Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жастарды мемлекеттік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № А-6/260 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
5-тармақтағы «ең төменгі еңбекақыдан аз емес көлемде» сөздері «ең төменгі айлық еңбекақыдан аз емес көлемде» сөздерімен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «үшін» сөзінен кейін «айына» сөзімен толықтырылсын.
2. «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № А-5/236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 маусымда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтағы «ең төменгі» сөздерінен кейін «айлық» сөзімен толықтырылсын;
4-тармақтағы «трансферттердің есебінен» сөздерінен кейін «бір қатысушыға айына» сөздерімен толықтырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі А.Рау