальные рабочие места, который должен содержать обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест.
      7. С целью обеспечения трудоустройства безработных на социальные рабочие места уполномоченный орган определяет работодателя, предлагающего организацию социальных рабочих мест.

3. Источники и условия финансирования социальных рабочих мест

      8. Оплата труда безработных, принятых на социальные рабочие места, осуществляется работодателем ежемесячно в соответствии с условиями трудового договора.
      9. Оплата труда безработных, на социальные рабочие места, производится за фактически выполненный объем.
      10. Расходы работодателей на оплату труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, возмещаются из средств местного (района, города областного значения) бюджета в размере 50 процентов от минимальной заработной платы на срок не более шести месяцев, в пределах средств, предусмотренных местным (района, города областного значения) бюджетом.
      11. Социальные рабочие места по истечении шести месяцев могут быть сохранены (по инициативе работодателя) и оплата труда безработных на социальных рабочих местах будет осуществляться из средств работодателя без какого-либо возмещения из бюджета.